ӘОЖ
«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ІС-
ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
Алимова Қ.Ш. магистр, аға оқытушы, Апашова А.Қ. магистр, аға оқытушы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В данной статье рассматриваются основы формирования исследовательской
деятельности учащихся на основе предмета «Самопознание»
Summary
This article discusses the basis for the formation of the research activity of the study based on
the subject "Self-knowledge"
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім берудің мемлекеттік
стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі
өзгеріп, бірінші кезекте бұрынғыдай оқушының пәндік білім, білік және
дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқушының оқу
әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын
қалыптастыру мақсаты қойылып отыр.
Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдердің
қатарына кіру стратегиясының шешуші басымдықтарының бірі – осы
заманғы білім мен озық ғылымды дамыту болып табылады. Білім беруді
дамыту векторы адам мен адамзаттың толыққанды өмір сүруінің басты
шарты ретінде алынған руханилықпен анықталатын өмір сапасын
қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл мәселені шешудегі бүгінгі күні
оқытушының басты мақсаты – өзіндік рухани-адамгершілік құндылықтарын
білім алушының бойына дарытып, оның жүрек түпкіріндегі рухани
қазынасын жарыққа шығару, әрбір білімгерді жеке тұлға ретінде жетілдіру
579
үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту. Осыған орай, білім беру
ұйымдарында өзін-өзі тану пәнін оқытудың маңызды мәселелерінің бірі
ретінде оқушылардың зерттеу іс-әрекетін қалыптастыру болып отыр.
Білім берудің басты мақсаты оқушыларды біліммен қаруландыру ғана емес,
оларда жалпы оқу біліктілігі мен дағды, құзіреттіліктерді қалыптастыру,
басты міндеті оқушы тұлғасының жан-жақты, үйлесімді дамуы үшін жағдай
туғызу деген түйін шығара аламыз. Ол үшін әрбір оқушының қандай да бір
өзіне тән қабілетін ашу және дамыта түсу керек. Барлық оқушының
табиғатынан зерттеуші болуға, оқуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылысы
жоғары болғандықтан, оқушы қабілетін ашу және дамыту құралдарының
бірі, біздің ойымызша, зерттеу іс-әрекеті болып табылады.
Бүгінгі таңда рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап,
адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-
қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның
шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы және оларды жүзеге асыруға
түрткі болатын құндылықтарды зерттеу көкейкесті мәселелердің бірі болып
отыр. Осы орайда, қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері
өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту
жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі
туындауда.
Қоғамның осындай дер кезіндегі қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасының авторы,
еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы тұңғыш рет мемлекеттік
деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде
тәрбиелеу мәселесін көтерді.
Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдығы туралы сөз
қозғауда қазіргі замандағы жаһандық мәселелер, адамзаттың жалпы
дүниежүзілік тұтастығы мен рухани-адамгершілік құндылықтардың сипаты
жан-жақты қарастырылып, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу
көзделуде [5].
Өзін-өзі тану пәнін оқытуда сүйіспеншілік, сенім, шығармашылық шабыт
атмосферасын құру, өзін-өзі зерделеуге, өзін-өзі интуитивті түрде ұғынуға
жағдай жасалады. Рухани адамгершілік білім беруді мектептің тұтастай
педагогикалық үдерісін интеграциялау арқылы жүзеге асыру қажет. Рухани
адамгершілік білім беру үдерісінде тек жағымды және ойлау, жағымды күйге
келу әдісін қолдану арқылы: тәртіп, өзін-өзі тану қадағалау, денсаулық, зейін
қою, ақылдың байсалдылығы, ес, интуиция, басқаларға деген сүйіспеншілік,
ішкі тыныштық орнатуға баса назар аудару қажет.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды
өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып
жатқанымен, оқушылардың жеке басының шығармашылық жақтарына терең
үңіле бермейміз. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің бүкіл тіршілік
580
көзі ретінде адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге
дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі екендігі, әр жаңа
ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай,
өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып,
барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізудегі орны философия,
психология, педагогика ғылымдарында қарастырылған. Шығыс ойшылдары
әл-Фараби, Ж.Баласағұн және қазақ ойшылы А.Құнанбаев, философтар
Ғ.Есім, Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, М.Орынбеков еңбектерінен кең орын
алған. Сонымен бірге шетел философтары Платон, Гегиль, И.Фихте, Дэкарт,
Д.Дьюи, И.Кант, Г.Лейбниц, Б.С.Гершунский және т.б. еңбектерінде жан-
жақты талданған.
Оқушының іс-әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз – оқушыны ойлай білуге
үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушыдан
шығармашылық іс-әрекетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оған
байланысты оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып,
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту тақырыбын мәселе етіп
таңдап алдым. Бұл мәселені алудағы мақсатым- оқытудың жаңаша әдіс–
тәселдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік
көзқарасын қалыптасуына жол ашу шығармашылығын дамыту. Оқушының
шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген
М.Жұмабаев болатын. Ойлау жанның өте бір қыйын терең ісі – деп атап
көрсете келіп, мұғалім баланы ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін
ескертеді.
Мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетімен мен оқудан тыс уақытындағы іс-
ірекетінде шығармашылық қабілетін дамыту өзкелең буынға тәлім-тәрбие
берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Шығармашылық
қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты
екендігін негізге ала отырып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекет
субьектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезіндегі ол
сабақтан
тыс
кездерінде
диагностикалық
және
шығармашылық
тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.
Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен дағдарыс кезеңдерін көруге
болады. Мұның мәні оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі немесе мектеп
өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді
адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық
таныммен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай алатын
шығармашыл адамға айналдыру. Мектеп оқушыларында әлемнің көп бейнелі
жақтарын шығармашылық таным негізінде интеллектуалды, креативті
(шығармашылық қабілетті) ұрпақты тәрбиелеп оқыту педагогикалық
психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз.
Әрбір жеке адамның шығармашылық қабілетінің дамуының жоғары жетістігі
тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткішіне ғана емес, бұл қоғам
дамуына да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді.
581
Мектептердегі зерттеу іс-әрекеті әр пән бірлестігінің шығармашылық
қызметі және оқушылармен зерттеу іс-әрекетін, ғылым тапқыштарының
конкурстарын
өткізу
немесе
интеллектуалдық,
ғылыми
шерулер,
викториналар, кештер ұйымдастыру болып табылады. Ғылыми зерттеу және
пән бірлестіктеріндегі жұмыс әр оқушының қызығушылығын арттыруға,
зерттеу және эксперимент жұмыстарында балалардың қатысуына мүмкіндік
береді. Мұндай жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін аша
түседі және зерттеу іс-әркетіне қызығушылықтарын оятады.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға
ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен
сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.
Оқушылардың
белесенділігімен
танымдық
іс-әрекеттері
арқылы
шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай
алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру
мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Уақыт талабына
сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа
ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын.
Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс. Мұғалім
ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл күй тудыру үшін баланың
назары бір нәрсеге бағытталуы керек. Әрбір шығармашылық тапсырманы
оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне,
қызығушылығына үлесуі керек. Оқушының шығармашылықпен айналасуына
мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу. Шығармашылық
бағытқа жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет. Сондықтан
баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек. Баланың
қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде, түрлі лингвистикалық
жаттығулардың рөлі зор. Сабақ үстінде материалды салыстырып қарама-
қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді.
Мұғалім сабақтарда әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс
пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға, өздеріне деген сенімін
арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілмен өткізілген әрбір
сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дағдысын, оларды
сөйлесуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалану арқылы
балалардың ортасынан қабілеті жоғары бала іздеп, онымен жұмыс жасау,
оны жан-жақты тану оқушылардың шығармашылық деңдейін бақылап отыру
әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.
Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өсуіне жол бермеу адамның
рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануға көмектеседі. Оқушының өз
болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту жаңа рухани күш беру білімнің
ең маңызды мақсаты болып танылады. Оқушыларды шығармашылық
жұмысқа баулып, олардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра түсу
үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта
дамытуда әртүрлі әдіс-тәілдерді қолдануға болады.
582
Мектепте ғылыми-зерттеу қызметі әр пән бірлестігінің жұмысы болып
табылады. Бұл тәжірибе мен зерттеу сипатына қарай болады. Олар:
- ғылыми мекемелерге, кәсіпорындарға, офистерге барып тұру;
- осы саладағы ғалым мамандармен кездесу;
- ғылым мәселелерге байланысты көрмелерге бару;
- мектеп оқушыларымен зерттеу жұмысын ұйымдастырып жүрген
жетекшілермен кездесу;
- оқушылармен ғылыми жобалар қорғау және ғылыми сайыстарған,
олимпиадаларға қатысу.
Зерттеу іс-әрекеті арқылы бала бойындағы қабілетті ашу оқушының
шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.
Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің
басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тәрбие үрдісін
ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру және зерттеу іс-әрекетін
тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Қазіргі таңда оқытудың елуден астам
технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің
білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздардың
алдына тұрған үлкен мақсат өмірдің барлық саласында белсенді,
шығармашылық іс-әрекетке қабілетті еркін және жан-жақты жетілген тұлға
тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл
адамның қолынан келеді. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін
бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар:
1. Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
2. Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайда болу;
3. Шығармашылық іс-әрекетке жағдай туғызу.
Аталған шартты басшылыққа ала отырып оқушылардың зерттеу іс-әретін
қалыптастыру үшін бiлiм бepу ұйымдapындa өзiн-өзi тaну пәнiн жүpгiзeтiн
мұғaлiмдepдiң тeopиялық бiлiмдepiнiң жeтiк бoлуынa бaca нaзap aудapу
қaжeт. Ізгілендіру үрдісін жеке бір пәннің аясында ғана емес, өзін-өзі тану
пәнінің мақсаттарын іске асыру іс-шараларының бірі ретінде басқа оқу
пәндерінің мазмұнының құндылықтық мәнін күшейту мәселесі ретінде де
қарастырған жөн.
Қaзipгi тaңдaғы мұғалімдер оқушылардың іс-әрекеті арқылы оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамытуда олардың жүpeк түкпipiндeгi pухaни
қaзынacын жapыққa шығapa бiлуге, зерттеу жүргізуге қызығушылығын
оятуға көңіл бөлу керек. Coндaй-aқ әp бaлaны тұлғa peтiндe жeтiлдipe түcу
үшiн oның бoйындaғы бap құндылықтapды aшa бiлу жәнe дaмыту әpбip
ұcтaздың пapызы caнaлaды.
Мектепте зерттеу іс- әрекеті арқылы оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамытуда жүргізілген тәжірибе жұмыстарының нәтижелері
анықау барысында оқушыларға зерттеу жұмыстарын жүргізудің негізгі
кезеңдерін түсіндірдік. Атап айтқанда:
583
проблеманың өзектілігі (болашақ зерттеулерді анықтау, проблемаларды
табу);
зерттеу саласын анықтау (негізгі мәселелелерді белгілеу);
зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу шеңберін белгілеу);
шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін таңдау);
зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау;
ақпарараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу);
алынған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс-тәсілдерді қолдана
отырып, материалдарды жинақтау);
есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесі
бойынша хабарлама дайындау);
баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау, сұрақтарға
жауап беру).
«Өзін-өзі тану» пәні адам баласына шынайы бақытқа жетуге, өмірлік жан
тыныштығына жетуге мүмкіндіктер тудырады. Сонымен бірге, адам
мінезінің кемелденуіне, тұлғаның үйлесімді дамуына мүмкіндіктер
тудырады. Оқушылар мен жастарға ізгілік негізіндегі рухани-адамгершілік
бағытында тәрбиелеуде рухани-адамгершілік қасиетіне ие текті азаматшалар
мен азаматтарға тәрбие берудің тірегі болуды мақсат етеді. Бүгінгі қоғамның
болашағы білім жүйесіне тәуелді екендігі анық, себебі бүгінгі жас ұрпақ
ертеңгі ел болашағы екендігі анық.
Достарыңызбен бөлісу: |