Сборник материалов ІІІ международной конференции



Pdf көрінісі
бет15/23
Дата12.04.2020
өлшемі2,69 Mb.
#62278
түріСборник
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
sciPaper84409 (1)


 
References: 
1.  Kamalova  D.K.  (2014).  Technology  of  using  communicative  tables  and 
charts in teaching foreign languages. Young scientist, 10, 534-536. 
2. Ryabtseva L.A. (2002). Using charts and tables on the lessons of the English 
language  as  the  key  to  successful  development  of  the  language  competence  of 
students. Retrieved from  
http://www.allbest.ru/

 
 
ЖИІЛІК СӨЗДІКТІҢ ТІЛДІ ОҚЫТУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ 
 
Медетбекова П.Т., Исмайлова Н.А. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
 
    В 
статье  рассматривается  возможность  частотного  словаря 
определить  словарный  запас  и  его  особенности  в  обучении  языку.  Также  в 
результате  исследования  частотного  словаря  в  настоящее  времяучитывая 
мнения о теоретической и практической значимости работ первых ученых в 
казахской лингвистике и с помощью современной технологии автор выявляет 
его эффективность в обучении казахскому языку.   

________ ______ ______ ______ __  
Сборник материалов ІІІ Международной конференции 
«АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ФИЛОЛОГИИ И МЕТОДИКИ ПРЕПОДАВАНИЯ 
ИНОСТРАННЫХ ЯЗЫКОВ: ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА» 
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
103 
 
In  the  article  the  possibility  of  the  frequency  dictionary  to  determine  the 
vocabulary and its peculiarities in teaching a language is considered. Also as a result 
of  the  research  of  the  frequency  dictionary  considering  the  opinions  on  the 
theoretical and practical significance of the works of the first scientists in the Kazakh 
linguistics and by means of modern technology the author reveals its effectiveness 
in teaching the Kazakh language. 
 
Бүгінгі  ХХІ  ғасырда  ақпараттық  технологияның  көмегімен  көптеген 
жаңалықтар мен зерттеулердің адамзат өміріндегі жетістіктері жайында айтып 
жеткізу  мүмкін  емес.  Айтқымыз  келіп  отырғаны  компьютерлік 
бағдарламалардың  көмегімен  бүгінгі  таңда  көптеген  ғылыми  жұмыстардың 
нәтижесі орасан. Солардың бірі өзге ұлттың мәдениетін, тілін үйрену бүгінгі 
таңда  аса  маңызды  деп  білеміз.  Оның  үстіне  Елбасымыздың  ұсынған 
«Үштұғырлы  тіл  саясаты»  бүгінгі  таңда  кеңінен  етек  жайып,  талапты 
күшейтудің нәтижесінде түрлі республикалық көлемде жобалар орындалуда. 
Өзге  елдің  мәдениеті  мен  тілін  үйренудің  арқасында  еліміздегі  қаншама 
халықаралық байланыстардың орнауы, өзге шет елден білім алып келіп жатқан 
жастарымыз немесе керісінше, бүгінгі таңда қазақ тілін үйренуге деген өзге 
ұлт  өкілдерінің  қызығушылықтары  күн  санап  артуда.    Тілді  оқытуда  тиімді 
әдіс-тәсілдерді  қолдану  мәселесі  қашанда  өзекті  екені  белгілі.  Осыған 
байланысты көптеген тіл зерттеуші ғалымдардың ғылыми және практикалық 
зерттеулері дәлел. Бұл мәселеге тіл білімінің қолданбалы бағытының тигізер 
септігі орасан. 
Бүгінгі  ақпараттық  технология  заманында  тілді  жеделдете  оқыту 
мүмкіндігі күннен күнге еселеніп отыр. Компьютерлік бағдарламаның көмегі 
арқылы тілді оқытудың мүмкіндіктері көптеп шешімін тауып келеді. 
Күн санап еліміздің Мемлекеттік тіл – ана тілімізге деген қызығушылық, 
тілімізді  үйренуге  деген  құлшыныстың  артуы  жайында  айтпай  кету  мүмкін 
емес.  Түрлі  жобалардың  арқасында  жер-жерден  тілімізді  үйренушілердің 
санының  артуы  өз  алдына,  осыған  байланысты  мамандардың  өзге  елдерге 
барып тілімізді, мәдениетімізді танытып жаттқанын да білеміз.  
Қазақ тілін оқытуда да жиілік сөздіктің аса қажеттілігі жайында отандық 
ғалымдарымыз  ерте  заманда  айтып,  нақты  зерттеулер  жүргізген.  Мысалы, 
Қ.Б.Бектаев,  А.Қ.  Жұбанов  сынды  өзге  де  ғалымдардың  еңбектерінде 
лингвостатистикалық  әдістердің  тілді  оқытудағы  тиімділігі  жайында  айтып 
өткен.  Айтпағымыз  жиілік  сөздік  тілдің  лексика-семантикалық  жүйесін, 
морфологиялық және синтаксистік құрылымы мен мәтіндердің стилистикалық 
ерекшеліктерін  объективті  түрде анықтайды. 
Ең  бастысы  кез  келген  тілдің  сөздік  қорын  анықтау  мәселесі 
компьютердің көмегімен жедел шешімін тауып, тілді оқытуда үлкен септігін 
тигізері анық. Сондықтан да жиілік сөздіктің қажеттілігінің бірден бірі екенін 
ескерер  болсақ,  тек  тілді  оқытумен  ғана  шектелмей,  сол  тілде  сөйлейтін 

________ ______ ______ ______ __  
Сборник материалов ІІІ Международной конференции 
«АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ФИЛОЛОГИИ И МЕТОДИКИ ПРЕПОДАВАНИЯ 
ИНОСТРАННЫХ ЯЗЫКОВ: ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА» 
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
104 
 
адамдардың  барлық  болмысы  мен  тарихы,  салт-дәстүрі  жайында  көптеген 
мәліметтер береді.  
Қазіргі  уақытта  тілтану  мен  әдебиеттану  ғылымында  тіл  мен  сөйлеу 
мәнерін үйренудің статистикасы жайлы бай тәжірибелер жинақталған. Мұнда 
тіл белгілері мен сипаттамаларының объективті мәндерін анықтау көзделеді. 
И.А.  Бодуэн  де  Куртенэ,    М.Н.  Петерсон,  Е.Д.  Поливанов  және  білімпаздар 
тілдік элементтерді сандық тұрғыдан бағалауға тырысқан. 
Кеңес  дәуіріндегі  П.М.  Алексеев,  Г.Г.  Белоногов,  М.Г.  Бород,                    
А.Н.  Гвоздев,  Б.Н.  Головин,  Р.Г.  Пиотровский,  Р.М.  Фрумкина  сынды 
тілтанушы  ғалымдар  тіл  біліміне  лингвистикалық  статистика  әдістерін 
қолдану мүмкіндіктерін зерттеп, құнды еңбектер жариялаған. 
Тілдік 
және 
сөйлеу 
стильдері 
арасындағы 
объективті 
айырмашылықтарды  терең  ғылыми  зерттеу  тілдік  құрылымның  көптеген  әр 
түрлі элементтері мен бірліктерін қамтитын статистика мәліметтерін кеңінен 
қолданбау мүмкін емес. Мүмкін тілдік стильдердің өздері  – қоғамның өмірі 
мен қызметінің әр түрлі жақтарына қызмет ететін және бір-бірінен ең алдымен 
тілдік  құрылымның  сол  бір  элементтері  мен  бөліктерінің  ықтималдық 
сипатымен ерекшеленетін тіл құрылымының қолданылуының негізгі типтері 
болуы мүмкін. Авторлық сөйлеу стильдері, сөз жоқ, көбіне әрбір автор үшін 
тұрақты әр түрлі тіл элементтері жиілігінің ара қатынасымен анықталады. 
Сондай-ақ  тілдің  әр  түрлі  элементтерінің  жиілігі  сөйлеу  ағынында 
қандай да бір статистикалық заңдарға бағынатындығы атап көрсетіледі. Міне 
сондықтан  тәжірибелі  жолмен  алынған  сөз  таптарының,    кейбір  сөйлем 
типтерінің,  етістік  формаларының  жиілігі  мен  ықтималдылығы,  туралы 
мәліметтер  әрбір  зерттелген  тіл  элементінің  жиілік  тербелісі  кейбір  орташа 
үлкендікке  жуық  екендігін  білдіреді,  оның  үстіне  бұл  тербеліс  әдетте 
статистикалық тұрғыдан заңды.  
Тіл көптеген өлшемдері бар көп деңгейлі күрделі жүйе болып табылады. 
Дәл  осындай  жүйеге  ықтималдық  теориясы,  математикалық  статистика, 
ақпарат  теориясы  және  тағы  басқалары  сөйлеуде  жиі  кездесетін  белгілі 
шарттармен  байланысты  кездейсоқ  тіл  құбылыстарының  статистикалық 
заңдылықтарын  қарастыруға  сүйенеді.  Егер  ауызша  және  жазба  тіл 
ағынындағы қандай да бір тілдік бірліктердің пайда болуын кездейсоқ оқиғаға 
жатқызуға  болатын  болса,  онда  статистикалық  зерттеуде  мұндай  жағдайлар 
ықтималдылығы  болуы  мүмкін.  Қазақ  тіл  білімінің  дамуы  сөздердің  тек 
фонетикалық, грамматикалық категориялары мен морфологиялық кластарын 
ескеріп қана қоймай, сондай-ақ тілдің барлық сөздік қорын әдеби аспектіде де, 
жалпы  тілдік  тұрғыдан  да  ескеруді  болжайды.  Бұл  орайда  мынадай 
ғалымдардың  М.  Балақаев,  Р.  Сыздық,  Н.  Уәлиев  пен  А.  Алдашева,  И. 
Ұйықбаев,  С.  Бизақовтардың  қазақ  тіл  мәдениеті,  тілдік  норма,  әдеби  тіл 
нормасының  қалыптасуы  мен  дамуы,  тілдегі  варианттылыққа  арналған  
еңбектерінде қарастырылады. 

________ ______ ______ ______ __  
Сборник материалов ІІІ Международной конференции 
«АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ФИЛОЛОГИИ И МЕТОДИКИ ПРЕПОДАВАНИЯ 
ИНОСТРАННЫХ ЯЗЫКОВ: ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА» 
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
105 
 
Ал,  профессор  Қ.  Жұбанов  «Қазақ  тілінің  грамматикасы»  (1936) 
еңбегінде: «Дыбыстың саны бар да, сапасы бар. Дыбыстың сапасы бірдей бола 
тұрып,  саны  әлденешеу  бола  береді.  Бір  тілде  жұмсалатын  дыбыстардың 
жалпы санының ұшы-қиыры жоқ, бірақ оның бәрінің бірдей сапасы әр түрлі 
бола  бермейді.  Сапасы  әр  түрлі  болатын  дыбыстар  да  көп  болмайды».  Сол 
сияқты  «Ілиястың  небәрі  12  жол  «қойшы  ойы»  деген  кішкене  өлеңінде  488 
дыбыс бар. Бірақ 488 дыбыс түрлі емес, мұнда небәрі 28-ақ түрлі дыбыс бар. 
Осы  28  түрлі  дыбыстың  бірі  10;  бірі  50  рет  қайталанып  барып  488  болған. 
Қазақ  тілінде  де  сапасы  әр  түрлі  болатын  дыбыстардың  арнаулы  саны  бар»  
деген  пікірі  «әліпби  құрамына  енуге  тиісті  әріптердің  санын  қазақ  тіліндегі 
белгілі  бір  фонеманы  іс  жүзіндегі  қажеттігіне,  оған  деген  ділгірлікке, 
қолданыс жиілігіне бағындыра отырып белгілеуді мақсат тұтқанын көрсетеді» 
[1]
.   
Тәжірибеге  сүйенетін  теориялық  пікірлер  морфологияның  көптеген 
құбылыстарының  сәтті  статистикалық  зерттеулері  үшін  500  немесе  250 
атауыш сөздер іріктеу жеткілікті және ыңғайлы деп айтуға мүмкіндік береді 
(егер сөз табы зерттелетін болса); біз өз зерттеуімізде дәл осындай көлемдегі 
іріктеуді  (бірақ  тек  бұл  ғана  емес)  қолдандық.  Іріктеуге  мәтіннің  барлық 
сөздерін  бірінен  кейін  бірін  енгізу  керек  пе,  немесе  оларды  біртіндеп, 
шығарманың әр жерінен алу керек пе деген сұраққа  ғалымдар айқын жауап 
береді:  сұрыптау  жаппай  болуы  керек,  яғни  белгіленген  ұзақтықтағы  мәтін 
бөлігі болуы тиіс. Тек осындай сұрыптаулар ғана статистикалық заңдылықтар 
туралы сенімді ақпарат бере алады. Мүмкіндігінше бұл сұрыптаулар бірыңғай 
болуы  тиіс:  мәтіннің  бірыңғайсыздығы  (жанрлық,  стильдік,  мазмұндық)  өте 
үлкен  жиілік  тербелісін  береді,  сөйтіп  бізге  статистикалық  заңдылықтарды 
табуға мүмкіндік бермейді. 
Б.Н. Головиннің зерттеуінде былай деп көрсетіледі: “жекелеген авторлар 
стилінің қалыптасуына сөз таптары тым абстрактілі және инертті деп ойлау 
қабылданған.  Алайда  сандар  керісінше  айтып  тұр.  Әлбетте  сөз  таптарының 
публицистикалық,  іскери,  ғылыми,  көркем  әдебиет  стильдері  секілді 
функционалдық-тілдік стильдердің қалыптасуында рөлі өлшеусіз өседі” [2, 7]. 
Тіл білімінде сандық әдісті қолдану ең алдымен мәліметтердің дәлдігіне, 
нәтижелердің  шынайылығына  қол  жеткізуге  көмектеседі,  лингвистикалық 
зерттеуге іргетас болуға мүмкіндік береді және қазіргі таңда ең негізгісі қазақ 
тілін  оқытуда,  тілді  үйренушілерге  ауызекі  сөйлеу  стилін  мүмкіндігінше  аз 
уақытта меңгеруіне тигізер көмегі орасан. Мысалы жағдаяттық тақырыптарға 
қажетті  негізгі  минимум  сөздерді  анықтауда  сандық  әдістердің,  жиілік 
сөздерді  қолданудың тиімділігі анықталған. 
Орыс тіліндегі ең жиі сөздердің құрамы әр түрлі дереккөздерде біркелкі 
болмауы үлкен ғылыми қызығушылық туғызады.  
Ал, 2016 жылдан «Қазақ тілінің ұлттық корпусын жасау және әзірлеу» 
жобасын орындау барысында  құрылған жиілік сөздіктердегі сөздердің қазақ 

________ ______ ______ ______ __  
Сборник материалов ІІІ Международной конференции 
«АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ФИЛОЛОГИИ И МЕТОДИКИ ПРЕПОДАВАНИЯ 
ИНОСТРАННЫХ ЯЗЫКОВ: ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА» 
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
106 
 
тілін  оқытуда  тигізер  септігі  орасан  деуге  болады.  Зерттеушілердің 
тұжырымдары бойынша бала қазақ тілінде сөйлеу үшін сөздік қоры 3 000 – 
5  000  сөзді  құруы  тиіс  деген  мамандардың  пікірі  бар.  Осындай  нақтылық 
болса,  ендеше  әрбір  тіл  ішіндегі  стильдерге  қатысты  сандық  талдаулар 
жүргізіп, жиілік сөздік жасау аса маңызды. 
Жоғарыда атап өткен жоба бойынша бүгінгі таңда А. Байтұрсынұлы ат. 
Тіл білімі  институты мен әл-Фараби ат.ҚазҰУ-ті оқытушыларының бірлесе 
атқарып жатқан жұмыстарының бастапқы нәтижелері бойынша, жалпы саны 
354639  сөздікформалары,  оның  ішінде:  ғылыми,  іскери,  көркем, 
публицистикалық  ауызекі  сөйлеу  және  т.б.  мәтіндер  бойынша  анықталғаны 
расталып отыр. Әлі де болса зерттеліп отырған үлкен жобаның алдағы уақытта 
қазақ тілінің жиілік сөздігінен үлкен үміт күтілуде.  
Қорыта  келе,  қазақ  тілін  деңгей  бойынша  оқытуда  тіл  білімінің 
қолданбалы бағытының тілдің табиғатын тарихи және сипаттамалы тұрғыда 
зерттеп қана қоймай, оқытуда да тигізер септігі орасан. 
 
Әдебиеттер
1. 
Жұбанов 
А.Қ. 
Қолданбалы 
линвистика: 
қазақ 
тілінің 
статистикасы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 209 б.; 22-б. 
2. 
Головин Б.Н. Язык и статистика.  – М.: Просвещение, 1971. – С. 18. 
 
 
 
ТІЛДІК САНАДАҒЫ КЛИШЕЛІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ  
ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ 
 
Мәмбетова М.Қ., Медетбекова П.Т. 
Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті 
Мәмбетова А.Қ. 
Жаңатас көпсалалы колледжінің мұғалімі 
 
В статье рассматриваются стандартизированные языковые конструкции 
официально-делового  стиля  казахского  языка.  Автор  выявил  типологию 
клишированных 
языковых 
конструкций, 
классифицировал 
и 
систематизировал  структуру  стандартизированных  официально-деловых 
клише, активно функционируемых в делопроизводстве.  
The  article  are  observed  the  standardized  language  constructions  of  the 
former-business style of the Kazakh language. The author identified a typology of 
the  clichéd  language  constructions,  classified  and  systematized  structure  of  the 
standardized  official-business  cliches,  functioning  actively  in  the  business 
correspondence. 
 

________ ______ ______ ______ __  
Сборник материалов ІІІ Международной конференции 
«АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ФИЛОЛОГИИ И МЕТОДИКИ ПРЕПОДАВАНИЯ 
ИНОСТРАННЫХ ЯЗЫКОВ: ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА» 
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
107 
 
Ресми-іскери  стиль  ішіндегі  іс  қағаздарынан  жинақталған  клише 
тұлғаларын  сұрыптап  талдау  нәтижесінде  сөз  тіркесі  клишелері,  сөйлем 
клишелерінің болатыны анықталды. Ресми-іскери стильдің жанрлық түрлері 
саналуан, бұған қарамастан олардың барлығы жоғары дәрежеде клишеленген 
болып келеді, дәл осы клишелік жанрларды біріктіретін ортақ қасиет болса, 
ресми-іскери стиль үшін даралаушы белгі болып табылады. Клишелік ресми-
іскери стильдің лексика, морфология, синтаксис секілді барлық деңгейлерін 
қамтиды. 
Сөз  тіркесі  клишелері  тілдік  формулалардың  бір  типі  қайталанатын 
жағдаяттарда  қолданылатын  тілдік  құралдарды  бірыңғайлау  нәтижесінен 
туындаған деуге болады. Сөз тіркесі клишелерінің мәтіндегі бір қызметі типтік 
мазмұнды  білдіру  болып  табылады.  Сондай-ақ  олар  құжатқа  құқықтық  күш 
беретін  мәтіннің  маңызды  бөлігін  құрайды.  Тіркескен  клишелер  арқылы 
мәтіннің  түрін  де  бірден  айқындауға  болады,  мысалы,  міндеттеме 
жүктелсін, кезектен тыс демалыс берілсін тіркестері арқылы мұның бұйрық 
құжатына  тиесілі  екендігін  аңғарамыз.  Іскери  тілде  кездесетін  сөз  тіркесі 
клишелерінің  тағы  бір  қызметі  сөйлеу  орамын  қабылдау  үдерісімен 
байланыстырылады.  Бір  сөз  тіркесінің  мәтінде  көп  рет  қайталанып  келуі 
адресатқа  ақпаратты  тез  қабылдауға  мүмкіндік  береді.  Ресми-іскери  клише 
тұлғаларының  ішінде  ең  жиі  ұшырасатыны  –  сөз  тіркесі  клишелері. 
Клишелілік табиғатын ескеретін болсақ, бұл заңды да. Сөз тіркестері сөйлем 
құрайтын материал болып табылатындықтан және олар толық мағыналы екі 
немесе  одан  да  көп  сөздерден  тұратындықтан,  іскери  тілде  де  мағыналы 
тіркескен  күйінде  қабылданады.  Әрине,  тіркескен  клишелер  ресми-іскери 
тілде бірден қалыптаса қойған жоқ және олардың қатып қалған қағидасы да 
болмайды, оларға өзгермелілік, орын ауыстыру, құрамының толығу не кему 
қасиеттері тән.  
Сөз  тіркесі  клишелері  әдетте  екі  компонентті  болып  келеді,  дегенмен 
материалды сұрыптау барысында күрделене тіркесетін клишелердің молырақ 
кездесетіндігі байқалды. Мұны ресми-іскери клишелерінің даму нәтижесінің 
бір қыры деуге де болады. «... сөз тіркесінің қазіргі жүйесі – тілдің ғасырлар 
бойы  дамып-жетілуінің  жемісі.  Ол  тіліміздің  даму  барысында  сөз  қолданыс 
тарихымен  байланысты  қалыптасқан.  Лексикалық  құрамы  байып, 
синтаксистік  құрылыс  жетілген  сайын  сөздердің  тіркесу  қабілеті  де  арта 
түседі»  [1,  10  б.].  Күрделі  тіркес  клишелері  тілде  дайын  болса, 
құрастырылатын  құжат  жартылай  дайын  деген  сөз,  уақыт,  күш-жігер 
үнемделеді.  Сөз  тіркесі  клишелерінен  сөйлем  клишелеріне  дейін  қалыпқа 
түсуі стандартталу нәтижесі: сөз тіркесі клише → сөйлем клише. 
Тіркес клишелері ресми-іскери тілде тіркесу, жұмсалу дәрежесіне қарай 
анықталды.  Айталық  ресми-іскери  тілде  өзара  тіркесіп  қолданылатын 
мынадай  клишелер  бар:  кезекті  демалыс,  кезектен  тыс  мәжіліс, 
жиналыстың күн тәртібі, бұйрықтан үзінді, кезектен күттірмейтін мәселе, 

________ ______ ______ ______ __  
Сборник материалов ІІІ Международной конференции 
«АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ФИЛОЛОГИИ И МЕТОДИКИ ПРЕПОДАВАНИЯ 
ИНОСТРАННЫХ ЯЗЫКОВ: ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА» 
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
108 
 
мәселе  қаралды,  ұсыныс  қабылданды,  күшіне  енгізілді,  заңға  байланысты, 
талаптарға  байланысты,  басқа  жұмысқа  ауысуыма  байланысты,  отбасы 
жағдайыма  байланысты,  денсаулығыма  байланысты,  нормативтік 
актілерге  сәйкес,  штаттық  кестеге  сәйкес,  үкімет  қаулысына  сәйкес, 
келісімшартқа сәйкес, шарт негізінде, өз өкілеттігі шегінде, зор еңбегі үшін, 
қаулыны орындау үшін т.б. 
Тіркес  клишелерінің  құрамы  мен  құрылымы  әркелкі.  Дегенмен  анық 
байқалатын құбылыс – оларды есімді, етістікті клишелер тобына сыйдыруға 
болатындығы. Олардың ішінде етістікті клишелердің көп кездесетіндігін айта 
кету  керек.  Сонымен  қатар  шылаулы  клишелер  деп  аталатын  бір  тобын 
ажыратуға болады. Мұны іскери клишелерінің өзіндік ерекшелігіне жатқызуға 
болады.  Стильдің  дәлдік  пен  нақтылықты  талап  етуінің  өзі  де  оның  тілінен 
көрінеді. Ресми-іскери стильдегі ақпараттың дәл берілуі онда кездесетін есімді 
клишелермен  тығыз  байланысты.  Алайда  салыстырмалы  түрде  етістікті 
клишелердің  көптігі  жоғарыда  айтылды.  Жалпы  тілде  сөз  тіркесін  құрауда 
етістіктердің жоғары қабілеттігі айқындалған. 
Сонымен  ресми-іскери  тіркес  клишелерінің  құрамдық-мағыналық, 
құрылымдық  ерекшеліктеріне  қарай  есімді  клишелер,  етістікті  клишелер, 
шылаулы клишелер деген үш тобын бөліп қарастырамыз. 
І  Есімді  клишелер:  берілген  күні,  жұмыс  істеген  жылдары,  отбасы 
жағдайы,  толтырылған  уақыты,  өтініш  иесі,  қаралған  мәселе,  кезекті 
демалыс,  кезектен  тыс  демалыс,  шатттық  кесте,  материалдық  көмек, 
жұмысқа  қабылдау  туралы  бұйрық,  жиналыстың  күн  тәртібі,  жоғары 
білімді  маман,  орталық  атқарушы  орган,  жергілікті  орган,  жеке  еңбек 
келісімі,  басқару  жүйесі,  ақша  айналымы,  құқық  негіздері,  өкілетті  орган, 
қүұқық қорғау органдары, іс қағаздары, кезек күттірмейтін мәселе, құзырлы 
өкімет және т.б. 
Тіркескен клишелердің құрамына қарайтын болсақ, олардың негізінен: 
а) зат есім мен зат есімнің (отбасы жағдайы, куәлік нөмірі, жұмыс орны, күн 
тәртібі, үкіме қаулысы, еңбек тәртібі, ақша айналымы, құқық негіздері); ә) 
сын  есім  мен  зат  есімнің  (тұрғылықты  жері,  заңды  мекен-жайы,  құзырлы 
өкімет,  өкілетті  орган,  жоғары  білім,  кезекті  демалыс,  ғылыми  дәреже, 
штаттық кесте, әлеусеттік жағдай, материалдық жағдай); б) есімше мен 
зат есімнің (берілген күні, толтырылған уақыты, жұмыс істеген жылдары, 
оқыған  жылдары,  қаралған  мәселелер,  белгіленген  тәртіп,  жүктелген 
тапсырма,  атқарылған  іс-шаралар,  аталған  мәселе)  қабыса  байланысуы 
арқылы жасалатынын байқауға болады. 
ІІ Етістікті клишелер: кепілдік беру, қолхат беру, виза қою, бұрыштама 
соғу, бірауыздан дауыс беру, бірауыздан мақұлдау, материалдық көмек беру,  
толықтырулар енгізу, өзгертулер енгізу, жұмысқа қабылдау, тапсырыс беру, 
келісімшартқа отыру, қызметіне тағайындалсын, орындауға міндеттелсін, 
рәсімделуі  қатаң  қадағалансын,  атағы  берілсін,  жауапкершілік  жүктелсін, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет