Сборник международной научно-практической



Pdf көрінісі
бет182/483
Дата11.03.2022
өлшемі11,88 Mb.
#135018
түріСборник
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   483
Байланысты:
Сборник зимней школыы 2019

Зерттеу әдістері 
Айта кету керек, өзге авторлардың мәліметтерінше қара сексеуілдің жақсы тұқым 
беруі (6-балды шкала бойынша 4-5 балды құрайды) тек үш төрт жылда бір рет қана 
байқалады [7].
Алайда, 
Алматы 
филиалы 
Қазақ 
орман 
шаруашылығы 
және 
агроорманмелиорациясы ғылыми зерттеу институты ғалымдарының зерттеулері негізінде 
Қазақстанның оңтүстік-шығысында (Оңтүстік Балқаш өңірінде) қара сексеуілдің жақсы 
тұқым беруі тек 1999 жылы және 2009 жылы байқалған [2]. Негізінен, қара сексеуіл алқа 
ағаштардың ұзақ уақыт бойы жақсы тұқым бермеудің басты себептердің бірі ол әр-түрлі 
антропогендік факторлардың және жаһандық жылынудың әсері болып табылады. Осындай 
келеңсіз жағдайлардың нәтижесінде қара сексеуіл алқа ағаштарының биологиялық 
заңдылықтары өзгеріске ұшырады. Мысалға алатын болсақ, көптеген сексеуіл алқаптары 
ауру мен зиянкестерге шалдығатынын байқауға болады. Бірақ осындай келеңсіз жағдайлар 
кездескенімен кей жерлерде шоқ шоғымен жақсы өсіп, жақсы тұқым беріп тұрған қара 
сексеуіл алқа ағаштарын кездестіруге болады. Олар көбіне жол жиегінде, сайлы ойпатты 
жерлерде, су бойлары жағалауларында және жер асты сулары жақын орналасқан жерлерден 
кездестіруге болады. Осы жағдайларды ескере отырып аталған ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын жүргізуге бел байладық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   483




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет