Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет192/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

Литература 


524 
1. Жунисбекова Д.А., Панзарбекова А., Керимбеков М.А. Методы и приемы стимулирования 
учебной деятельности в начальной школе. - Учебное пособие. МКТУ. Ротапринт ПСО. 
Шымкент, 1997. - с. 1-64. 
2. Жунисбекова Д.А. Формирование учебной деятельности учащихся начальной школы в 
процессе обучения математике. /«Ұлт тағылымы». Научное приложение Международного 
научно-педагогического журнала «Высшая школа Казахстана». -№1.– 2009.-С.189-194. 
3. Жунисбекова Д.А., Жунисбекова Ж.А., Керимбеков М.А. Организация учебной 
деятельности 
учащихся 
по 
решению 
математических 
задач 
в 
условиях 
дифференцированного обучения. /«Ұлт тағылымы». Научное приложение Международного 
научно-педагогического журнала «Высшая школа Казахстана». -№3(1).– 2009.-С.163-168. 
4. Жунисбекова Д.А., Бажиров Н.Т., Бесбаев Г.А., Суйгенбаева А.Ж., Байысбай О.П., 
Болысбек А.А. Дифференциарованное обучение и организация учебной деятельности 
учащихся по решению математических задач. // Материалы XV международной научно-
практической конференции «FUNDAMENTAL AND APPLIED SCIENCE – 2019». Шеффилд, 
Великобритания. – 2019. – Том 10, с.3-5. 
5. Искакова Л.Т. Методическая система дифференцированных задач как условие контроля и 
учета результатов обучения математике в средней школе: автореф. … д-ра пед. наук. – 
Алматы, 2005. – 42 с. 
ӘОЖ 152.26 
ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕГІ ҰЖЫМДЫҚ 
ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Темірханов М.Т.
– п.ғ.к., профессор, ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан

Кулсеитов М.Т.
– аға оқытушы, ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан 
Қойшыбаева Н.И. 
– п.ғ.к., доцент, М.Әуезов ат. ОҚУ, Шымкент, Қазақстан 
Резюме 
В работе поднимаются актуальные вопросы, связанные с ролью группового взаимодействия в 
классном коллективе современной школы. 
 
Summary
The paper raises topical issues related to the role of group interaction in the classroom of a modern 
school. 
Жас ұрпаққа білім берумен қатар, өздерінің құқықтарын жете түсіндіріп, 
олардың өз құқықтарына нұқсан келген жағдайда, қорғана білуге баулуымыз 
керек. Әр баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруда балның құқығына шектеу 
болатын 
негіздермен 
себептерге 
жол 
бермеу 
мақсатында 
оларға 
Конститутциямен, Заңмен қорғалатын құқықтарын жете түсіндіруміз қажет. 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27- бабының 1- тармағында: 
«Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекттің қорғауында болады», ал 
екінші тармағында: «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – 
ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» - деп жазылған. Бүкіл әлемде 
балалардың жағдайлары туралы көрсеткіштер сын көтермейді. Олардың 
арасындағы қылмыс статистикасында да өзгерістер бар, қылмыстық 
жауаптылыққа тартылған балалар саны өсуде, олардың арасында 
наркодиспансерде есепте тұратындар қаншама. Бала өлімінің деңгейі 


525 
жоғаылауда, олардың денсаулық дәрежесі көптеген мәселесілар туғызуда. 
Сондықтан балалардың оқу-тәрбие үрдісінде бір-бірімен ұжымдасуына жағдай 
жасай отырып, олардың қарым-қатысын нығайту, олардың достық-жолдастық 
көмектерін ұйымдастыру болып табылады. Қандай да болмасын бірлесіп іс-
әрекет етудің, қарым-қатынастың сөздер мен хабар алмасудан басқа астыртын 
тақырыбы бар. Бұл астыртын тақырыпта әр іс-әрекетке қатысушының өмірлік 
құндылықтары айқындалып,қарым-қатынас түрін анықтайды. Бірлескен іс-
әрекет жағдайының объективтік немесе формальдық құрылымынан басқа, 
формальдық емес,психологиялық,құндылық мағыналы құрылымы бар. Бұл 
құрылым бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайының адам мүмкіншіліктерімен 
сәйкес болуын сипаттайды. Яғни, оқыту үрдісіндегі бірігіп іс-әрекет жасау 
жағдайының психологиялық мазмұны осы жағдайдың психологиялық 
қасиеттері болып табылады. Бұл қасиеттер сезімдермен айқындап, оң сезім-
жағдайдың адамға сәйкес келуі, теріс сезім-сәйкес келмеуі. Сондықтан бірлесіп 
іс-әрекет ету жағдайына, қарым-қатынасқа психологиялық сараптама жасауда 
ең бастысы – нақты қарым-қатынастың психоло-гиялық құрылымын материал 
арқылы ажырыты білу. Ғалымдар қарым- қатынас жағдайында психологиялық 
құрылымын: 
бірігіп іс-әрекетке қатысушылардың психологиялық позициялары; 
олардың негізгі себептері; 
екі жақтың психологиялық мақсаттары; 
бірігіп іс-әрекетке қатысушылылардың тәртіп тәсілдері. 
Бірігіп іс-әрекетке қатысушылардың психологиялық позициялары: 
тең құқықты, бір деңгейдегі қарым-қатынас субъектілері, бірін-бірі өз 
мақөсатына жету құралы емес, құндылық ретінде қабылдайтын серіктестер, 
яғни олар әр субъектінің қайталанбас жеке тұлға екендігіне бағытталған; 
тең емес серіктестердің біреуі екіншісінің тәртібін және бағыттарын қатаң 
бақылап, бекітіп, оның өзекті жағдайын, тұлғааралық қарым-қытынас 
шарттарын ескермей, еркінен тыс керек арнаға бағыттайды. 
бірігіп іс-әрекетке қатысушылардың негізгі себептері мен бағытталуы: бірігіп 
іс- әрекет жасауға (серіктестің қажеттіліктері және қызығушылығы ескеріледі) ; 
Бірігіп іс- әрекетке қатысушылардың психологиялық мақсаттары:
серіктестің субъектілерін көтеру, яғни оның белсенділігін, өз бетінше жұмыс 
істеу қабілетін, ынталығын, жауакешілігін, оның адамгершілік қасиеттерін 
тірек ету. 
серіктестің субъектілігін басу, оның белсенділігін, ынталығын, адамгершілік 
сезімдерін шектеу. 
Бірігіп іс- әрекетке қатысукшылар тәртібінің тәсілдері: субъект – субъектілік 
қарым – қатынасқа тән: серіктес серіктесті тыңдайды , естиді , оған құндылық 
ретінде қарайды (оның жоспарларын , қызығушылығын , сезімдерін, тілектерін 
, уақытын , көзқарасын сыйлайды), өз бетінше шешім қабылдауға құқығын 
мойындайды және субъект – обьектілік қарым-қатынасқа тән: серіктес 
серіктесті тыңдамайды, естимейді, оған өз мақсатына жеру құралы ретінде 


526 
қарайды; өз бетінше шешім қабылдауға құқылығын мойындамайды; билік 
жасайды; серіктеспен манипуляция жасайды: қорқыту , әлімжеттік жасау; 
аяушылыққа жүгіну; саудалау (сен маған – мен саған ); серіктестің 
маңыздылығын уақытша көтермелеу; адамгершілік қасиетіне жүгіну (кінәлау, 
қарыздылық сезімін қалаптастыру ) .
Білім беру парадигмалардың өзгеруіне байланысты оқытудың приоритеттері де 
өзгеруі тиіс , яғни педагогикалық іс-әрекет бағыттары да өзгереді. Қазіргі күні 
мектеп оқушыларын белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз, 
бұл таңды оқушыларды оқуға, білім алуға үйрету міндетіне көп мән беріліп тұр, 
ал бұл психологиялық тұрғыдан – оларды «білім алғым , оқығым келеді»-деуге 
үйрету. Қазіргі білім беру жүйесінде педагогтар көбіне баланы еркінен тыс 
оқыту, бағаны саудалау, жазамен қорқыту жолдарын көп іздейді. 
Оқытуды интенсивтендіру күштеумен, зорлаумен іске аспайды. Оқушының 
мұғаліммен, балалардың бір-бірімен бірігіп орындаған шығармашылық 
жұмысы ғана оқуға қызығушылықты арттырады. Бұл мұғалім мен оқушның 
бірлесіп атқарған ойлау іс- әрекеті, білім алу үрдісін бірігіп ұйымдастыру. 
Ғалымдардың зерттеуі көрсетіп отырғандай, көптеген мұғалімдер бұл жағдайды 
түсіне бермейді , яғни алдына шешілуге тиіс кәсіби міндет қоймайды .Ал 
осындай міндет қойған жағдайда көптеген сұрақтар туындайды. Бірігіп 
орындаған іс-әрекет жағдайында оқушымен қарым–қатынас қалай өзгереді? 
Немесе бірігіп іс -әрекет ұйымдастыру үшін қандай қарым-қатынас құру қажет? 
Ол үшін мұғалімнің қандай коммуникативтік мүмкіншіліктері болуы керек Ол 
мүмкіншіліктерді қалай қалыптастыруға болады? Бұл сұрақтардың жауаптары 
ынтымақтастық 
педагогиканың 
немесе 
мағыналық 
педагогиканың 
психологиядан табуға болады. 
Жаңа (субъект–субъектілік) білім беру парадигмасында оқу – бұл оқушының 
өзінің көп компоненттерден: оқу міндетінен, оқу іс-әрекетінен, өзін-өзі бақылау 
және бағалаудан, өзінің психологиялық дамуындағы өзгерістерді бағалаудан, өз 
жеке тұлғасын сипаттаудан құралатын белсенді тұтас іс-әрекеті. А.Н.Леонтьев: 
«білімнен тәрбие алу үшін , білімнің өзіне қарым-қатынасты тәрбиелеу керек»-
деген. Оқыту барысында білімге, білім алу әдістеріне белсенді, ішкі қарым-
қатынасты дамыту қажет. Тек сол жағдайда меңгерілген білім және жұмыс 
әдістері жеке тұлғаны дамытады. Сондықтан білім берудің жаңа (субъект – 
субъектілік) парадигмасында оқытудың мазмұны мен әдістері әр жастағы 
оқушы білімінің тұлғалық мағынасына сәйкестігі тұрғысынан орындалуы тиіс. 
С.М.Жакупов: «Білім – сөздермен бекітілген ұғымдар, түсініктер жүйесі. Әр 
ұғымның екі жағы – объективтік мағынасы және субъективтік мәні бар. Яғни, 
өзінің ішкі, психологиялық тұрғысынан білім беру – екі байланысқан процестің 
– білім мен мағынаның бірлігі болады»-дейді. Мағына – объективтік пен 
субъективтіктің бірлігі. Оқудың мағынасы – бұл күрделі тұлғалық қалыптасу:
-баланың отбасында және әлеуметтік ортасында мақұлданған, қоғамда 
қалыптасқан өнегелік құндылықтарға негізделген білімнің объективтік 
маңыздылығын түсіну; 


527 
-бала өзінің оқу әрекетін өзі бағалау, бақылау және талаптану деңгейіне 
негізделген оқудың субъективтік маңызын түсіну; ал баланың талаптану деңгеі 
оның дәл қазіргі мүмкіншіліктері мен кейін болатын мүмкіншіліктері туралы 
түсінігімен анықталады. Бұл аспектілер оқу барыснда даму үрдісінде 
болғандықтан, оқудың мағыналық сапасы да өзгеріп отырады. Оқушының 
білімге бағыты да, оқу мотиві де оқу мағынасына байланысты.Оқу мағынасы – 
пән сапасының адамға , адам қажеттіліктеріне дәл қазіргі кездегі сәйкестігі 
болса, онда мұғалім мен оқушының бір мағыналық деңгейде жұмыс істеуі 
мағыналық педагогиканың негізгі қағидасы болады. Ал мағыналық педагогика 
даму құбылысы ретінде адам табиғатын толық ескеіледі. Бірақ бір мағыналық 
деңгейде жұмыс істеу қағидасы мұғалімнің алдына мәселесін қояды – жас 
ерекшелігіне сай бала оқушының тұлғалық мағынасына оқыту мазмұны мен 
әдістерінің сәйкестігін қамтамасыз ету. Бұл мәселесіның шешімі – дәл осы 
кезде адамға толық сәйкес келетін пән мағынасын беру, себебі баланың 
құндылық мағыналық шамасынан тыс нәрсе оның санасына кірмейді. Түйсіну 
заңына сәйкес, адам үшін сыртқы әлемдегі құндылығы және мағынасы жоқ зат 
адам санасынан көрініс таппайды. Сондықтан педагогтың әр бала 
қажеттіліктері мен мүмкіншіліктерін тез таба білу қабілеті мағыналық 
педагогиканың негізі болып табылады. Мағыналық сәйкестіктер эмоциямен 
берілетіндіктен, сәйкестікпен қамтамасыз ететін негізгі механизм – эмпатия 
(оқушының 
мағыналық 
құндылықтарына, 
мүмкінші-ліктері 
мен 
қажеттіліктеріне түсінушілікпен , тілектестікпен қарау). 
Л.С.Выготский: «баланың әлеуметтік болмыспен, үлкендермен бірігіп іс- 
әректке түсуі, оның психологиялық даму көзі болып табылады. Сондықтан 
жаңа мектеп приоритеті, құндылығы болып тек қана білім емес, білім алу 
жолдары болады. Сонда ғана білім сенімге көзқарасқа ауысады, оқушының 
тұлғалық негізін құрайды. Екі тұлға – мұғалім мен оқушы – диалог жағдайында 
бірін – бірі дамытатын шығармашылық үрдіс жүретін өмірлік кеңістік 
ұйымдастырылады. Оқушы білімді терең қабылдау үшін, мұғалім мен оқушы 
арасында қандай біріккен іс - әрекет болуы үшін: 
білім жеке тұлғаны дамыту үшін, саналы түрде қабылдануы қажет. Сабақты 
оқыту үрдісінде жаңа кең деңгейге – пәндік тақырыпты түсіндіру шеңберінен 
шығып, оқушының өмірлік бағыттарын оқу пәнімен кең көлемде байланыстыру 
арқылы – пәнаралық жаңа әдіске, қорытындылауға, заңдылықтарға, жүйелерге, 
жалпыадамдық құндылықтарға және мәселеселелер қажет. Бұл теориялық 
ойлау қабілетін дамыту арқылы мүмкін болатын құбылыс. 
теориялық ойлау арқылы пәннің жүйелік сапасы – құндылығы, мағынасы мен 
мәні танылады. Срндықтан оқушының ойлау әрекетін дамыта оқыту; оқушы 
мен мұғалімнің ынтымақтастығын ұйымдастыру (оқушы – субъект); әртүрлі 
көзқарастарды салыстыру, аргументтеу, негіздеу; топтық, ұжымдық жұмыс 
түрлерін, ұжымдық ойлау әрекеттерін ұйымдастыру арқылы дамыту қажет. 
Оқушының ойлау әрекетін ұйымдастырғанда, мәселесіны қайта тұжырымдап 
айту 
арқылы 
мағынасын 
өзгертуге 
болады. 
Мағына 
эмоциямен 


528 
суреттелетіндіктен теріс эмоцияны бейтарап эмоция арқылы оңға өзгерту 
мағыналық өзгеріске әкеледі: заттың, адамның, құбылыстың сәйкессіздігі 
бейтараптық арқылы сәйкестікке ауысады. Практикада бұл механизм құнсыз, 
мәнсіз нәрседен арылып, құнды, мәнді ұғымдарды түсінуге көмектеседі. Егер 
бала «мұның мен үшін қандай мәні бар?»-деген сұраққа жауап тауып, оқушы 
мәселесіның мағыналық сәйкестікті қалыптастыру және ойлау қабілетін 
реттестіру механизмі. Мағыналық реттестірудің тағы бір формасы – белсенді 
әдістер. Оқытудың белсенді әдістері оқушының танымдық әірекеттерін 
жандандыратын эффективті тәсілдердің бірі. Себебі оқушылар «қайраткер-
лерге», 
«ойшылдарға» 
айналып 
іс-әрекетке 
қатысушылар 
болып 
табылады.Ойлау – диалогтық құбылыс, өйткені ол топта, пікірталаста, айтыста 
туындайды. 
оқушының мотивтерімен жұмыс. Ой басқа ойдан емес, біздің санамыздың 
мотивациялық 
өрісінен 
туындайды. 
Оқушының 
ойлау 
әрекетін 
ұйымдастырғанда оқу мотивациясы сырттан болмау керек: мәжбүрлеу, күштеу 
көптеген оқушыларға кері әсер етеді. Баланың ішкі мотивациясы болғаны 
жөн:өз себептері, орындаған әрекеттеріне қанағаттану, өзін -өзі сыйлау. 
Қажеттіліктер (тек қана оқушы емес, адам болу, жай адам емес құзырлы адам 
болу қажеттілігі) және мүмкіншіліктер – белсенділік көзі. Сондықтан 
оқушының құзырлы адам болуға талпынысын сыйлау керек. Мұғалімнің кері 
байланысы бақылау және бағалау түрінде емес, нақты және хабарлы түрде 
болғаны жөн. 
жеке тұлғаға білім беру технология арқылы емес, кімге білім беріп тұрғаныңды 
түсіну арқылы болады. Сондықтан педагогтың өзінің түсінісудің тұлғааралық 
«меха-низмдерімен» жұмыс істеуінің мәні зор. Бұл оның мынадай 
қабілеттерімен айқындалады: 
- децентрация - өзін оқушының орнына қойып , әлемге баланың көзімен қарай 
білу, яғни оқушының пікірін қабылдау , оның пікірі мен тәртібіне теріс әсер 
болдырмау; 
- рефлексия - әр түрлі көзқарастар айтылған диалог кезінде, бірге талқылау, 
бірге шешім қабылдау кезінде мұғалім сырт көзге қалай көрінетінін түсіне 
білу; 
- Эмпатия – оқушының жан дүниесін, ойлары мен сезімдерін түсіне білу, бұл 
мұғалімнің оқушыға жақындығынан , оң көзқарасынан айәқындалады. 
Оқушының сұрақтары пәннің тақырыбы емес, «мен үшін оның қандай маңызы 
бар ?», яғни маған сәйкес келе ме ?-деген сөз. Сабақтың, тақырыптың, әдістің 
бала қажеттілігі мен мүмкіншілігіне сәйкестігі оның көңіл – күйінен көрінеді. 
Егер жағдай балаға сәйкес келмесе, теріс көңіл-күй пайда болса, онда 
фрустрация ( ренжу, қорқу, түңілу), агрессия, ойлау туындайды. Сабақтың 
мәселесілелі жағдайында бала көзқарасына, бағытына қайшылық пайда 
болғанда, теріс көңіл-күй пайда болады. Бұл жағдайда эмоция баланың өзіне, 
мұғалімге немесе өзінің әңгімесіне бағыттылуы мүмкін. Бірінші жағдайда – 
фрустрация, екіншіде – агрессия, үшіншіде – ойлау пайда болады. Бірінші және 


529 
екінші жағдайда мұғалімнің кері байланысы бақылау түрінде болып, оқушыны 
ойлауға, сезінуге, бір нақты үлгі бойынша өзін ұстауға мәжбүрлеп тұр, яғни 
оқытудың сыртқы мотивациясы туындады, ал үшінші жағдайда кері әсер хабар 
түрінде беріліп, таңдау бостандығы сақталып тұр , яғни ішкі мотивация 
ынталанды.
Субъект–субъектілік білім беру парадигмасына негізделген педагогикалық 
жұмысты ұйымдастыру қағидалары оқудың ішкі мотивациясын ішкі 
белсенділікті ынталандырады, яғни оқушылар білімінің жеке тұлғалық болуын 
және олардың тұлға ретінде дамуын қамтамасыз етеді. «Адамзатқа ең құнды 
және мәңгілік болатын – тәрбие» - деп аяқтаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет