Сборник международной научно-практической


Зерттеулер нәтижелері және оларды талдау



Pdf көрінісі
бет14/483
Дата11.03.2022
өлшемі11,88 Mb.
#135018
түріСборник
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   483
Байланысты:
Сборник зимней школыы 2019
8 РУССКИЙ ЯЗЫК (обновленка КСП)
Зерттеулер нәтижелері және оларды талдау 
1. Бие сүтінің жалпы (титрлеу) қышқылдығын Тернер бойынша анықталды. 
Ол титриметриялық әдіспен 0,1 мл NaOH ертіндісін қолданып, эквивалент нүктесін 
фенолфталеин индикаторы көмегімен анықтау арқылы жүргізілді. Тернер градусы 
ертіндідегі сүт қышқылдылығының мл сандық көрсеткішін көрсетеді. 
2. рН (активті қышқылдылық) – рН-метр аспабы арқылы анықталды. 
3. Сүттің тығыздығынареометрмен (лактонденситометр) 10-25°С температурада
анықталды. Оны алу үшін ареометр шамасының алғашқы екі санын есептемей, үтірді екі 
санға оңға жылжытып алуға болатындығын ескере отырып зерттеу жүргіздік. Мысалы, 
нағыз ареометрдің көрсеткен шамасы 1,0275 болса, 27,5 градусқа (27,5°С) тең.
4. Cүттегі қант мөлшерін анықтау. Бие сүтінің қантын (лактозаны) – рефрактометрия 
әдісімен анықтайды, әдіс сүттегі ақуыздарды бөліп алып, сүт сарысуындағы лактозаның 
пайыздық мөлшерін, рефрактометрдің көрсеткіші бойынша анықтауға негізделген. 



1 кесте – Бие сүтініңфизико-химиялық көрсеткіштері

3

Реті 
№ 
Көрсеткіштері 
Қазақ жылқысы 
(Жабы) 
Таза қанды 
мініс жылқысы 

Жалпы (титрлеу) қышқылды, ˚Т (2 сағаттан кейін) 



рН (активті қышқылдылық) 
6,8 
6,9 

Тығыздығы, г/см
3
1,035 
1,032 

Қант мөлшері, % 
6,6 
6,0 
Зерттеуге алынатын лактоза қазақ жылқысы (жабы) сүтінен алынды және лактоза 
бөлініп алынды. 
Зерттеуге 
алынған 
биесүтінің 
үлгісін 
алып, 
құрылғының 
көмегімен 
майсыздандырып, майсызданған сүтке рН 4,6 дейін 0,1 нормальды HCl (тұз қышқылын) 
қосып казеинді тұнбаға түсірдік. Казеині бөлініп алынған сүт сарысуын буландыру арқылы 
концентрленген сүт сарысуын алдық. Концентрленген сүт сарысуын су моншасында 90˚С 
20 минут қыздыру арқылы қантсыз заттар мен сарысу белоктарын тұнбаға түсіріп, 
тазартылған сүт сарысуы алынды. Тазартылған сүт сарысуын 80˚С-қа дейін су моншасында 
буландыру арқылы концентрленген, қоюланған сүт сарысуын алдық. Концентрленген сүт 
сарысуын бөлме температурасына дейін суытып, тоңазытқышқа кристалдауға 15 сағатқа 
қойдық. Алынған таза лактоза ертіндісіне активтенген көмір мен натрий гидросульфатын 
қосып сүзу арқылы фильтрат алынды. Фильтратты аздап буландырып, кристалдап, 
центрифугерлеу, 95% этанолмен шайып, кептіргіш шкафта кептірдік. Нәтижесінде, 
рафинделген лактоза алдық. 
Тазартылып алынған лактозадан лактулозаны изомерлеу мына реттілікпен 
жүргізілді: 
Рафинделген лактоза ертіндісін 75˚С дейін қыздырып фильтрлеу арқылы фильтрат 
алынды. Фильтратты 80˚С дейін қыздырып, рН 10-11аланин мен натрий гидроксидін қосу 
арқылы изомерленген ертінді алынды. Изомерленген ертіндіні қоюландырып, кристалдау 
арқылы лактулоза алынды. 
Қорытынды 
Біз бие сүтінен салыстырмалы түрде әртүрлі проба алдық. Бұл пробалардың қоректік 
орталары және микрооргаинзмдері әртүрлі болып келеді. Сонымен қатар соңғы өнімдердің 
органолептикалық қасиеттері де әртүрлі. Яғни, пробаның өзіне тән иісі, дәмі, 
консистенциясы бар. Болашақта табиғи сүттер жаңа технологиялық,заманауи өнімдер 
алуда таптырмас шикізат көзі болмақ. Оған біздің еліміздегі мал шаруашылығының 
мүмкіндігі жетерлік. 
Лактулоза өзінің бифидогенді белсенділігі жөнінен, пребиотиктер өндірісіндегі 
келешекте жоспарлы түрде лактоза құрамды табиғи шикізаттан өндірілуге болатын өнім 
болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   483




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет