Сборник методических разработок классных часов Уроков доброты



Pdf көрінісі
бет36/52
Дата22.11.2023
өлшемі2,31 Mb.
#192889
түріСборник
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52
Байланысты:
Сборник-методических-разработок-классных-часов

 
 
 
 
 
 
 
 
 
59 


 
 
8-
9 сынып оқушыларына арналған сабақтар
 
 
Тақырыбы: Біз бәріміз әр
-
түрліміз, бірақ теңбіз
 
 
Аталмыш сабақ оқушыларға бір-бірін түсіну, өзара қарым-қатынас жасау, бірлесе оқу, дос болу 
үшін айналасындағы адамдар мен олардың ерекшеліктерін жақын түсінуге көмектеседі.
Сабақтың мақсаты:
балалар мен жасөспірімдердің ЕБҚ бойынша толеранттылықтарын 
қалыптастыру. 
Міндеттері: 
 

Айналадағы адамдарға зейін қоя білуге тәрбиелеу; 

Мейірімділіктің қалыптасуына ықпал ету; 

Мейірімділік сезімдерін ояту.
Сабақтың барысы:
 
Сәлеметсіздерме, балалар! Бүгінгі сабағымызды «Мейірімділік сынықтары» атты заманауи 
астарлы әңгімеден бастаймын. 
Отбасы демалыс күнін жағажайда өткізді. Балалар теңізде жүзіп, құм қамалдарын салып көңіл 
көтерді. Кенеттен алыста кішкентай әжей көрінді. Оның ақ шаштары желмен тербелген күйде, үстіндегі 
киімдері лас және жұпыны болды.. Ол құм арасынан әлденедей заттарды теріп, оларды сөмкесіне салып, 
өз
-
өзімен әлденеде сөздерді айтып күңкілдеп жүрді. Ата
-
аналары балаларын шақырып, әжейден 
бойларын аулақ ұстауларын ескертті. Әжей отбасының жанынан жақын өте бере, әлденені көтеру үшін 
еңкейіп, отбасымен күлімсіреп сәлемдесті, бірақ оның сәлемдесуіне ешкім жауап бермеді.
Бірнеше аптадан кейін олар кішкентай әжейдің бүкіл өмірінің жағажайда өткенін және шыны 
сынықтарының балалардың аяқтарын кесіп кетпесі үшін жинап жүргендігін білді. 
Астарлы әңгіме бізге нені үйретеді деп ойлайсыздар? (балалардың жауаптары)
Дұрыс, біз осындай адамдарды өзімізге жақын тартып, олардың жақсылығын және қоршаған 
ортаға деген жауапкершілік құрметін бағалауымыз керек. 
Біздің сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін сіздерге Марисол Галыштың "Сынық қуыршақ" деректі 
фильмінің үзіндісін көруді ұсынамын (фильмнің басты кейіпкері 
– 
11 жастағы ангарлық Вера Кращук. 
Туғаннан кейін оған церебральды сал ауруы диагнозы қойылды. Деректі фильм барысында, ол қойылған 
диагнозына қарамастан, би билеуді армандағаны және мүгедектер арбасында алғашқы биін орындағаны 
туралы айтылады)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет