Сборник материалов международной научно-практической конференции



бет16/16
Дата29.01.2018
өлшемі3,5 Mb.
#35988
түріСборник
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Шонайбаева А.Т., к.ф.н., ҚазБСҚА (ХБК) ассоц. профессоры

ҚАЗАҚ РЕСМИ-ІС ҚАҒАЗДАР ТІЛІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ДАМУЫ

Бұл мақалада қазақ тілінің қоғамдық қызметі артып, қолданыс аясының кеңіп, экстралингвистикалық факторлар қазақ ресми-іс қағаздар тілінің дамуына тиімді ықпалын тигізіп отырғаны сөз болады.

В данной статье рассматривается влияние экстралингвистических факторов на развитие и расширение сферы деятельности официально-деловых бумаг на казахском языке.

The impact of extra-linguistic factors on the development and expansion of the scope of the official-business documents in the Kazakh language is considered in this article.

Мемлекеттің кескін-келбетін сомдап, қоғамдық болмысын көрсететін тіл қызметінің атқарар рөлі орасан. Дегенмен, тілдің қоғам өмірінің барлық саласында тең дәрежеде қолданыс табуы мүмкін емес. Қажеттіліктің туындауына орай бір салада тілдің қызметінің басымдылығы артса, керісінше бір салада бәсең таруы мүмкін. Екінші жағдайда тілдің қолданылу аясын тарылтып, дамуын тежейді. Мысалы, қоғамдық саяси жағдайларға байланысты қазақ әдеби тіліндегі функционалды стильдердің ішінде ғылыми стиль мен ресми-іс қағаздар стилінің кеш дамығыны белгілі. Бұл пікір қазақ ресми-іс қағаздар стилінің ғылыми-теориялық негізін қалыптастырудағы ғалымдарымыздың құнды еңбектерін жоққа шығармайды. Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін, тіпті күні бүгінге дейін ресми-іс қағаздар қазақ тілінде жүйелі түрде жүргізілмегендіктен, қазақ ресми-іс қағаздар тілін ғылыми тұрғыда зерттеуге салқынын тигізіп келді. Атап айтсақ, Кеңес дәуірінде қазақ ресми-іс қағаздар тілін арнайы зерттеуге арналған бір ғана диссертациялық еңбек – Н.И. Ерғазиеваның «Қазақ тіліндегі ресми-іс қағаздары тілінің қалыптасуы және дамуы» атты кандидаттық диссертация. Кеңес дәуірінде 1972 жылы қорғалған бұл диссертациялық жұмысқа дейін де, бұдан кейін де ресми-іс қағаздар тілін зерттеуге арналған жұмыстар болмаған. Қазақ ресми-іс қағаздары тілінің өзіндік ерекшеліктерін зерттеуге арналған аталған еңбектің орны ерекше.

Одан бері еліміз егемендік алып, тіліміз мемлекеттік мәртебе алды. Тілдің қоғаммен бірге дамып, қоғамға қызмет ететінін ескерсек, бұл күнде қазақ тілінің қоғамдық қызметі артып, қолданыс аясының кеңіп, экстралингвистикалық факторлар қазақ ресми-іс қағаздар тілінің дамуына тиімді ықпалын тигізіп отыр. Қазақстанның өз алдына құқықтық мемлекет құруы қазақ тілі мәселесін мемлекеттік деңгейде көтеруді талап етті. 1989 жылғы 22 қыркүйекте Қазақ ССР-нің Тіл туралы Заңы қабылданып, қазақ тіліне ресми түрде мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы Заңның 1-бабы бойынша: «Қазақ тілі Қазақ ССР-інің мемлекеттік тілі болып табылады.

Қазақ ССР-і қазақ тілінің мемлекеттік тұрғыдан қорғалуын жүзеге асырады және оның мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарда, халыққа білім беру, мәдениет, ғылым мекемелерінде, қызмет көрсету, бұқаралық информация салалары мен басқа да салаларда белсенді түрде қолданылуына қамқорлық жасап отырады» – деп атап көрсетіледі [1, 49 б.]. 1990 жылы 2 шілдеде аталмыш Заңның күшіне енуіне байланысты «Қазақ тілі және Қазақ КСР-індегі басқа да ұлт тілдерін дамытудың 2000 жылға дейінгі мерзімге арналған Мемлекеттік бағдарламасы» деген құжат қабылданды. Бұл – қазақ және басқа тілдерді 2000 жылға дейін дамытудың негізгі бағдарламасы болғандықтан, Тіл туралы Заңның нақтылы орындалуына кепілдік беретін құжат еді. Дегенмен, қазақ тілінің өзекті мәселелері оның шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесін иеленуімен шектелмей келеді. Келесі кезекте мемлекеттік тіл дамуының басым бағыттары мен қызмет ету тетіктерін айқындау мақсатында 1996 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің №3186 Өкімімен «Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасы» жарияланды. Бұл тұжырымдаманың мақсаты да мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін дамытуға жағдай туғызу жөніндегі мемлекет міндеттерін айқындау болып табылады. Бұл мақсатта атқарылған жұмыстар да аз болмады: мемлекеттік тілді міндетті және ақысыз оқыту орталықтары құрылды, қазақ тілін оқып-үйренуге арналған оқу құралдары, сөздіктер, тілашарлар жарық көре бастады. Мұндай игі істердің белгілі бір заң актілері арқылы қолдау көрсетілген жағдайда табысты болары анық.

1997 жылы 11 шілдеде тіл саясатының құқықтық негіздері баяндалған Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы бекітілді. Бұл Заңның 4-бабында: «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі» – деп жазылған [2, 6 б.]. Заңның аталмыш бабына сәйкес мемлекеттік органдарда тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамызында «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы» №769 қаулысы шықты. Бұл қаулыда іс қағаздарын кезең-кезеңмен қазақ тіліне көшіруге, мекемелерде қазақ тілінде іс жүргізуші және аудармашы лауазымдарына арнайы штат бөлуге, «қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу» курстарын ашуға байланысты шаралар қамтылған. Бұл қаулыда атқарылар іс айқын және нақты көрсетілген.

1999 жылы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы қабылданып, Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасау Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне жүктеледі.

Сондай-ақ, «Мемлекеттік тілде құжат дайындауды жүзеге асыратын әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 21 қыркүйектегі №11 өкімі шығады.

Осындай игілікті шаралардың бірі – Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту бағдарламаның негізгі мақсатының бірі ретінде атап көрсетілген. Бұл мақсатты іске асыру үшін: мемлекеттік тілдің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру; іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру кестесін (нақты мерзімдер мен іс-шараларды көрсете отырып) белгілеу арқылы барлық мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік тілдің іс жүргізудегі негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету міндеттері белгіленді.

Үкімет тарапынан қабылданған, іске асыруды талап ететін мемлекеттік маңызы бар жоғарыда аталған ресми құжаттардың барлығының көздеген мақсаты бір, ол – мемлекеттік тілдің қоғамның барлық саласында қызмет атқаруын қамтамасыз ету.

Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу мақсатында жасалған қадамдар қазақ ресми-іс қағаздары тілін дамытуға, ғылыми тұрғыда талдауға, саралауға оң ықпал етіп отыр. Бүгінгі қазақ тіл білімінде ресми-іс қағаздар стилі және оның ішкі шағын стильдері, жанрлық түрлері жеке-жеке зерттеу нысанына айналуда. Осы салада жазылған аса бір ауқымды еңбектің бірі – Л. Дүйсембекованың «Қазақ ресми-іс қағаздар тілі» тақырыбындағы докторлық диссертациясы. Диссертация жұмысында қазақ ресми-іс қағаздар тілінің қалыптасу кезеңдері мен даму ерекшеліктері диахронды және синхронды тұрғыда қарастырылып, стильдік сипаты, мәтіндік құрылымы, жіктемелік белгілері ашылып, тұңғыш рет кешенді түрде зерттеліп, жалғасын Ш. Мәжітаева, С. Ережепова, Б.Ж. Әбілмәжінова, Ж. Макешова, М. Мамбетова, Б.С. Әшірова, Е. Дәулетовтың зерттеу жұмыстарынан көруге болады.

Құжаттар, құжаттама негізінен мемлекеттік құрылым мен басқару жүйесінің қызметін айқындайтын болғандықтан қоғамның даму, өзгеру кезеңдеріндегі мемлекеттік құрылыспен де тікелей байланысты. Қазақ тілінің қоғамдық қызметінің артуы ресми-іс қағаздар саласынан анық байқалады. Бұл Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен, мемлекет болып құрылуымен, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен тікелей байланысты.
Әдебиет

1. Қазақстан Республикасының жаңа Заңдары. / Құраст. Ф.Т. Бейсенбина. – А.: ҚР Әділет мин-нің редакциялық-баспа бөлімі. – 1992. – 264 б.

2. Тілге де тірек керек. Әділет министрлігінің мемлекеттік тілді қолдану мен іс қағаздарына енгізудегі іс тәжірибесі/ Жалпы ред.басқ. С.Ш. Оразалы, М.М. Нұртазин. – Астана. – 2003. – 212 б.

УДК 811. 161. 1



Шынтаева Н.С., п.ғ.к., ҚазБСҚА (ХБҚ) ассоц. профессоры
ЖАСТАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Жастардың сөйлеу мәдениетін дамыту жолдары – көркем әдеби шығармалар оқу; бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаңалықтарды талқылау және өз пікірін айтуға дағдыландыру; би-шешен, ақын-жыраулардың өсиет, өлеңдерін жаттатқызу; білім ордаларында тіл дамыту жұмыстарын жүргізу.

К основным способам развития культуры речи молодежи относятся – чтение художественной литературы; чтение и анализ публицистических статей СМИ; заучивание наизусть назиданий, цитат, крылатых выражений, афоризмов великих ораторов и известных личностей; проведение различного рода воспитательных мероприятий в образовательных учреждениях, нацеленых на развитие речи учащихся.

The main methods for the development of young people’s  speech culture include reading fiction; reading and analyze non-fiction articles in media;  learning by heart quotes, sayings, aphorisms, aphorisms of great speakers and well-known personalities; carrying out various kinds of educational activity in educational institutions, aimed at the development of learners’ speech.
Еліміз Тәуелсіздік алып, өркениетке қанат жайып, тілімізге теңдік, оймызға еркіндік алғалы міне биыл ширек ғасыр болды. Мемлекет дербестігінің басты белгілерінің бірі – тілі. Осы уақыт ішінде тіліміз өз мәртебесін алып, абыройын асқақтатты. Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Қазақ тілі – сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл. Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры». Өркениет өрлеуі мен техника дамуына байланысты қазақ тілі қоры көптеген сөздермен толыға түсуде. Тіл үйренуге қызығушылық пен сұраныс, талап пен мақсат пайда болды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту – Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі», сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Сонымен қатар Елбасымыз «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деп басып айтты. Олай болса мемлекеттік тілді үйрету сапасын арттыру, болашақ ұрпаққа ұлттық тіліміздің сұлулығын сақтату – біздің басты мақсатымыз.

Тіл байлығымыз дами түсті деп қуанғанмен, өкінішті мәселелерде елең алуда. Қазіргі таңда алаңдатар бір жәйт – өскелең ұрпақтың сөйлеу мәдениеті. Сұлу да құдіретті ана тілімізді жастарымыз қорғай алып жүр ме деген сұрақ келеді. Осы заманда техникамен тілдесетін буын, өз ойын қысқа жеткізіп, сөйлеу көркемдігіне мән бермеуге көшіп барады. Бұл көкейге атадан балаға мирас болып келе жатқан тілдік құндылықтарымыз, рухани байлықтарымыз болашақта жалғасымын таппай қалама деген қорқыныш ұялатады. Сол үшін өскелең ұрпаққа сөйлеу мәдениетін, сөз әдебін сақатуды үйретуіміз қажет. Тіл қарым-қатынасымыздың құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды – қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Біз көптеген ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдап-зерттей келе, бүгінгі күнгі жастардың сөз саптауы көңіл аударарлық көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытындыға келеміз. Олар өз ойларын дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды, «жаңағы», «әлгі», «немене», «неғып», «мысалы» деген сияқты басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын жеткізуде қиыналыс табады. Кейбірі орысша сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мәселені адамның бала күнінен дұрыс жолға қою керек. Мысалы педагогика ғылымының докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева: «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады» – десе, Ш. Беркімбаева өз мақаласында былайша тұжырымдайды: «Қазақ мектептерінің өзекті мәселелерінің бірі оқушылардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу…». Осы мәселе мектептен дұрыс жолға қойылуы тиіс екенін ғалымдар дұрыс айтады. Педагогикалық сөздікте мынадай анықтама беріледі: «Оқушылардың тіл мәдениеті – оқыту үрдісі мен адамдардың тілдік қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Оған тілдің мағыналылығы, ойлылығы, байлығы, көркемдігі мен жалпытілдік нормалардың сақталуы тән». Ал бұл мәселені жан-жакты зерттеген Л.И. Ожегов: «Тіл мәдениеті – бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу білігі. Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің нормасы – бұл коғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды сөйлеу» – деп тұжырымдайды. Сонымен, тіл мәдениеті дегеніміз – оқыту үрдісінде, отбасында, жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі әдеби тіл нормасын сақтай, тіл тазалығын сақтай жеткізе білу шеберлігі».

Алайда, қазір көптеген жастарымызды рухани байлықтан материалдық байлыққа қана алаңдатады. Олар кітап оқу, рухани асыл мұраларымыздан нәр алу, ұлттық құндылықтарымызды қастер тұту дегендерді кейінгі орынға қоюда. Біз осының алдын алуымыз керек. Ғылыми-техниканың даму заманы сөйлеу мәдениетімізге кері әсерін бергендей. Себебі жастар бір-бірмен хабарлама жазуда қысқартылған немесе жаргондық сөздерді қолдануды әдетке айналдырған. Тіл тазалығының сақталуына тағы бір кедергі осы жаргон сөздер. Сондықтан жастардың ауызекі сөйлеу тілінде көп кездесіп жататын жаргондарды қолда­ныстан ысырғанымыз жөн. Себебі бұл қазақ тіліне төніп тұрған тағы бір қауіп. Жаргондарды пайдалану әдеби сөздік қорларының аздығын көрсетеді. Көп жағдайда жастар әдеби сөз­дерді орынды пайдалана алмай жата­ды да, құлағына тез сіңетін жаргон­дармен алмастыра береді.

И. Нұғыманов: «Оқушылардың тілінде болатын кемшіліктердің себептерін былай бөліп көрсетеді: 1. Ортаның әсері; а) оқушының сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді, ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл), б) пән тілінің нормаларын жақсы меңгермеген мұғалімнің әсері; 2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (мектептің тіл дамытуға немқұрайлы қарауы); 3. Жекелеген оқушы тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық, т.б.)».



Қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезов: «Ұлт болам десең – бесігіңді түзе деп бекер айтпаған. Тәуелсіз елдің болашағы жастардың қолында, А. Байтұрсынұлы «Тәуелсіз, дербес өмірге өзінің ана тілінде сөйлейтін және төл әдебиеті бар халық қана таласа алады» дегендей бай да құдіретті тілімізді сақтағымыз келсе, әр отбасы, әр білім ордасы, тіптен қоғам болып қолға алуымыз керек. Отбасы бала тәрбесіне жауапты ортаның бастысы. Баланың тіл мәдениетін қалыптастыруда отбасының орны ерекше. Ал балаға ана тілінің құдіретін ана сүтімен беретін отбасының балаға тигізер әсері, басқа ықпалдардан биігірек тұратыны белгілі. Отбасы жасөспірім үшін әрі тіршілік ету ортасы, әрі тәрбиелік орта болып табылады. Бала өмірінің алғашқы кезінен-ақ басқа әлеуметтік тәрбие әсерлерімен салыстырғанда ата-ананың орны ерекше болады. Баланың алғашқы былдырлаған тілінен жоғары мәдениетті тілін қальштастыруда ата-ананың ролі үлкен. Әр отбасы бала тіліне немқұрайлы қарамай, үлкен мән беріп, жауапкершілігін түсіне отырып әрекет етуі тиіс. Баланың ғаламторға әуестігінен гөрі көркем шығармалар оқуын, ұялы телефондарда қажетсіз хабарлама жазудың орнына әртүрлі тақырыпта шығарма жазуын талап етуін күнделікті әдетке айналдыру тиіс. Казір ата-ана уақыт тапшылығына, күн көріс қамын сылтаулатып өз міндетін мектепке артып қойғандай. Кітап оқып, шығарма жазбаған, білім ізденбеген адам рухани надан адам екенін өз баласының санасына жеткізбейді. Сонымен қатар, кейбір ата-ана баласының өз ойын айтып, пікір білдіруін қажет деп санамайды. Себебі, олар үшін ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін өздері шешуді дағдыға айналдырған. Бұл баланың бойында қорқыныш сезімдерін басым болып, өзін кем санауына себеп болады. Сондықтан ата-ана баласының тіл мәдениетіне мән беріп, өз ойын логикалық баяндауын қадағалағаны дұрыс. Отбасында, білім ордаларында бала мәдени орталықтарға жие барып, олар туралы ойын баяндауды, қоғамдағы мәселелерді талқылауға улкен көңіл бөлуі керек.

Қорыта келе, жастардың сөйлеу мәдениетін дамыту жолдарын ұсынсақ: біріншіден, көркем әдеби шығармаларды оқытуды әдетке айналдыру, оның әр сөзіне мән бергізу; тіліміздегі тұрақты тіркестер мен теңеу сөздерді тілдік қолданысқа енгізу; мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді мысалға алып сөйлеуді үйрету; екіншіден, газет-журналдарды оқып, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаңалықтарды отбасында талқылауға көңіл бөлу. Әлеуметтік мәселелерге баланың өз пікір білдіруін талап ету. Сол арқылы баланың өз ойын логикалық түрде толық жеткізуін қадағалау; үшіншіден, дастарқан басында тілек құттықтау айтқызуға дағдыландыру, құттықтау сөздерін айтқанда шешендік сөздерден мысалдар, жырауларымыздың өсиеттерін, ақындарымыздың өлеңдерін жатқа айтуын үйрету; төртіншіден, білім ордаларында әртүрлі тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру (пікірталас, дөңгелек үстел, т.б.).

Қазақ тіл біліміне еңбегі сіңген белгілі академик Р.Сыздық: «Тіл мә­дениеті проб­лемалары отбасы тәр­биесімен, мектептегі оқу ісімен, жалпы әр алуан оқу-тәрбие орындарының нақты жұмыстарымен тығыз байланысты болып келеді. Бұдан да биіктеу қарасақ, тіл мәдениеті ұлттық әдеби тілдің әлеуметтік базасының өзге­ріске ұшырауына, өзге тілдерімен арақатынасына да тікелей ұштасып жатады» деп орынды атап өткен. Бұл ойды профессор Б. Момынованың: «Тілдің тек қана жазба түрі емес, ауызекі тілдің де жағымсыз құбылыстарға бой алдыруына, жастар тіліндегі жасандылықтың шексіз көбеюіне, тіл мен сөйленістің техникалық сөздермен қойыртпақталуына қарсы әрекеттердің басын ұйыстыруы да – лингвоэкологияның міндеті» дегенімен жалғастыруға болады.

Әрине тіл мәдениеті, сөз тазалығы, әдеби тілдің бүгінгі жағдайы, оның жалпы мәдениеттің қалыптасуындағы орны мен қазақ тілінің әдеби нормаларының сақталуы, дамуы күн тәртібінен түспейтін мәселелер. 


Әдебиет

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасы». –5 қазан. – 1998.

2. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
3. Педагогический словарь. М.: Изд-во Акад. пед. наук, 1960. – 774 с.

5. Мейірманқұлова Т. Отбасы және тәрбие / Т. Мейірманқұлова // Ұлт тағлымы. – 2001. – № 7. – Б. 5.

«МӘҢГІЛІК ЕЛ»:

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕР



Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына

арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының

МАТЕРИАЛДАР ЖИНАҒЫ

24.11.2016.
СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ

МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ»: ОСНОВНЫЕ ВЕХИ В СТАНОВЛЕНИИ И РАЗВИТИИ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА

посвящённой 25-летию Независимости Республики Казахстан

24.11.2016.
COLLECTION OF MATERIALS

of the International scientific-practical conference

«ETERNAL NATION»: MILESTONES IN FORMATION AND DEVELOPMENT OF THE INDEPENDENCE OF KAZAKHSTAN

dedicated to the 25th anniversary of the Independence of the Republic of Kazakhstan



November 24, 2016.

Редактор Оразбекова А.

Технический редактор Картова М.

Корректор Дәрібаева Д.

Компьютерная верстка Беласарова С.
ИБ №397
Сдано в набор 15.12.2016. Подписано в печать 19.12.2016.

Формат 84х108 1/16. Бумага офсетная. Печать офсетная.

Усл. печ. л. 11,43. Тираж 40. Заказ 679.
Республика Казахстан, г. Алматы

Оипечатано ИП «Сагаутдинова»



1 Джандосова З. Казахстан // Ислам на территории бывшей Российской империи, Восточная литература, М. Вып. 3, 2001, с.

2 Нуртазина Н. Д., Ислам в истории средневекового Казахстана, Алматы 2000

3 Frank A. J., Sufis, Scholars, and Divanas of the Qazaq Middle Horde in the Works of Mäshhür Zhüsip Köpeyulï // Islam, Society And States Across The Qazaq Steppe (18th― Early 20th Centuries), Pianciola N., Sartori P., (eds.), Österreichische Akademie der Wissenschaften, Wien 2013.

4 Султангалиева А., Город и люди: социокультурная трансформация в Казахстане, Алматы 2010, с. 69.

5 Frank A. J., Islamic Transformation on the Kazakh Steppe, 1742-1917: Toward an Islamic History of Kazakhstan under Russian Rule // The Construction and Deconstruction of National Histories in Slavic Eurasia, ed. Hayashi Tadayuki, Sapporo, 2003, p. 264.

6 Martin V., Law and Custom on the Steppe: the Kazakhs of the Middle Horde and Russian Colonialism in the Nineteenth Century, London 2001.

7 Ахмет Аққали, «Ұлт-азаттық қозғалыстарды зерттеуші», Қазақ тарихы, N 2, 2002, 16 бет.

8 Манаш Қозыбаев, «Тарих зердесі», Ғылым баспасы, 1-кітап, Алматы 1998, 174 бет.

9 http://www.inform.kz/kz/mangilik-el-ideyasynyn-bastauy-tym-terende_a2837420

10 Манаш Қозыбаев, бұл да сонда 15 бет.

11 Бақадыр Айтай, «Серебренников Кенесары көтеріліс туралы», Қазақ тарихы, N 6, 2005, 45 бет.

12 Керейхан Аманжолов, «Түркі халықтарының тарихы», Білім баспасы, 1-кітап, Алматы 2005, 3 бет.

13 Қазақстан тарихы (Көне заманнан бүгінге дейін), Атамұра баспасы, 1-кітап, Алматы 1996, 7 бет.

14 Қазақстан тарихы, бұл да сонда, 165 бет.

15 Керейхан Аманжолов, бұл да сонда, 24 бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет