Сазанбаев А. Сайкомова А. P- сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан науқастар І- таргеттік терапия


VI. Зерттеуге қатысушыны анықтау, қабылдау және келісімі



бет7/8
Дата11.05.2022
өлшемі16,17 Kb.
#142829
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сазанбаев Сайкомова Хаттама

VI. Зерттеуге қатысушыны анықтау, қабылдау және келісімі.
Зерттеуге 30-60аралығындағы адамдар алынады. Қатысушылар зерттеуге алынбас бұрын олардан міндетті түрде жазбаша алдын ала келісім алынады.
1. Қатысушыларды анықтау және жинақтау әдістері. Зерттеуге 60 адам қатысады. Зерттеушілер таңдамалы әдіспен таңдап алынады, бұл әдіс құпиялықты қамтамасыз етеді және күштеу қолданылмайды. Эксперименттік топ 30-60 жас аралығындағы адамдар. Бұл топты екіге бөліп, бірінші топка радикалды простатэктомия жүргізіледі, екінші топқа томотерапия. Зерттеуші дәрігер зерттелушіге қарау жүргізеді, лабораториялық және инструментальды тексеру жасайды. Зерттелушіні зерттеуге қатыстыру туралы шешім қабылдайды. Зерттелушіні зерттеуге қатысу туралы келісім алмас бұрын балама жолы-зерттеуге қатысудан бас тартуға болатыны туралы ескерту жүргізіледі.
Зерттеуші дәрігер зерттелушіге келесі мәліметтерді ұсыну керек:
-жоспарланған зерттеу жұмысында: алдын ала зерттеушілер туралы мәлімет жинақталады. Алынған сипаттама мен мөлшерлердің, арнайы сұраунама формасына толтырылып, кейін арнайы мәліметтер базасына жинақталады.
-ұсынылатын шаралардың пайдасы мен қаупі сипатталады, яғни зерттелуші қуық асты безі рагінен емделуге мүмкіндік алады.
-зерттелушіге зерттеудің барлық аспектілері түсіндірілгеннен кейін зерттеуші барлық жағдайлар жазылған жазбаша келісім алады.
Зерттелуші келіскен жағдайда "зерттеуге қатысу туралы ақпараттық келісімге" қол қояды.
2. Келісімді алу процесі. Зерттеуші дәрігер зерттелушіге қарау жүргізеді, тексеру жоспарын құрады. Зерттелушіні зерттеуге қатыстыру туралы шешім қабылдайды. Зерттелушіні зерттеуге қатысу туралы келісім алмас бұрын балама жолы - зерттеуге қатысудан бас тартуға болатыны туралы ескерту жүргізіледі.
Зерттеуші дәрігер зерттелушіге келесі мәліметтерді ұсыну керек:
-жоспарланған зерттеу жұмысында: алдын ала зерттеушілер туралы мәлімет жинақталады. Алынған сипаттама мен мөлшерлердің, арнайы сұраунама формасына толтырылып, кейін арнайы мәліметтер базасына жинақталады.
-ұсынылатын шаралардың пайдасы мен қаупі сипатталады
-зерттелушіге зерттеудің барлық аспектілері түсіндірілгеннен кейін зерттеуші барлық жағдайлар жазылған жазбаша келісім алады.
Зерттелуші келіскен жағдайда "зерттеуге қатысу туралы ақпараттық келісімге" қол қояды.
3. Түсінуі: Барлық зерттеушілер зерттеуге болжамды қатысушы субъектілердің немесе олардың өкілдерінің ақпараттық келісім элементтерін жеткілікті біліп, түсінгендігіне көз жеткізудің заңды және этикалық міндетіне ие.
4. Келісім нысандары: АК-нің алғашқы беті бөлімнің немесе институттың фирмалық бланкісімен мөрленуі қажет.
5. Келісімді құжаттау: Зерттеуге қатысуға ақпараттық келісім зерттеу жетекшісінің кабинетінде сақталады. Қорытынды есеп құжатына тіркеліп, университет мұрағатына тапсырылады.
6. Қатысу бағасы.
7. Қатысуға ақы төлеу: зерттелушіге ешқандай ақы төленбейді. Егер мүгедектік немесе өлімге әкелсе компенсация төленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет