Литература:
1. Торохтий В.С. Психология социальной работы с семьей. М. 1996
2. Дьяченко М.И., Кандыбович Л.А. Психология высшей школы: учебное пособие. Минск:
Университетское, 1993. 368 с.
3. Навайтис Г. Семья в психологической консультации. М.: Моск. псих.-соц. ин-т; Воронеж:
МОДЭК, 1999. 224 с.
4. Эйдемиллер Э.Г., Юстицкис В. Семейный диагноз и семейная терапия. СПб.: Речь, 2005.
5. Шнейдер Л.Б. Психология семейных отношений: курс лекций. М.: ЭКСМО-Пресс, 2000.
6. Торохтий В.С. Психология социальной работы с семьёй. М., 1996. 112 с.
7. Фрейд З. Культурная сексуальная мораль и современная нервозность // Психология и
психоанализ сексуальности: хрестоматия / Под ред. Д.Я. Райгородского. Самара: Барах, 2002.
УДК 316.323
ОТБАСЫ - ҚОҒАМНЫҢ БАСТАПҚЫ ҰЯСЫ
Султанова У.С. магистр., Эсимханова М.А.ПМНОк19-1 тобының студенті
Мардан.Сапарбаев институты, Шымкент, Қазақстан
Сатыбалды Б.Б. ЮМ 19-3к тобының студенті
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В статье рассматривается, что одним из социальных институтов является семья,
которая является первым коллективом детского воспитания.
Summary
The articie considers that one of the social institutions is the family, which is the first
collective of child education.
Бүгін жаһандық өзгерістер заманында отбасы құндылықтарын сақтап қалу,
оның жастар санасындағы беделін арттыру, сол арқылы «жаңа әлеуметтік жаң-
ғыру кезеңіне» бірлесе аяқ басу, бала тағдырына асқан жауапкершілікпен қарау
- аса қажет қадамдардың бірі.
Жер бетіндегі ең көне әлеуметтік институттардың бірі - отбасы. Ол қоғамның
ажырамас бөлігі, сондай-ақ, шағын мемлекет. Оның іргесі тек сенімділік пен
сүйіспеншілік қаланғанда ғана берік болмақ. Бұл шағын мемлекет өз отбасы
мүшелеріне психологиялық және әлеуметтік сенім берумен қатар басқа да
мәдени мұраларды келер ұрпаққа жеткізіп отырады, сондай-ақ отбасы
қоғамның іргетасы және ең маңызды ұйытқысы екені баршамызға мәлім.
Сондықтан отбасы мықты болса, одан құралған қоғам да соншалықты мықты
болады. Демек, мықты қоғам, жақсы отбасынан құралады.
Отбасы қазақы ортадағы қасиетті ұғым. Себебі ол - ізгі тәрбиенің қайнар көзі,
мейірім, махаббат бастауы, саналы тұлға қалыптасуына негіз болар басты
іргетасы, бал дәурен балғын шақтың жылы естеліктеріне толы ыстық ұя және
оны
қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның
негізгісі - баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік -
557
мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірбиесін жас
ұрпақа жеткізу, бойына сіңіру, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және
қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке шешенің маңызды міндетті.
[1].
Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып
енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен
әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға
болмайды.
Әрбір жеке адам өмірінің маңызды бастауы, рухани өзегі отбасы.
Мұндағы негізгі мақсат - отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы
ұғымының қоғамдық санамен сабақтасқан ішкі үйлесімін қалыптастыру,
әлеуметтік мемлекеттің негізі болар бала мен оның құқығын қорғау.
Негізінен отбасының рөлі төмендеген кезде бала сыртқы ортаның әсеріне бейім
болады. Дала мен өзге орта ережелері басымдық алғанда ата-ананың тәлімі
азайып, абырой-беделі кеми бастайтыны шындық. Бала естігеніне емес,
көргеніне, байқағанына көбірек сенеді, сондықтан қасында жүрген ата-анасы
мен бауырлары - оның үлгі тұтар іргесі де, сенім артар тұғыры да. Біз отбасын
сақтау, оның қоғамдық қызметін аса маңызды институт ретінде бағалау арқылы
ғана мемлекеттің болашағына зор үмітпен қарай аламыз.
«Балапан құс ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді халық даналығы.
Себебі,
отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының
қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы
адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің
жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
[2].
Ұрпақ өн бойына ізгі адамгершілік нәрін сіңіру, ғұмыр жолында бағыт нұсқар
шамшырағындай жарқын үлгі көрсету, өнеге-тағылымы мол дүниелерге,
жақсылық атаулыға баулу - ата-ананың басты парызы. Береке-бірлігі, тату
тірлігі жарасым тапқан жанұя - салауатты қоғамның басты тірегі.
Ата-ананың жүріс-тұрысы, сөйлегені, іс-әрекеттерінің барлығы барлығы бала
үшін үлгі. Осы негізде бала алдында ата-ана өте байсалды, сабырлы болып,
жақсы тәрбие көрсетуі керек. Мәселен Абай Құнанбаевтың он тоғызыншы қара
сөзінде: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып
ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені
көп болған адам білімді болады.
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы,
өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы - бәрі де үлкен мектеп,
тәрбиелік мәселе. [3].
Отбасы - шағын мемлекет. Отан отбасынан бастау алады. Жанұя бақыты
жолында тәуекелге бас тігіп, жауапкершілік жүгіне арқа тосқан жан ғана қоғам
алдындағы азаматтық борышын адал өтей алмақ. Бұл- еш жерде жазылмаған
өмір заңы. Сол себепті ой-санасы, сезім сарайы, жан дүниесі үйлесімді тұлғаны
бақыт мекені-отбасында тәрбиелеп өсіру баршамыздың адами борышымыз
екенін сәл де болса естен шығармауымыз қажет.
558
Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе,
қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол»,- дейді. [4].
Отбасы көптеген коғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың,
құқықтанудың, этнографияның, психологияның, педагогиканың, саясаттанудың
және демографияның зерттеу объектісі болып саналады. Олардың әрқайсысы өз
пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше
жақтарын жете зерттеп қарастырады. Мысалы, әлеуметтану отбасына талдау
жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір
әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады,
сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын
нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады.
Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі.
Мемлекет отбасына өзінің отбасы және неке туралы заңдарымен ықпал етіп,
отбасы мүшелерінің бір-бірімен және олардың коғаммен, мемлекетпен қарым-
қатынастарын реттеп отырады.
Қоғамның өзге де институттары сияқты отбасы да қоғам үшін маңызды белгілі
бір функцияларды атқару үшін қабылданған нормалар мен процедуралардың
жүйесін құрайды. Бұл жағдайда отбасы неке немесе адамдардың туыстық
қатынастары арқылы байланысқан топ ретінде анықталады. Ол балаларды
тәрбиелеуді қамтамасыз етеді және басқа да қоғамдық маңызы бар
қажеттіліктерді
қанағаттандырады.
Көптегене
қоғамдардағы
отбасы
функциялары бір-бірінен соншалық деңгейде ерекшелене қоймайды, ал
отбасында қалыптасқан дағдылар мен әдет-ғұрыптар осы функцияларды жүзеге
асыруда адамдарға үлкен көмек көрсетеді. [5].
«Адал неке», «адал жар» деген қасиетті ұғымдардың мәні мен маңызы
жоғалып, жаңадан ғана отбасын құрған жас жұбайлар көп ұзамай өзара
келіспей ажырасып жатыр. Негізі ажырасқандар әртүрлі себептерді алға тартып
жатады. Солардың ішінде көп кездесетіні өскен ортасы, көзқарасы қысқасы
әлеуметтік-мәдени жағдайлардың барлығы.
Көп жағдайда ерлі-зайыптылар өздерінің міндеттерін толық орындамауының
салдарынан шаңырақтары шайқалып, отбасының ажырасуларына апарып соғып
та жатады. Нәтижеде екі жақ жарымжан жанға айналады. Рухы күйзеліп,
халдері нашарлайды. Мұның себебі ерлі-зайыптылардың арасындағы
түсінбестік, көзқарастарының әрқилылығы, келіннің ата-енесімен сыйыспауы,
әлеуметтік жетіспеушілік, қайсы бірінің жаман әдетке үйір болуы секілді т.б.
Дегенмен, шариғат аясында аталмыш мәселе тұрғысында саралайтын болсақ,
бүгінгі күні кейбір ағымдар арасында өзекті проблемаларына айналғандығы да
мәлім.
Бұған байланысты дінтұрғысында «Талақ» мәселесіне қарасты шариғат
заңнамаларын бұрыс идеологиялық ағымдар өз нәпсілеріне қоласты етіп, өзара
ажырасу шарттары мен себеп-салдарын бұрмалау үстінде пәтуа шешімдерінің
салғырттығы салдарынан қаншама апа-қарындастарымыздың көз жастарына
күәгер болып жатырмыз.
559
Мұсылман құқығы талақ үкімін жанұяны бұзу үшін емес, қайта жанұяның
беріктігі үшін қолданады. Яғни, жұбайлардың үйленбестен бұрын жіберген
қателігін немесе жанұя болғаннан кейінгі қателікті түзету үшін талақ үкімі
жүзеге асырылады. Сонымен бірге, «талақ» үкімі арқылы тараптар кеште болса
өздерінің қателіктерін түзетіп, яғни ажырасып, психологиялық немесе
материалдық тұрғыда өзіне тең жар табуға мүмкіндік алады. Мұсылман
құқығында «талақ» ету құқығы ер адамға берілуінің себебі, ер кісі әйел
психологиясынан
ерекше
салмақтылығы
және
шешім
қабылдауда
байсалдылығы негізге алынған. Сондай-ақ, Исламға дейін арабтар әйелдерін
қалаған кезде талақ етіп, қалаған уаұытта қайта алатын болған. Отау құруды
ойыншыққа айналдырған осы әрекетке Хақ дін тыйым салу мақсатнында үш
талақпен шектеген.
[6].
Айтып кеткеніміздей жастардың қалаған уақытта үйленіп, қалаған уақытта
«талақ» деп ажыраса салуы қоғам дерті және осы келеңсіз жағдайларды алдын
алудың жолы отбасы болып табылады. Әрбір ата-ана жақсы тәрбиеден де
маңызды еш нәрсені мұра етіп қалдыра алмайды. Отбасында баланың
қажеттіліктері, баланың жеткіншек тұлғасының негізі болып есептелетін тәрбие
мен әдеп осы жерде беріледі. Бұл табиғи ортада бала көргендері мен
естігендеріне еліктеп, қабылдайды. Отбасы жетістігі баланы тәрбиелі, иманды,
инабатты етіп өсіруінде болып табылады.
Сөз түйіні, ажырасу отбасы мүшелерінің барлығына, әсіресе жасөспірім
балалардың енді ғана өсіп келе жатқан тұлғалық қасиетіне айтарлықтай
зардабын тигізеді. Сондықтан да отбасында ажырасуды болдырмау, оларды
алдын-алу қоғам алдында тұрған жалпы міндет деп санаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |