Клиникалық жағдай №8
53 жастағы ер кiсi аурухананың қабылдау бөліміне келесi шағымдармен түстi: көкiрек сарайының оң бөлiгiнiң ауырсынуы, дене қызуының 390С дейiн көтерiлуi, қалтырау, тәулiгiне 300 мл дейiн iрiңдi қақырық тастап жөтелу.
Сұрастырғанда 2 апта бұрын су температурасы 120С өзенге шомылғаны, бiр күн өткен соң кеуде сарайының оң бөлiгiнiң ауырсынуы, дене қызуының 390С дейiн көтерiлуi, қалтырау, оған қоса ерiндерiне ұшық шыққаны анықталды.
Емханада жедел респирациялық ауруды, сонан соң пневмонияны емдеген. Қақырық мөлшері соңғы 3 тәулікте артқан. Анамнезiнде – алкогольдi жиi қолдану, ішінің жиі өтуі бар. Ауруы басталғаннан 12 тәулікте түсті.
Объективтi: жалпы жағдайы ауыр. Тері жамылғылары бозғылт, мойын аймақтарында саңырауқұлақшалық зақымданулар, қол, аяқ бастарының гиперпигментациясы бар. Тыныс жиiлiгi 29 минутына, кеуде сарайының оң бөлiгi тыныс актiнен қалулы, жауырын ұшынан төмен перкуссиялық дыбыс қысқарған, әлсiреген везикулалық тыныс негiзiнде үндi, түрлі калибрлі көпiршiктi ылғалды сырылдар естілді. Жүрек тондары әлсізденген, ырғақты. Пульсi минутына 100, ырғақты, АҚ 100/60 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 2 см төмен, шамалы ауырсынады, Де-Жарден нүктесінде де ауырсыну бар.
Қан анализiнде: эрит. 3,3х1012/л, Нв 121 г/л, ТК1,2. ЭТЖ 50 мм/сағ, лейк. 19,8х109/л, нейтрофильдердiң токсиндiк түйiршiктiлігi +++.
Қақырық анализінде – эластикалық талшықтар.
Несебiнде – белогі 0,2 г/л.
Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында: оң өкпесiнiң төменгi бөлiгiнде өлшемi 4х5 см қуыс анықталды. Қуыстың горизонталь деңгейi, перифокальді қабыну аймағы бар.
Жетекші симптом мен басқа клиникалық белгілеріне сүйеніп, басты синдромдарын нақтаңыз, олардың ерекшеліктеріне байланысты күдікті аурулар тізімін құрыңыз. Диагнозын болжаңыз, асқынуларына, ілеспелі дерттеріне көңіл бөліңіз.
Кеңеске мамандарды шұғыл шақырыңыз, жататын бөлімін нақтаңыз, ем жоспарын жазыңыз.
№8. Жауаптары:
1. Негізгі симптомы – көп мөлшерлі қақырықпен жөтелу. Жетекші синдромдары: өкпенің тығыздалуы мен өкпеде қуыс түзілу; алкогольге тәуелділік; ұйқы безінің зақымдалуы; диарея; гиперпигментациялы дерматит; гиперхромды анемия; қызба; бейспецификалық қабыну; интоксикация.
Болжам диагнозы:
Негізгі ауруы: Пневмониядан кейінгі өкпенің іріңді абсцесі, оң өкпенің төменгі бөлігіндегі, ауыр ағымды. (J85.1)
Асқ.: ТШI. Инфекциялық-токсиндік нефропатия.
Ілесп. (фондық?) ауруы: Созылмалы алкогольдік ауру. Созылмалы алкогольдік гепатит, созылмалы латентті панкреатит. Фоль қышқылы тапшылықты анемия. В тобы витаминдік тапшылық: пеллагра.
2. Шұғыл консилиум қабылдау бөлімінде өту керек. Консилиумге торакальді хирург, пульмонолог, жетекші кезекші дәрігер, нарколог, рентгенолог қатысу керек. Шешуші тәсіл – кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасы. Ем торакальді хирургия бөлімінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |