606
тарихи дереккөз ретіндегі маңызына ерекше мән береді. «Қазақ шежіресінде
адам-тарихтың негізгі тұлғасы, ал адам сапасы - тарихтың қозғаушы күші»
деген пікірлері ұлттық тарихқа әлемдік тарихтың деңгейлерімен сыңаржақ қана
бағалауға болатынын байқататын ой айтады. Екіншіден, ғалымның сондай
ғылыми негізі берік, тұжырымды ойларының қатарында қазақ шежірелерінің
Қазақ хандығы құрылған соң қайта жинақталып, жіктелгені жайлы пікірлерін
қосар едік. Ғалым кез келген қазақ шежірелерінде келтірілетін ру-тайпалардың
аталарының санына қарай таратқанда 24-25 атадан аспайтын тұстарына қарап
осындай қорытынды жасаған. Бұл ғылыми танымнан алшақ емес. Сонымен
бірге ғалым одан да көп санды шежіре деректердің ел ішінде кездесетін
тұстары бар екенін де тілге тиек ете отырып, халықтың тарихи санасын
қалыптастырып сақтап келген шежірелердің тарихы тереңде жатқанын
байқататын да пікірлерін білдірген. Үшіншіден, ғалым өз пікірлерін тек
фольклорлық деректерге ғана негіздеп қоймай тарихи жазба деректердегі
материалдарды, этнографиялық, мәдениеттанулық және археологиялық т.б.
деректермен толықтырып отырады. Бір сөзбен айтқанда, кешенді зерттеу
әдістерімен қарастырады. Ең бастысы қандай деңгейдегі еңбегі болсын ондағы
дүниені ұлттық мүдде тұрғысынан зерделеуге бейім. Ал өз кезегінде бұл
көпшілік мамандарға кейде жетпей жататын қасиеттер.
Әрине, баяндама аясында ғалымның шежіреге қатысты барлық зерттеулеріне
тоқталып шығу мүмкін емес. Бұл жерде біздің мақсат ғалымның қазақ
шежірелеріне қатысты бай мұраға ие екендігіне және оларды таратып елге
жеткізудің ғылыми жолдарына ерекше ден қойғанына көпшіліктің назарын
аударғымыз келеді. Сол бағытта ең алдымен ұлттық танымды арқау ете отырып
мәселеге келгені ұлттық тарихи сананың қырларын былайғы елдің тез түсінуіне
кең жол ашатын тұстарына көңіл бөлгеніміз артық болмас еді. Бүгінгі кәсіби
тарихшылар әзірлеуде бұл жайттар жас мамандар бойынан табылуы тиіс ең бір
керекті қасиеттердің бірі деп санаймыз.
Қазақ ғылымында «Ақселеутану» мектебінің тұлғатанулық бағыттары берік
қалыптасып келеді. Алдағы уақыттарда ол бағыттың жан-жақты, кешенді түрде
дамитынына ғалымның өзі қалам тартқан ғылым салаларының санының көптігі
мен сапасы ғана емес, сол еңбектерді бүгінгі және кейінгі ізденушілерінің
тұлғаның асқақ армандарымен қоса қаншалықты меңгергеніне тікелей қатысты
болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: