608
білімге құштар және ізденгіш келетін жастар қылмыс әлеміне кіріп жатқаны
жанға батады. Бүгінде Қазақстандағы халықтың жалпы санының 27,8 пайызын
құрайтын 14 пен 29 жас аралығындағы жастар, олардың ішінде студенттердің
үлес салмағы 700 мыңнан астам. Бұл ретте ауылдық жерлердегі жастарға
қарағанда қала жастарының саны басым. Осы мәселені зерттеу барысында
әлеуметтік желі арқылы (instagram) жастардың арасынан сауалнама жүргізген
болатынмын. 100 адамның арасынан 94% ислам дінін, 1% христиан, 5%
атеисттер екенін көрсетті. Діни сауаттылығы бойынша 10% дінді өте жақсы
білетінін, басым көпшілігі нақтырақ айтсам, 80% толық білмейтінін, 9% аз ғана
сауаты бар екендігін, 1 адам ғана дін туралы мүлдем бейхабар екендігін
байқатты. Сонымен қатар, 50 адам діннің қоғамдағы рөлі аса зор болуын,
қоғамды реттеуші функция екендігін алға тартса, 30% дін саяси және қоғамдық
өмірден алшақ болғандығын жөн деп есептейді. Дінге деген көзқарастарын
қарастырар болсам, мешітке жиі баратын, дінді берік ұстанатын жандар ширек
пайызды құраса, тең жартысы дінді ұстанатындығын, дегенмен діни орындарға
бармайтындығын, 3%-ы діннің аса маңызы жоқтығын хабардар етсе, 7%-ы бұл
сұраққа жауап беруге қиналғандығын жеткізді.
Сонымен қатар дін жолында адасып, Сирия еліне аттанып кеткен
қазақтарды елге қайтару мақсатында «Жусан» операциясы жүргізілді. Бұл
көлемді акцияны ұсынған Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
болатын. Нәтижелі шаралар бойынша Қазақстанға 357 бала оралды. «Жусан»
гуманитарлық операциясының әсерінен мемлекетіміздің аса күрделі
мәселелерді тиімді шешуге қабілетті екенін айқындады.[3]
Қорытындылай келе, шиеленіскен дін мәселесінде бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы келешек жастарға рухани-имандылық құндылықтарын
арттыратын, экстремистік және террористік әрекеттерді дер кезінде
әшкерелейтін жұмыстар жүргізілген жөн. Мемлекет бекіткен діни сайттарға
ғана кіруге рұқсат етіліп, мектеп жасынан бастап тек мұғалімдер ғана емес,
түсіндіру жұмыстарына ата-аналар да ат салысуы қажет. Бұл жұмыстарды
бірлесе іске асыру үшін Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасына аса
басымдылық беру арқылы дінге деген көзқарасты туралай аламыз. Болған
мәселенің салдарымен күреспей себебіне терең үңіле отырып, кемел
болашақтың негізін қалайтын жас буындарды тура жолға салуды басты назарға
алғанды жөн деп есептеймін.
Әдебиеттер
1.
Н.Ә.Назарбаев «Сындарлы он жыл»
2.
http://www.din.gov.kz
3.
http://egemen.kz
Достарыңызбен бөлісу: