V. Қауіп/пайда қатынасын бағалау
Қауіп дәрежесі: жергілікті- құрғақтық,жарылулар,фотосезімталдық,гиперпигментация,экзема,диарея
Жүйелі: кардиотоксикалық әсер,сол жақ қарынша дисфункциясы,қан қысым жоғарлауы,гепатотоксикалық әсер.
Қауіптен қорғау: симптоматикалық ем,мониторинг сиякты процедураларды қолдану арқылы барынша төмендетіледі. Қауіптен қорғау мақсатында зерттелушілерді алдын ала үйрету, түсіндіру жұмыстарын жүргізу; емнен кейінгі ережелермен таныстырып, ақпарат бере отырып ақпараттық келісім алу.
Қатысушы үшін потенциалды пайда: Зерттелушілер сүт безі қатерлі ісігінен жазылуға немесе өмірін ұзартуға мүмкіндік алады.
Қатысушы үшін баламалар: Зерттелушілер немесе еріктілер зерттеуге өз еркімен қатыса алатыны туралы хабарланады. Егер зерттелуші немесе ерікті зерттеуге қатысудан бас тартса, оған қазіргі және болашақта көрсетілетін медициналық қызметтерге еш әсер етпейді. Егер зерттелуші зерттеуге қатысу туралы шешім қабылдаса, оның кез келген уақытта зерттеуге қатысудан бас тарта алады және оған қазіргі уақытта және болашақта медициналық қызметтер алуда қандай да бір шектеулер қойылмайды. Егер зерттелуші зерттеуге қатысуды тоқтату туралы шешім қабылдаса, ол туралы барлық мәліметтер жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |