Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет5/74
Дата11.10.2023
өлшемі1,78 Mb.
#184799
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

Әдебиеттер 
1.Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің оқу үрдісіне ақпараттық-
коммуникациялық технологияны енгізу / Құрманалина Ш.Х. // Орал.- 2003. - ақпан. 
2. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру 
деңгейін көтеру //Информатика негіздері. -2006. -№3 (27).-Б. 2-4 
3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. — 
Алматы. «Білім баспасы», 1998 
4. “Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл 
5. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – 
коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру 
әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж. 
ОҚЫТУШЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ – НӘТИЖЕЛІ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ 
 
Алдабергенов Азидулла Убайдуллаевич 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ көпсалалы колледжі 
Қазақстан республикасында қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті 
маман дайындау. Колледж – үйрететін орта, оның жүрегі — оқытушы. Ізденімпаз оқытушының 
шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба 
білуі. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі 
қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, 
тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға. Нарық 
жағдайындағы оқытушыға қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының 
жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы тұрғыдан қарағанда 
нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген 
ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін 
педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған озық үлгі қажет. Қазіргі білім беру 


14 
парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге 
көшуді көздейді. Бұл білім берудің философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, 
теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бұрынғы студент тек 
тыңдаушы,орындаушы болса, ал қазіргі білім беру жүйесінде студенттің өздігінен білім 
іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беріледі. Қазіргі білім алушы: дүниетаным қабілеті 
жоғары, дарынды, өнерпаз, іздемпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білу керек. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты 
міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері 
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу 
үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту және тәрбие берудегі жаңа технологиясын енгізу» 
делінген. Білім беруді дамытуда өскелең ұрпақтың мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы 
мен талпынысы болашақ мамандығының кәсіби маңызды қасиеттерін жетілдіруге бағытталуы 
тиіс.Сондықтан өмірге жан–жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен 
ойлайтын, рухани – интеллектуалдық тұрғысынан бай азамат тәрбиелеу , білім беру – 
тәрбиелеудің басты мақсаты. Оқыту — екі жақты процесс. Оқыту процесі — студентпен мен 
оқытушының өзара бірлесіп жасайтын қызметінен тұратын күрделі әрекет. Оқыту -
оқытушының білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу — студенттің өзінің танымдық, 
практикалық әрекеті. Қазіргі «ақпараттандыру заманында балаларға қалай білім беру керек?», 
«сабақта алған білімдері бәсекеге қабілетті тұлға болуға қалай көмектеседі?» сияқты 
проблемалар туындауда. Заманауи технологияларға жаппай компьютерлендіруге қарамастан
барлығының басында адам тұрады, ендеше мұны ештен шығармауымыз қажет. 
Ендеше, бүгінгі заманның оқытушысы қандай? Оқытушы деген кім? Ол қандай болуы 
керек? Оқытудың табысты болуы құзырлы оқытушыға тән белгілер (бас, қол, жүрек) болғанда 
ғана іске асады. Мұғалімнің жұмысын сапаға жеткізер үш көмекшіні Шульман өз кестесінде 
белгілеп нақтылап атап жазған. 
Біріншіден 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет