Әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы.- Астана, 2010.
2.ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа бастауыш білім беру стандарты. Жоба.-
Астана,2014.
3.Педагогикалық энциклопедия. -Алматы, 2009. -456 б.
591
4.Сабыров Т. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. Алматы 2003ж.
ӘОЖ
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ
ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Молдагулова Гулбахар Кадиркулова
– бастауыш сынып мұғалімі
С.Ерубаев атындағы №24 IT мектеп -лицейі, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В данной статье рассматривается использование активных методов обучения.
Summary
In this article given information about active methods of teaching.
Ел Президенті Н.Ә Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты
халыққа жолдауында «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің
қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті
ұрпақ керек» деген. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа
қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында
«Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және
«Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындап
отыр. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру
бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен
тығыз байланысты. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен
қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз
бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық
үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын,
мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Қазіргі кезде Қазақстанда жаһандық
проблемаларға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәтіндегі жұмыстар
жүргізілуде. Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға,
оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті
құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін
арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап
етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәтіні арқылы ұлттық сананы
қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара
әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау
жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі
болып табылады. Осы реформалау аясында бастауыш сыныптарға арналған
білім беру бағдарламасы да өзіндік ерекшеліктер де бар. Бұл оқушылардың
оқылым, жазылым, айтылым, проблемаларды шешу, ғылыми зерттеу жүргізу
және анықтамалық материалдарды зерделеумен байланысты дағдыларын
дамытуға көмектеседі. Оқушылар бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәндік
саланы түсінетіндігін көрсете отырып, алдағы уақытта осы білімдерін басқа
жағдайларда қолдана білулері қажет. Сондықтан оқушыларды өз білімдерін кез
592
келген жағдайға қалай бейімдеу керектігін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез
келген күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды болып
табылады. Жаңаша білім беру жүйесінде белсенді оқытудың әдістері жеке
тұлғаның қалыптасуында маңызы зор. Оқытудың белсенді әдістері – оқу
материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық
әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді
баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың
белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен
біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді.
Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері олардың негізінде практикалық және
ойлау әрекетіне ояту жатыр. Онсыз білімдерді игеруде алға жылжушылық
болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың
алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен
қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің
қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б. жаңа міндеттер қойылуымен
байланысты. Мұғалім оқу үрдісінде белсенді оқу стратегияларын тиімді
қолдану оқушының кез-келген материалды жақсы меңгеруіне ықпал етеді. Қай
сыныпта болмасын білімді меңгеру оқушының оқу мақсатын түсінуіне
байланысты. Білім беру жүйесінің жаңартылған бағдарламасына сәйкес
күнделікті сабақ барысында оқу мақсатын түсінген оқушы тақырыпқа
байланысты тапсырманы орындай алады. Бұл үшін жаңа тақырыппен жұмыста
ең алдымен мұғалімнің дұрыс нұсқау беруі маңызды орын алады. Яғни оқушы
ерекше назар аударатын мәселелерді назардан тыс қалдырмайды. Белсенді
оқыту мен оқу әдістерін таңдау, пайдалану және әзірлеу – оңай жұмыс емес,
өйткені мұғалімдерде қандай да бір тәсілді қолданардың алдында көптеген
сұрақтар туындайды, мысалы: • Осы сабақ білім алушылардың жасына сәйкес
келе ме? • Сыныпта қандай балалар жиналған, мысалы, қабілеттерінің
деңгейлері әртүрлі, саны, жынысы және т.б. • Жекелеген оқушыларда
жоспарлау барысында ескерілуі тиіс белгілі бір мұқтаждық, өзіндік мән-жайлар
бар ма? Мектепте қолданылатын неғұрлым тиімді белсенді оқыту әдістерге: -
Дәстүрлі сабақты дәстүрлі емес басталуы; - Проблемалы сұрақтар қою және
шешу, проблемалы жағдаяттар құру; - Релаксацияны және қорытынды
шығаруды ұйымдастыру; - Оқу материалының тұсаукесері; - Индуктивті және
дедуктивті логикалық сызбаларды пайдалану; - Интербелсенді оқыту
формаларын немесе олардың элементтерін пайдалану. Белсенді оқудың
тиімділігі оқушы өзінің ой-пікірін еш бүкпесіз айтуға, сонымен қатар басқа
адамның айтқан пікіріне құрметпен қарауды үйренеді. Бірлесіп оқу
технологиясы оқушыларды тың идеяларды ұсынумен қатар олардың жаңа
мүмкіндіктерді қолдануға бағыттап отырады. Белсенді оқудың тиімділігі білім
алу үрдісінде оқушының жеке көзқарасы мен басқалардың пікірімен санаса білу
мәдениеті қалыптасады. Оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу барысындағы
негізгі мақсаты – қиын тапсырмаларды орындауда, топтық жұмыстарда, ортақ
тіл табысу кезінде, өзін-өзі басқара білуде қажет болатын дағдыларды
593
қалыптастыру. Тыңдалым – айтылым дағдысын қалыптастыруда белсенді
оқудың тиімділігі адамның ойлау қабілетін дамытады. Өйткені, оқушы
айтылғанды тыңдап, қабылдап және оны түсінуге үйренбейінше, басқа
дағдыларды жеткілікті деңгейде меңгере алмайды. Белсенді оқыту мен оқудың
белгілі бір әдісін пайдаланардың алдында мұғалімдер өздеріне әртүрлі сұрақтар
қойып, өзінің үдерістегі рөлі мен іс-қимылын ұдайы ойластырып отыруы керек.
Белсенді оқу тәсілі жаңа білімді бұған дейінгі біліммен байланыстырады,
қателіктер бізге өзімізді тексеріп, түсінігімізді жетілдіруге жол ашып,
нәтижесінде терең білім мен көзқарасты өзгертеді. Белсенді оқуда өз
тәжірибесінің негізінде үйреніп, оқушыларға эксперимент жасап, мәнін
ұғынып, түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бірлескен оқу тәсілі
құрылымдалған топтық жұмыстан тұрады. Бұл әдісте тұлғааралық қарым-
қатынас дағдылары жетіліп, ақпарат алу және жоғары деңгейлі ойлау
дағдылары дамиды. Оқу пәндері арасында байланыс орнату білім беру
бағдарламасының аясын кеңейтіп, теңестіреді, тереңірек білім алуға мүмкіндік
береді, көптеген дағдыларды қалыптастырады, түсінік пен дағдыларды
дамытуға көмектесе алады, оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне
көмектеседі, оқуға деген уәжді арттыра алады. Оқушылардың қажеттілігін
қанағаттандыру тәсілінде оқушылардың оқуға қолдау көрсету мақсатында
тексеру және кері байланыс ұсынылады. Яғни, уәжді және өзін-өзі бағалау
деңгейін арттыра отырып қай бағытта оқыту керектігін анықтауға көмектесеміз.
Сонымен бірге оқушылардың өз жұмысын жақсартуына мүмкіндік беріп,
оқушылардың барынша тиімді оқу жолдарын түсінуіне көмектесеміз.
Оқушылар өзара әңгімелесу арқылы тапсырмаларды талқылауы бір-біріне білім
мен дағдыларды үйрете отырып, тақырыпты терең түсінуіне жол ашады.
Оқушылардың өз үлгерімі туралы ойланып, әрі қарай не істеу керектігі туралы
шешім қабылдауына мүмкіндік ала отырып, тапсырманы күрделендіріп,
оқушылардың оқуға деген уәжін арттырып отырады. Оқыту процесінде білім
алушының қойылған оқыту мақсаттарын түсінгендігін растау ретінде басқа да
оқу міндеттері қойылып және тиімді сыныптық пікірталас қалыптасқаны
маңызды. Мұғалімнің тұрақты түрде кері байланыс жасауы білім алушыларды
алға қарай жылжуға, жақсы нәтижеге жетуге ынталандыратын болады.
Оқушының білімге деген ынтасына мұғалім мен ата-ана, қоршаған орта әсер
етеді. Мұғалім белсенді әрекет ете отырып, оқушылардың танымдық қабілетін
дамытып, ғылым негіздерін игеруге, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен
іскерліктерін қалыптастырып, оқушының рухани, физикалық және еңбек
қабілеттерін жетілдіріп, еңбек және кәсіби дағдыларын дамытуда аянбай еңбек
ету қажет.
Әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ҽ.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. –
Астана: Елорда, 2014ж.
Тойлыбаев Б.А. «Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халықтық
педагогика элементтерін пайдалану» п.ғ.к., дисс. авторефераты. Алматы, 1995.- 83 б.
594
Ахметов Н.К. "Ойын арқылы жоғары оқу орындарында педагог кадрларын әзірлеудің ілімі
мен практикасы" п.ғ.д., диссертациясы. Алматы,1994.-92 б.
Достарыңызбен бөлісу: |