Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет20/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Narxoz Student Research-2021

дықтан бұл бағдарламаны сəтті жəне аяқталған деп санауға бол-

майды.  Ауыл  тұрғындары  бағдарлама  қорытындысы  бойынша 

ауыз  суға  қол  жеткізе  алмағандарына  наразы  болды.  2002-2010 

жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасын іске асыру кезінде 

Қазақстан  мемлекеттік  шенеуніктер  тарапынан  қатты  шығынға 

ұшырады.  Бағдарламаны  іске  асыру  шеңберінде  бюджет  қара-

жатын  тиімсіз  пайдалану  жəне  сыбайлас  жемқорлық  схемалары 

фактілері  анықталды,  су  құбырларын  сапасыз  салу  жəне  рекон-

струкциялау жағдайлары анықталды, құрылыс жұмыстары кезінде 

белгілі  бір  нормалардың  бұзылуынан  қоршаған  ортаға  зиян  кел-

тірілді, техникалық жұмыстардың орындалу мерзімдері бұзылды, 

сондай-ақ ауыз судың сапасы мүлдем қамтамасыз етілмеді. Нəти-

жесінде  қоғамдық  наразылық  қоғамдық  бақылау  қозғалысының 

құрылуына əкелді. Бұл бағыттағы жетекші ұйымдардың бірі «Ан-

гел» қоғамдық бірлестігі болды. Аталған ұйым Қазақстанда сумен 

жабдықтау  бойынша  мемлекеттік  бағдарламалардың  қоғамдық 

мониторингімен  айналысады  жəне  қазіргі  «Ақ  бұлақ»  мемлекет-

тік  бағдарламасы  бойынша  нысаналы  аудандарға  шығу  монито-

рингтік сапарларын жүргізеді (Людмила Петровамен сұхбат, n.d.).. 

Осылайша 2011 жылға дейін аймақтарда ауыз суға қол жетімділік 

шектеулі деңгейде болып қала берді.

Мемлекеттің екінші мүмкіндігі «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдар-

ламасы негізінде жүзеге асырылып отыр. «Ауыз су» бағдарламасы 

аяқталғаннан  кейін  Қазақстан  өзінің  «екінші  мүмкіндігін»  қайта 

қолға алды жəне 2011 жылдан 2020 жылға дейінгі мерзімге 9 жыл-

дық  сумен  жабдықтау  жөніндегі  «Ақ  бұлақ»  жаңа  мемлекеттік 

бағдарламасын іске қосты. Бұл жолы мемлекет алғашқы «Ауыз су» 

бағдарламасынан  жіберілген  қателіктер  мен  сабақтарды  назарға 

ала отырып, бағдарламаны іске асыруға кірісті. Бағдарлама 2020 

жылдың соңына қарай Қазақстанның ауыл халқын сумен 85%-ға, 

қалалық  халықты  орталықтандырылған  сумен  жабдықтау  жүйе-

лерінен 100%-ға сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді көздейді. 

Бағдарламаға сəйкес инвестициялар мен қаржыландыру көлемі 

бірінші кезеңде шамамен 951 490,3 млн. теңгені (шамамен 2 млн 

450 мың АҚШ доллары) құрады, кейіннен қаржыландыру көлемі 

бірнеше есе ұлғайды жəне өсуді əлі де жалғастыруда. Кейінірек «Ақ 

бұлақ» бағдарламасы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі 

мемлекеттік бағдарламасына» жəне «Нұрлы жол» инфрақұрылым-



23



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет