ӘОЖ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ
АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЖОЛДАРЫ
Мантай Г.М.-М1301-19 тобының магистрі
Ғылыми жетекші: Таутаева Г.Б.-п.ғ.к.,доцент
Сейілбек:Ж-М1301-19 тобының магистрі
Ғылыми жетекші: Жапбаров А.-п.ғ.д.,профессор
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,Шымкент
Резюме
В статье рассматривается значение предмета самопознания во время
духувного возрождения.
Summary
574
The article deals with the formation of moral and spiritual qualities through game
technologies in primary classes.
Балалардың бірлескен түрінің аса маңызды түрі және оқуды, еңбекті, басқа да
істерді ұйымдастыру тәсілдерінің бірі ретінде ойынның үлкен орны бар, ол
әсіресе 1 сыныпта өте маңызды. Сюжеттік-шығармашылық ойындардың
мазмұны мұғалімдерге балалардың назарын адамлардың өзара қарым-
қатынастарының адамгершілік жағына аударуына жәрдемдеседі. Ойынның
ережелері ойын қызықты болуы үшін қажетті адамгершілік нормаларды қатаң
орындауды
талап
ететіндей
болуы
керек.Н.К.Крупская
ойынның
байқағыштыққа, ептілікке, өзін-өзі ұстай білушілікке және басқа мінездерге
тәрбиелейтінін атап айтқан.
А.С.Макаренко; «Ойынның адам өміріндегі маңызы зор, ол енбекке даярлық
болып табылады және бірте-бірте еңбекке ұласуы тиісің деп атап көрсеткен
болатын. Дегенмен ойындар әдетте тәрбие мақсаттары үшін әлі де жеткілікті
дәрежеде қолданылып келе жатыр деп айта алмаймыз. Шындап келгенде
мектепке бару көптеген оқушылар үшін бұдан әрі ойнауды қойып, бірден
елеулі іске – еңбекке, оқуға ауысатын шепке айналып кетеді. Мұғалімдер
балаларға ұдайы «есею керектігін айтумен болады, ал ата-аналар бұл пікірге
қосыла отырып, үйде де ойынға бөлінетін уақытты шектеуге тырысады. Бірақ
балалар бұған қарамастан кез-келген бос уақытында: үзіліс кезінде, аула ішінде,
үйде, жалғыз да, басқа балалармен бірге ойнайды. Ойындары да алуан түрлі:
шығармашылық, стол үстілік, қимыдды болып келеді. Осы ойындардың
көпшілігіне баланың өз тәжірибесі, оны қоршағын өмір, кітаптардың,
кинофильмдердің мазмұны арқау болады.Ұжымдық ойындар балаларды
топтастырады, олардың арасында жолдастық қарым-қатынастың қалыптасуына
көмектеседі. Мұндай ойындар кезінде балалар өздерінің іс-қимылдарын
ойынның басқа қатысушыларының іс-қимылдарымен келісіп алуға, оз
жолдастарына әділ болу жөнінде ережелерді орындауға тиіс. Балалардың
көптеген ойындарында: кім бәрінен де мерген, бәрінен де епті, бәрінен де тез
дейтін бәсекелі элементтер бар. Ойында біреулері жеңсе, енді біреулері
жеңіледі. Мұндай жағдайлар тәрбиесінің бірінші сынып оқушыларының
ұтылғанда да, ұтқанда да әлпетті болып қалыптастыруына мүмкіндік туғызады,
ол ізгілікке, жолдасына көмектесіп, оған әлі жасай білмейтінін үйреткісі
келетін тілекке негізделеді.Балалардың ойындары рольдерді, ойыншықтарды,
материалдарды бөлісуден, кезекшілік белгілеуден, т.б. басталады. Бір рольдер
қызықтырақ, ал енді біреулерінің қызығы шамалырақ болады; ойыншықтардың
ойнаушылардың санынан аз болатыны да кездеседі, сондықтан әркімге өз
кезегін күтуге тура келеді. Балалардың адамгершілік сапасы міне, нақ осы арада
көрінеді. Әйткені бөлісудің әділ болуы немесе күш, айлакерлік принципіне
негізделген әділетсіз болуы мүмкін ғой. Ойын үстінде мінез нормалары, ненің
жақсы, ненің жаман екені, қандай жолдастың жақсы, қандай жолдастың жаман
екені туралы түсінік қалыптасады.
575
Ойындардың мазмұны адамгершілікті болуы керек, яғни оларда қоғамдық
өмірдегі оқиғалардан, адамдардың өзара қарым-қатынастарынан, еңбегі мен
демалысынан байқалған жайттар көрінеді.
Ойнаушы топтар 4-5 адамнан, ал командалық ойындарда 8-10 адамнан
құрылғаны дұрыс. Топтарда адам санының аздығы балалардың бір-бірімен
белсенді өзара қарым-қатынас жасауына; жолдастық пен әділеттілік сезімдерін
білдіруіне, ойында басқаларды өздереіне көндіруіне және өзінің де
жолдастарының айтқандарын істеуіне мүмкіндік береді.
Ойнайтын топтар балалардың тілегі бойынша құрылса, біздер олардың өзара
қарым-қатынастарын анықтай аламыз. Кей балалар басқалармен де ойнауға
құмар келеді. Бірақ басқа балалармен ойнай алмайтын немесе ойнағысы
келмейтін де балалар бар. Ешкіммен де ойнағысы келмейтін балаларға ересек
адамдар тарапынан айрықша қолдау көрсетілуі қажет. Ондайларды ойынға қосу
– міндеттердің бірі.Мұғалімнің міндеті – ойнап жүрген балаларды мұқият
байқап, олардың адамгершілік деңгейін анықтау, сөйтіп дұрыс гуманистік
қарым-қатынастарды қалыптастыруға белсенді ықпал жасау. Бұл үшін ұялшақ,
жүрексінгіш балалардың өздеріне жолдастар табуына көмектесу, балалардың
ойындағы алғашқы жетістіктерін, олардың көрсеткен жолдастық қарым-
қатынастарын бағалап отыру керек.Төменде бастауыш сыныпта өткізуге
мүмкін кейбір ойындарды ұсынамыз:
«Сыпайылар қаласың. Бұл ойынды оқу жылының аяғында өткізуге болады;
онда бабалардың жыл бойына үлгергендерін қорытындылауға мүмкіндік
болады. Ол үшін оқудан тыс күн бөлінеді. Бұл күрделі ойын. Балалардың
қоғамдық жерлердегі (дүкен, автобус) мінез-құлықтың қарапайым ережелерін,
жұмыстағы. Ойындардағы жолдастық ережелерін білуге тиіс.
Мектеп ойын өтетін кезде қалаға айналдырылады. Онда “почта”, “дүкені”,
“кинотеатр”, “стадион” болады. Ойнаушылар қалада кім қандай қызмет
атқаратыны жөнінде рольдерді өзара бөліседі. Ойынға қатысушылардың бәрі
«қаланың тұрғындары болады, ал бір бөлігі жұмысшылар мен қызметкерлердің
міндеттерін атқарады. Бұлар “сатушылар”, “шеберлер”, “киномеханиктер”,
“кассирлер”, “бақылаушылар” т.б. Әр ойыншының “ақшасы” мен қатырма қағаз
жетондары болады, олар “қаладағы” тәртіп ережесі бұзылған жағдайда қайтып
алынады.
Ойынға бәрі дайын болғанда балалар топтары бір-біріне экскурсияға
барады. “Экскурсия жетекшілері” жануарлар туралы әңгімелейді, экскурсияға
келгендер сұрақтар қояды. Егер оған “экскурсия жетекшісінің ” өзі жауап
қайтара алмаса, ол мұның жауаптарын кітаптардан табуға, ересек
адамдардан сұрап білуге тырысуға міндетті.
576
Ойын үшін түрлі жануарлар бейнеленген картиналар, пластилин, түрлі түсті
және ақ қағаз, кілем, қылқалам, қалам, текшелер керек.
Бастауыш сынып оқушылары үшін мұндай ойындарды көптеп ойлап табуға
болады. Ойын бұған уақытымен жағдайлары бар балалардың талап-тілегі мен
ерекшеліктеріне қарай мұғалімнің қалауы бойынша таңдап алынады.
Әрбір тәрбиешінің негізгі міндеттерінің бірі — балалардың қатынас өрісіне ену,
олардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеу, қатынас мәдениетіне баулу.
Бұл қатынас мәселелері адамгершілік тәрбиесімен тығыз байланысты. Бұл
арада тәрбиеші жалпы адамзаттық құндылықтарды негізге алады.
Ең биік құндылықтардың бірі – адамның өмірі. Оған озбырлық жасауға
ешкімнің құқы жоқ. Келесі саған өмір сыйлаған, дүниеге әкелген анаңның
алдында бас ию. Туған жер, отбасы – бұл құндылықтардан адамның ары,
абыройы нәр алып, қоректенеді, оның еркіндікке талпынысы, патриоттық,
азматтық қасиеттері қалыптасады. Өзінен басқа адамның да өзіңдік
ерекшелікке, өзіндік пікірге құқылы екендігін мойындайды. Егер осы қасиет
бала кезінен қалыптасса, ол сонда ғана басқа адамдардың қоғамның дамуына
мүмкіндік бере алады.
Бұлардың барлығын бірден түсіну, әрине, өте қиын. Бірақ оларды күнделікті
өмірде балалар ұжымының даму бағыттары ретінде алып отырса, олар
адамдардың қылықтарын,араларындағы қатынастарды реттеп отыратын
ережелерге айналатыны сөзсіз. «Балаларды қорғаушы тұрғысынан алатын
болсақ окқ өрісіндегі сәттілікке жетелеудегі тәрбиешінің жұмыс бағыттары
ерекше қырынан көрінеді. Әрбір тәрбиешінің басты назарында – оқушы –
Адам, оқушы – тұлға, әр оқушының ерекше қасиеттері, оларды қоргау, дамыту
міндеттері тұрады.
Тәрбие сағаттары – мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беру
міндетін мұғалімнің ойдағыдай шешуіне мүмкіндік туғызатын сыныптан тыс
жұмыстардың қызықты бір формасы. Төменгі сынып оқушыларының жас
ерекшеліктерін, олардың алуан түрлі істермен әуестенуге ұмтылысын, тұрақты
сараланған қызықты істерінің жоқтығын, сондай-ақ балалардың бір жақты
жетілуін болғызбау қажеттігін ескере отырып, тәрбие сағаттыран ескеруіміз
керек.
Тәрбие сағаттарын өткізу барысында мұғалімніғ позициясы өзгеріп отырады.
Егер сабақ үстінде мұғалім оқу-тәрбис процесін бірден-бір ұйымдастырушы
болса, тәрбие сағаттар жүйесінде ол бәрінен де тәжірибесі мол, жасы үлкен,
ақылды жолдас, балалардың барлық істері мен ойын-сауықтарындағы кенесшісі
болады.
577
Бастауыш мектеп оқушылары мектеп табалдырығында көрген өнегесі өміріне
арқау болу үшін әр тәрбие сағатының осы тәрбие процесінде алатын орнын
нақты анықтап, онын тақырып, ұйымдастыру формаларын алдын-ала анықтап,
даярлауға, өткізуге оқушылар мен ата-аналарын тарту қажет. Ата-аналар
кеңесінің төрағасы, кеңесшілері, мектеп ұстаздары тәрбие сағатына үлгілі еңбек
қайраткерлерін, ақылгөй қарттарды мәртебелі ағалар мен аналарды шақырып,
кездесулер өткізудің кішкентай баланың сана-сезіміне тигізетін әсері мол
екенін ескерген жөн.
Тәрбие сағаттары әр түрлі тақырыпта, әр түрлі мазмұнда, әр түрлі формада
өткізілелі, яғни оның бағыты мұғалімнің біліміне, шеберлігіне, оқушылардың
өмір
тәжірибесі
мен
қызығушылықтарына
байланысты.
Неғұрлым жоғары кең үлгідегі әрбір тәрбие сағаты балалардың нағыз
мерекесіне айналады.
Тәрбие сағаттары барысында ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрып негізінде,
ұлттық этикет нормалары негезінде тәрбие беру мүмкіндіктері мол.Қазақ
халқының ұлттық мінез-құлқына тән негізгі қасиеттері: мейірімділік,
кеңпейілділігі, сөзге беріктігі әңгімелесу арқылы осы қасиеттерді бойына
сіңіру, үлкенді сыйлау, адалдық, имандылық, әділеттілікті билік ұстау сияқты
әдет пен ғұрып қағидаларын үйрету дұрыс.
Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу бағытындағы тәрбие
сағаттарының кейбір төмендегідей тақырыптарын ұсынамыз:
Кең болсаң – кем болмарсың.
Адалдық – қастерлі мінез.
Сөзі райлының- жүзі шырайлы.
Сыпайылық – адамды қоректендіреді.
Көптің мүлкін көргенсіз алар.
Үлкеге – құрмет, кішіге – ізет.
Ұл – ұятымен, қыз – кылығымен көрікті.
Қатыгездік қайдан шығады (пікірталас).
Арынды жастан сақта.
Имандылық бастауы не? (пікірталас).
578
Сәлем- сөздің анасы.
Достық – өмір кілті.
Иман және инабат. т.б.
Әдебиеттер
1. Құрманбаева С.К. «Алматы» 2004 ж. «Ұлттық ойындардың бүгіні мен келешегі»
2.Саханова С.А Ұлттық ойындар. // Бастауыш сынып=Начальная школа. - 2009. - № 5. - С.
11-13 б.
3. "Білім туралы" жаңа заң сапалы білімге кепілдік береді [Текст] / Ж. Түймебаев // Егемен
Қазақстан. - 2007. - 16 тамыз
4.Наурызбаев Ж. «Алматы» Ана тілі 1995 «Ұлттық мектептің ұлы мұраты» Оқушыларға
мәдени- этникалық білім беру туралы
5 Айтмамбетова Б. Педагогика тағылымдары: мұғалімдерге арналған көмекші құрал . -
Алматы : Рауан, 1993. - 87 б.
Достарыңызбен бөлісу: |