Сборник материалов международной научно-практической конференции посвященной 75-летию д ф. н., профессора Абдул-Хамид Мархабаева «современные технологии подготовки



Pdf көрінісі
бет10/29
Дата19.02.2020
өлшемі2,97 Mb.
#58382
түріСборник
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
thesis11798


.............................................. 
1.
 
Религия//
http://ru.wikipedia.org/wiki/Религи
я 
2.
 
В 
священном 
итальянском 
городе 
Ассизи 
прошла 
юбелейная 
межрилигиозная 
встреча.  
http://newsru.com/religy/28oct2011/assizi2.html
 28 октябрь,2011 
3.
 
Астана  встречает  лидеров  мировых  религи//  Культура
http://www.unesco.kz/new/ru/unesco/news/2659
 
28 мая, 2012 
4.
 
Астана 
– 
проводник 
духовной 
гармонии 
в 
мире
http://www.religions-
congress.org/content/view/346/35/lang,russian/
 
5.
 
Послание 
Президента 
Республики 
Казахстан 
Н.А.Назарбаева 
народу 
Казахстана.27.01.2012.
http://portal.mfa.kz/portal/page/portal/mfa/ru/content/reference_info/messages/message2012
  
6.
 
Президент  Казахстана  открыл  IV  Съезд  лидеров  мировых  и  традиционных  религий  в  Астане.  
http://www.bnews.kz/ru/news/post/ 80819/
. 30 мая,2012. 
7.
 
Аннотированная  повестка  IV  Съезда  лидеров  мировых  и  традиционных  религий 
http://www.religions- 
сongress.org/content/view/342/60 /lang, russian/
.  
8.
 
IV 
Съезд 
мировых 
и 
традиционных 
религий
http://www.liter.kz 
/index. 
php?option=com_content&task=view&id=9983
. 01 июня, 2012. 
9.
 
В  Астане  проходит  IV  Съезд  лидеров  мировых  и  традиционных  религий
http://www.kp.kz/society/101-
2011-11-27-10-54-37/856--iv-.     31 мая,2012
.  
10.
 
 В 
Астане 
открылся 
IV 
Съезд 
лидеров 
мировых 
и 
традиционных 
религий
http://www.pm.kz/news/show/31/v-astane-otkrylsja-iv-sezd-liderov-mirovyh-i-traditsionnyh-religij/30-05-
2012?lang=ru
. 30 мая,2012.  
11.
 
Аннотированная  повестка секционных  заседаний  I  Съезда  лидеров  мировых  и  традиционных  религий
http://www.religions-congress.org/content/view/193/34/lang,russian/
 1 июля, 2009.  
12.
 
Второй  Съезд  лидеров  мировых  и  традиционных  религий  в  Астане
http://www.religions-
congress.org/content/view/21/33/lang,russian/
. 12 сентября, 2006 г
13.
 
Кинжибаева  Г.  Традиция  диалога  между  конфессиями// 
http://www.zakon.kz/214299-tradicija-dialoga-
mezhdu-konfessijami.html
. 13 мая, 2011г
14.
 
Қайрат  Лама  Шариф:  Ислам  –  религия  единства,  мира  и  добра
http://kazpravda.kz/c/1312938199
.  10 
августа, 2011г
15.
 
Сегодня  глава  государства  Н.Назарбаев  выступил  на  заключительной  сессии  IV  Съезда  лидеров 
мировых и традиционных религий.  
http://www.kisi.kz/site.html?id=9171
. 31 мая, 2012г.  
16.
 
Патриарх  Московский  и  всея  Руси:  Молодежь  стала  участником  глобального  эксперимента
http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/215013/
.  30 мая, 2012 
17.
 
ПРОГРАММА  IV  Съезда  лидеров  мировых  и  традиционных  религий 30-31  мая  2012  гг.Астана
http://zhurik.kz/programma-iv-sezda-liderov-mirovyx-i-tradicionnyx-religij/
  
18.
 
Афоризмы автора Абдул-Баха
http://letter.com.ua/Abdul-Baha_1.html
 

76 
 
Бейсенбаев
 Ж.Т.,  э.ғ.к.,аға оқытушы,  
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАСЫЛЫМДАР ШЫҒАРЫЛУЫНЫҢ  
КЕЙБІР ҒЫЛЫМИ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ 
 
Баспасөз- халық арасында  əр  түрлі  ақпараттар  тарата  отырып,  қоғамдық  пікір 
қалыптастыруға,  саяси  жұмыстар  жүргізуге,  мемлекеттің,  əлеуметтік  топтардың  не 
жекелеген  тұлғалардың  мүдделі  мұраттарын  танытуға  қызмет  жасайды.  Олар  шығармалық-
өндірістік 
үдерістердің 
ұйымдастырылу 
ерекшеліктеріне, 
тақырыптық-мазмұндық 
бағыттарына,  əкімшілік-аумақтық  бөлініс  деңгейлеріне,  оқырмандар  аудиториясының 
сипатына, тағы басқадай негізгі белгілеріне қарай бірнеше түрлерге сыныпталады. Мерзімді 
баспасөздің  ең  негізгі  əрі  ежелгі  түрлерінің  бірі  -  газет  болып  табылады.  Қағаз  өндірісінің 
дамып,  полиграфиялық  технологияның  бастапқы  тəсілдерінің  жетілдірілуіне  байланысты 
Батыс Еуропада (Германияда -  1609  жылы, Ұлыбританияда -  1622  жылы, Францияда -1631 
жылы)  алғашқы  газеттер  шыға  бастады.  Ал,  қазақ  тіліндегі  алғашқы  мерзімдік  басылым  - 
1870  жылы Ташкент қаласында  жарық  көрген  «Түркістан  уəлаятының  газеті».  Баспасөздің 
екінші  түрі  -  мерзімсіз  басылымдарға  кітаптар,  кітапшалар,   плакаттар,   күнтізбелер,  
ноталар,  тағы  басқалар  жатады.  Оның  ең  негізгі  əрі  көне  түрі  -  кітап.  Кітап  басу  ісі  8  -  9 
ғасырларда Қытайда басталды.  Республикадағы  Баспасөз  жүйесінің  қызметі  Қазақстан 
Республикасының    «Бұқаралық  ақпарат  құралдары  туралы»заңымен  реттеледі.  Елдегі 
басылымдар  елдің  ресми  өмірі  мен  бейресми  өмірін  ұштастыратын  қағаз  құралы  болып 
табылады.  Өзекті  мəселе  ретінде  газет,  журнал  т.б    басылымдар  мемлекетке  қажетті  тарих 
парақтары  саналады,  бұл  ақпараттар  белгілі  мерзімге  дейін  əрбір  мемлекеттік  мекемелерде 
сақталып  отырады.  «Көсем  сөз  күндегі  мəселе  жайын  сөйлейтін  сөз  болған  соң,  кезіндегі 
шығып  тұрған  газет-журнал  жүзінде  шығады»  -  деген  Ахмет  Байтұрсынов  тұжырымына 
байыппен  қарайтын  болсақ,  біздің  əңгімемізге  өзек  болып  отырған  публицистика  мерзімді 
баспасөз  бетінде  жарық  көргеннен  кейін  ғана  өз  күшіне  енеді.Қазақ  баспасөзінің  тарихын 
зерттеуші Х. Бекхожин  «Түркістан уалаятының газетінің» нендей мақсатпен шыққандығын 
дəл  айқындап  берді:    «Бұл  газеттер  қазақ  халқының  қамын  ойлап  оның  əлеуметтік-
шаруашылық  жəне  мəдени-ағарту  тілектерін  ескергендіктен  шығарылған  жоқ,  патша 
үкіметінің  отаршылдық  саясатын  күшейте  түсу,  оның  бұйрық-жарлықтарын  жергілікті 
халықтардың  ана  тілінде  жариялап,  сөзсіз  орыңдаттыру,  сондай-ақ  оның  ресми 
көзқарастарын  халық  арасына  кең  таратып,  қол  астындағыларды  шексіз  бағындырып  ұстау 
мақсатын  көздеді.«Егемен  Қазақстан»  жəне  тағы  басқа  баспалар  мемлекеттік  императивтік 
біржақты  заңдарды  немесе  қаулылыры  қағаз  бетіне  шығарып,  халықты  ақпараттандырып 
отырады.  Қазақстандағы басылымдар  өте көп, олар əлеуметтік сала-салаға жіктеліп əртүрлі 
бағыт  бойынша  қоғамды  зерттейді  жəне  сол  ақпарат  көздерін  мерзімдік  уақыт  бойынша 
халыққа таратып отырады. 
Тіпті, газеттің қазіргі жаһандану заманында орны  ысырылып отыр, себебі жаңа заманауи  
ғаламтор пайда болуына байланысты газет, журнал, кітап парақтарын түгендейтін, ғылымға 
ден қоятын адамдар саны азаю үстінде. Басылымдар шығару жəне тарату қазіргі таңда қысқа 
сөзбен айтқанда тікелей мемлекеттік қолдауға зəру сала болып отыр. Əлеуметтік қоғамның 
дамуы,    демографиялық    жағдайын  өсуімен  байланысты  қоғамда  жастар  арасында  қағаздан 
оқу,  қолмен  жазу  екінші  орынға  көшу  үстінде.  Меммлекеттің  қабылдаған  бағдарламасына 
сəйкес жаппай білім беру саласын электронды аппарат көмегімен  жүргізу  болашақта газет 
атаулының  жоғалуы  мүмкін  деген  пайымға  бағыттайы.  Газет  басылымдары  ерте  заманның 
ақпарат тарату көзі болса, қазіргі дамыған нарықтық заманның газеті ғаламтор болып отыр. 
Бір артықшылығы басылымда басылған еңбектер ойы қортылған , жан-жақты қарастыратын 
мəселесі сол уақыттағы заманға сай болғандықтан,  оны заман дамуына сəйкес тарих ретінде 
сақтау  өте  маңызы.  Электронды  үкіметте  электр  қуаттары  таусылған  жағдайда,  бір  сəт 

77 
 
болмасын  қағаз  беттерінен  ақпарат  алу  нақты  кепілдік  болып  саналады.  Артықшылығы: 
интернет көздерінде мəліметттер əр жақты шашыранды, ал салалық құрылымға бағытталған 
саяси немесе т.б газет, журналдар белгілі саланы қамтып кеңейтіп қарастырады.  Əлеуметтік 
тиімділігі  жағынан  газет,  журнал  қарау    денсаулыққа  біршама  пайдалы  компьютерден 
қарағанда.  Телевидения  саласының    ауызша  жаңалықтарын    жазбаша  түсіндіріп,  буынын 
тарқататын  басылымдардың  қызметі  қоғам  пайдасы  үшін  мол  болып  табыдады.  Құқықтық  
бюракратиялық  жүйені  реттеудегі  де  қызметтерді  басылым  арқылы  халыққа  жариялап, 
құжаттың  заңдық    күшін  жою  үдерістері  де  газет  арқылы  іске  асады.Қазақстан 
Республикасында  басылымдар  шығарылымының  бірқатар  маңызды  мəселелері  бар.  Оларға 
мынадай мəселелер жатады: 
1.
 
Баспа ісінің полиграфиялық базасы; 
Шығып  жатқан  баспа  полиграфиялық  өнімдер  қағаз,  бояу,  картон  жəне  тағы  с.с. 
материалдарды  қажет  етеді.  Бұл  материалдардың  көбі  дерлік  импортпен  əкелінеді. 
Сондықтан  олар  өз  елімізде  өндірілсе,    полиграфиялық  өнімдердің  құны  əлдеқайда 
төмендейтін еді. 
2.
 
Газет, журнал таралуының мəселесі; 
3.
 
Баспа  өнімдерінің  қазіргі  кезеңдегі  қамтыған  ғылыми  өзекті  тақырыптары  мен  мəн-
мазмұндарының маңыздылығы; 
4.
 
Авторлық құқықтардың толықтай сақталмауы; 
Қазақстандағы  басылымдардың  кейбір  ғылыми  өзекті  мəселелері  жоғарыда    қысқаша 
тарихымен жан-жақты қарастырылып өтті, оның қазіргі қоғамдағы ғылыми өзектілігі, мақсат 
-  мұраттары,  аймағы,  маңыздылығытұтастай  қарастырылды.  Дегенмен,  қалыптасқан  тарих, 
қағида,  ұстаным    бойынша  «Газет  халықтың көзі,  һəм  құлағы»  деп  ата-бабаларымыз  айтып  
кеткендей  өткен  қилы  заманның  естеліктерін  жою  дұрыс  емес  тұжырым  ретінде  саналады. 
Осыған  байланысты,  мүмкін  біраз  жыл  ішінде  Қазақстанда  баспа  мəселесі  бойынша 
мемлекет  тарапынан  ғылыми  тұжырымдалған  бірқатар  арнайы  бағдарламалар  қабылданып, 
соның  негізінде  оңды  шаралар,  игі  істер  жасалып,  өз  шешімін  ойдағыдай  табады  деп 
үміттенеміз.  «Баспа  ісі»,  «Кітапхана  ісі»,  «Полиграфия»деген  мамандықтар  бойынша  заман 
талабына  сай  сапалы  əрі  білімді  кадрлар  болады  деп  күтеміз.  Əрине  ол  мемлекетке  тікелей 
байланысты, əсіресе қаражат жағынан... 
 
 
 
Болатова
 Жаннұр 
Баспа ісі жəне дизайн кафедрасының 4-курс студенті 
 
PROSETTER-74 CtP ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ 
 
Prosetter  74    сериялы  CtP  жүйесі  баспаханаға  басуға  дейінгі  процесті    дайын  формалық 
пластина  шығарумен  аяқтауға  мүмкіндік  береді.  Мұндай  технология  макет  жұмысының 
аяқталуы  мен  таралымды  басудың  басталуы  арасындағы  уақыттың  азаюын    қамтамасыз 
етеді,  қолмен  монтаж  жасаудағы  қателіктер  жəне  көшірудегі  қателіктер  болмайды,  келтіру 
сапасын жақсартады, нəтижесінде дайын өнім сапасының артуына жəне құнының төмендеуін 
қамтамасыз етеді. 
Бұл модель құрамында күмісі бар жарықсезгіш қабаты бар алюминий пластинаға жазуға 
арналған.    Heidelberg  фирмасының    Prosetter    74  құрылысы  ішкі  барабанды  фототеру 
аппаратының  схемасы  бойынша  құрастырылған.  Көшіру  процесі  кезінде  пластина  вакуум 
көмегімен  белгіленеді,  ал  жазу  толқын  ұзындығы  410  нм  болатын  лазер  көмегімен  іске 
асады.  Құрамында  күмісі  бар  пластинаның  жоғары  сезімталдығының  арқасында  жазуға 
қуаты  5  мВт  болатын  қарапайым  лазер  диодын  қолдануға  болады,  бұл      CtP  жүйесімен 
салыстырғанда  аппараттың  құрылысын  айтарлықтай  жеңілдетеді  жəне  арзандатады.  Сөйтіп 
CtP  технологиясы  күлгін  лазер  базасында  сапаның  жоғарылылығын  қамтамасыз  ететін, 

78 
 
форма  дайындаудың  жəне  жазу  жылдамдығын  қамтыған,жоғары  қабілетті,анық  жəне 
таралымға төзімді,өңдеу процесінің қарапайымдылығы қамтамасыз етілген бірден-бір тиімді 
шешім. 
Егер  аппараттың  үлкен  еместігін  жəне  орындалатын  қызметтерінің  көптүрлілігін 
ескерсек,онда бұл кішігірім баспаханаға дұрыс шешім болары сөзсіз. 
  Heidelberg  фирмасы    Prosetter  74  моделінде  CtP  технологиясының  барлық  белгілі 
артықшылықтарын  іске  асырды.  Пленкаға  жазуға  арналған      (He  Quasar  Primesetter)  ішкі 
барабанды  ФТА  дайындауда  10  жылдық  тəжірбиесі  бар  бұл  фирма,  алғаш  рет  тікелей 
формалық пластинаға жазуды осы Prosetter 74 аппаратында іске асырды. 
Prosetter  74  жұмыс  істеген  кезде  ол  сары  жарықты  қажет  етеді,  бірақ  операторға  бұл 
жағдай  күндізгі  жарықпен  бірдей.  Сонымен  қатар      Prosetter  74    -  те  сəуле  көзі  ретінде 
қолданылатын күлгін диодтың ұзаққа шыдайтынын ескерген жөн. 
Күлгін  лазер  базасы  технологияның  артықшылығына,  пластина  өндірісі  процесінің 
тұрақтылығын  да  қоса  кету  керек.  Бұл  технологияның  одан  да  басқа  артықшылығын  айта 
кеткен  жөн.  Күмісқұрамды  формалық  пластиналармен  басу  кезінде  басу  машинасына 
ешқандай арнайы жөндеулер мен дайындықтың қажеті жоқ. Осы формалармен басу кезінде 
дəстүрлі формамен басу сияқты бояу жəне ылғалдау аппараттары қалыпты жағдайда болады. 
Тек бір жағдай – бұл пластиналарда УК – бояуларын қолданбаған жөн. 
Prosetter 74 өзіне  CtP күлгін технологиясының соңғы жетістіктерін біріктірді.  Prosetter 74 
тек  Heidelberg  фирмасының шығару құрылғыларына тəн ерекшеліктерге ие. [1] 
Штифті  келтіру  дəлдігі  –  түсті  басылымның  сапасын  қамтамасыз  ететін  негізгі 
параметрлерді Prosetter 74-те біруақытта төрт штифті келтіру жүйесіне дейін қоюға болады, 
ол  барлық  басу  машиналарымен    сəйкес  келуін  қамтамасыз  етеді.  Аппаратқа  формалық 
пластинаны салғаннан кейін ол ваккум көмегімен барабанға жазылып, штифті тесіктер тетігі 
таңдап  алынған  басу  машинасының  нұсқасына  сəйкес  автоматты  түрде  орындалады. 
Нəтижесінде  –  басу  формасына  арналған  келтіру  тетігі  дəл  орындалады.  Ол  басу  кезінде 
келтірудің  іске  асуын  жəне  таралымды  басуға  машинаны  дайындау  уақытын  азайтуға 
мүмкіндік береді. 
Температуралық  компенсация.  Дəстүрлі  технологияда,  егер  бір  пластинаны  қайта  жасау 
қажет болып қалса, ал сол кездегі фотоформаның толығымен шығу уақытына кеткен  уақыт 
аралығында  бөлмедегі  температура  біраз  өзгерген  болса,  онда  нəтижесі  дұрыс  болмайды.  
Prosetter  74-те  тұрақты  жағдайды  ішкі  барабанның  температурасын  тексеру  жəне  көшіру 
шарттарын түзеп тұру арқылы ұстап отырады. 
Ақпараттардың  сандық  ағыны.  Heidelberg  Prosetter  74–ге  арналған  түгелдей  сандық 
жұмыс ағынын қамтамасыз ететін бағдарлама ұсынып отар. 
Мұнда растрлы процессор ретінде Heidelberg-Meta Dimension жаңа ұсыныс ұсынып отыр. 
Бұл  RIP Post Script сияқты жұмыс істейді, сонымен бірге  PDF -job tickets базасында жұмыс 
істеуі. Prosetter 74 моделі  Heidelberg 74-ің жұмыс ағынына негізделген. 
Формалық бөлімшенің негізгі материалдарын таңдау.   
ПластиналарCTP – ға арналған қазіргі пластиналар келесі белгілері бойынша бөлінеді: 

 жазу қабатының спектрлі сезімталдылығының диапазоны; 

  жазу  қабатының  құрамы
(
ақпаратты  тіркеу  процесіндегі  физико-химиялық  реакция 
типіне). 

 көшіруден кейін қосымша өңдеудің қажеттілігі; 

 басу процесі кезінде ылғалдаудың қажеттілігі; 
Қазіргі  формалық  пластиналардың  жазу  қабаттары  түрлі  спектр  аймағында  максималды 
спектрлі сезімталдыққа ие болуы мүмкін:  

 көк-күлгінде 
(
күлгін жартылайөткізгішті лазермен экспонирленеді); 

 көгілдірмен (аргонды лазермен экспонирленеді); ()  

 жасылмен 
(
қатты заттармен Fd: YAG – лазермен экп.
)


 қызылмен (гелии-неонды немесе қызыл жартылайөткізгішті лазермен экспонирленеді); 

79 
 

  инфрақызыл  (инфрақызыл  жартылай  өткізгіш  немесе  Nd  қаттыденелерімен:  YAG  – 
лазермен экспонирлеу). 
Алғашқы төртеуі жарықсезгіштерге, ал соңғысы термосезгіштерге  жатады. 
Пластиналардың  тіркеу  қабаттарының  құрамы  позитивті  жəне  негативті  болып  бөлінеді. 
Көшіру  кезінде  позитивті  тіркеу  қабаты  басу  элементтерін  қалыптастыру  мүмкіндігін 
жоғалтады,  ал  негативті    керісінше    осы  қабілетке  ие  болады.  Сондықтан  позитивті 
пластинамен  жұмыс  істеу  кезінде  көшіруге  пластинаның  болашақ  форманың  ашық 
элементтеріне сəйкес келетін бөлігі ғана ұшырайды. 
Жарықсезгіш  пластиналар  күмісқұрамды  жəне  фотополимерлі  болып  бөлінеді. 
Күмісқұрамды  пластинаның  тіркеу  қабаты  фотографиялық  эмульсия  түрінде  болады. 
Фотополимерлі  пластиналарда  тіркеу  қабаты  ретінде  фотополимерлі  композиция 
қолданылады. 
Термальді  пластиналарда  тіркеу  қабаты  термиялы  ыдырататын  полимер  немесе  өзінің 
фазалық күйін ИК-сəулелену əсерінен өзгерте алатын полимер түрінде болады. 
Пластина  маркаларының  көбісін  көшіргеннен  кейін  айқындау  қажет.  Ылғалды  жазық 
басуға  арналған  пластиналарды  айқындау  процесі  кезінде  форманың  ашық  элементтерінің 
жамылғы  қабатын  механикалық,  химиялық,физико-химиялық  əдіспен  кетіреді.  Ылғалды 
қажет  етпейтін  жазық  басуға  арналған  пластиналарда  форманың  басу  элементтерінен 
олиофобты  силиконды  қабат  жойылады.  Кейбір  термальді  технологиялар  форманың  басу 
элементтеріне механикалық мықтылық беру үшін термоөңдеуді қажет етеді 
Сонымен қатар қосымша өңдеуді қажет етпейтін термосезгіш пластиналарында айқындау 
процесі  жоқ  –  ол  экспонирлеу  процесінің  уақытымен  қосылып  кетеді  немесе  басу 
машинасында  орындалады.  CtP-ге  арналған  формалық  пластиналар  экспонирлейтін  лазер 
сəулесіне жоғары сезімталды болуы керек. ол жазудың қажетті мүмкіндігін жəне таралымға 
төзімділігін қамтамассыз ету керек. 
Осыған сəйкес олардың негізгі сипаттамалары: 
-
 
тіркеу қабатының мах спектрлі сезімталдығының диапозоны; 
-
 
экспонирлеу энергиясының қажетті мөлшері; 
-
 
мүмкіндігі; 
-
 
таралымға төзімділігі. 
Пластинаның  тіркеу  қабатының  лазердің  сəулеленуіне  сезімталдығы  экспонирлеуге 
қажетті  энергия  мөлшерін  анықтайды:  соңғысы  аз  болған  сайын,  жазу  жылдамдығы  үлкен 
болады. 
Пластинаның  қабілеті  формадағы  басу  элементтерінің  өлшемдерінің  кіші  болуын 
қамтамассыз етеді, яғни бейненің ұсақ элементтерінің анық көрінуі. 
Таралымға төзімділігі таралымды басуда форманы қолданудың экономикалық тиімділігін 
көрсетеді,ол басу жəне ашық элементтерінің мықтылығынан болады. 
CtP  жүйесінің    Prosetter  74  сериялы  пластинаға  ақпараттарды  жазу  үшін  қуаты  5  мВт 
болатын  лазерлі  диод  қолданылады,  ол  CtP  жүйесімен  салыстырғанда  құрылғының 
құрылысын жеңілдетеді жəне арзандатады. Сөйтіп CtP технологиясы күлгін лазербазасында 
сапаның  жоғары  болуын  қамтамасыз  ететін,  форма  дайындаудың  жəне  жазу  жылдамдығын 
қамтыған,  жоғары  қабілетті,  анық  жəне  тиражға  төзімді,  өңдеу  процесінің 
қарапайымдалығын қамтамассыз еткен тиімді шешім. 
Пластиналар  –  алюминді  пластиналар,  405-410  нм  күлгін  сəулеленуге  сезімтал, 
сезімталдығы  10м/см
2
  дейін,  жартылайавтоматты  салу  сары  жарықты  қажет  етеді. 
Пластиналардың қалыңдығы 0,15-0,30 мм. [10] 
Формалық  процестерді  бақылау  полиграфия  өндірісінің  ажырамас  бір  бөлігі.  Соңғы 
кездерде үйреншікті ФТА мен көшіру рамаларының орнына СtР технологиясы енді. Осыған 
байланысты  баспагер-технологқа  СtР  пластинасын  бақылау  үшін  жаңа  құрылғылар  немесе 
осы жаңа пластинадағы өлшемдерді бақылайтын ескі денситометрге опция қажет. 

80 
 
X  –  Rite  Dot    Dot  %,  D  –  ны  өлшейді.  Бұл  арқылы  нүкте  формасын  көзбен  бақылауға 
болады,  сонымен  бірге  растр  линиатурасы  мен  бұрылу  бұрыштары  туралы  ақпараттарды 
көрсетеді. 
Модификацияға байланысты барлық пластиналармен жұмыс істей алады, аналогты немесе 
сандық  түстексерумен,  пленкалармен,басылым  таңбаларымен.  14000  dpi  прецизионды 
оптиканың арқасында, үлгілерді растрлі жəне модуляция типіне қарамастан өлшеуге болады. 
Бұл  құрылғының  тағы  бір  ерекшелігі  –  үш  жарық  көзі  жəне  өлшеу  аймағында  сақиналы 
жарығы бар. Осындай технология көмегімен дəл қорытынды алуға болады. 
CtP технологиясы компьютерлік басқару арқылы бейнені тікелей жаза алады. Бұл процесс 
үшін  бірсəулелі  немесе  көпсəулелі  сканерлеу  əдісі  қолданылады.  Көшірілім  сапасының  
жоғары  дəлдігін  көрсететін  бұл  технологияның  артықшылығы  –  растрлық  нүктелердің 
ашықтығында,  келтірудің  анықтығында  жəне  бейненің  дəлдігінде.  Осындай  жетістіктері 
арқылы  CtP  технологиясы  баспахананың  атын  шығарып  қана  қоймай,  оның  өнімдерінің 
сапалы да, өтімді болуына септігін тигізеді. 
 
............................................. 
1.
 
Оборудование и технология допечатных процессовЧасть 1. Основы технологии допечатных 
процессов.Учебник - МоскваМГУП, 2011.- 355 с
2.
 
Штоляков В.И., Румянцев В.ИПечатные машиныУчебникМ.: МГУП, 2011. 
3.
 
Ванников  А.В.,  Уарова  Р.М.  Процессы  и  технологии  цифровой  печати.  Основы  цифровой 
печатиЧ.II. М.: МГУП, 2010 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет