Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет216/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

Әдебиеттер
1. А.Сейдімбек. Сауға//Алты томдық шығармалары. 3 том. Астана: Фолиант, 2010.-832 б.
2. А.Сейдімбек. Алты томдық шығармалары. 2 том. Астана: Фолиант, 2010.-816 б. 
3. Ақселеу Сейдімбек. Алты томдық шығармалары. 5 том. Астана : Фолиант, 2010
Мақалалар , пікірлер, сұхбаттар. – 880 б. 
4. Ақселеу Сейдімбеков. Аққыз. Повестер, әңгімелер және ертегілер. –Алматы: Жазушы, 
1991.- 368 б. 
5. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. Оқу құралы. –Алматы, Санат, 1997. -464 
б. 


607 
6. Байұзақ Қожабекұлы Албани. Қазақ шежіресі һәм қазақ энциклопедиясы//Тарихи таным: 
ежелгі халықтар, тайпалар, рулар, жер жұтқан қалалар. Алматы:Ататек,1994, - 400 б. 
ӘӨЖ 
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДІНИ АХУАЛЫ 
Жарылқасын Дана Нұрышқызы 
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің студенті, 
Қазақстан, Шымкент
 
Қазіргі таңда қоғамның үздіксіз дамуындағы адамның қалыптасуы, рухани 
мәдениетінің артуына діннің әсері мол екені айтпаса да белгілі. Расында діннің 
жағдайы мемлекеттің өркендеуіне тікелей қатысы бар. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 
«Сындарлы он жыл» атты еңбегінде «Бүгінгі күнгі жекеленген елдердегі діни 
сана-сезімнің өсуі кездейсоқ құбылыс емес. Дін ұлттың және мәдени 
біртектілікті сақтаудың негізіне айналып отыр», — дейді [1]. 
Қазақстан мемлекеті діншіл де, дінге түбегейлі қарсы да емес. 
Авторитарлық, тоталитарлық және теократиялық басқару жүйесі бар 
мемлекеттерден 
еліміздің 
ерекшелігі 
– 
көпұлтты, 
көптілді 
және 
конфессияаралық келісім мен бейбітшіліктің болуында. Шындығында бұл – 
күрделі мәселе. Қазақстан дүниежүзіге діни-рухани форумның орталығы 
есебінде танылып отыр. Берілген нақты деректер бойынша ҚР дін істері 
агенттігі деректері бойынша Республикада 17 конфессия, 3088 діни бірлестік 
тіркелген. 2009 жылғы өткізілген халық санағының нәтижесіне сүйене отырып,
Қазақстан халқының 97 %-ы өзін діндар деп санап, 3 %-ы өзін атеист деп санап 
немесе жауап беруден бас тартқан. Респонденттер басым бөлігі мұсылмандар 
11 237,9 мың (70,19%) адамды құраса, екінші орында христиан өкілдері 
4 190,1мың (26,17%), ал атеисттер 450,5 мың (2,81%) санын көрсетіп отыр.
Ал Түркістан облысының діни ахуалы бойынша облыс көлемінде 6 діни 
конфессияға енетін 30 жергілікті діни бірлестіктер мен 725 филиал жұмыс 
жасауда. Оның ішінде бағыттары бойынша: православиелік – 12; христиан-
баптистер – 7; елуіншілер-4; пресвитериандар-4; Иегова куәгерлері-3. 725 
филиалдар қатарында исламдық бағыттағы Қазақстан мұсылмандары діни 
басқармасының (ҚМДБ) филиалдары – мешіттер саны – 723, исламдық емес 
бағыттағы филиалдар – 2. 
Облыста заңды түрде тіркелген 1 миссионерлік қызмет христиандық-
протестанттық бағыты жұмыс атқаруда.
Жыл басынан бері облыстық ақпараттық түсіндіру топтардың тарапынан 
154 кездесулер өткізіліп, оларға 9980 адам қамтылды. Қалалық, аудандық АТТ 
тарапынан 641 кездесулер өткізіліп, 59690 адам қамтылды. Жалпы, өткізілген 
кездесулердің саны 795 болса, оларға қамтылған адамдардың саны 69670 
[2].
«Дін ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» демекші, 
экстремизм мен терроризм идеологтары дәстүрлі ислам дінінің атынан шығып, 
оны ерекше қаруы ретінде қолдануда. Қоғамның белсенді тобы жастар үшін 
бұл насихаттық қызмет оларға ыңғайлы нысан болып табылады. Шетелдердің 
айлакерлікпен жасалған идеологиялық шырмауының нәтижесінде қаншама 


608 
білімге құштар және ізденгіш келетін жастар қылмыс әлеміне кіріп жатқаны 
жанға батады. Бүгінде Қазақстандағы халықтың жалпы санының 27,8 пайызын 
құрайтын 14 пен 29 жас аралығындағы жастар, олардың ішінде студенттердің 
үлес салмағы 700 мыңнан астам. Бұл ретте ауылдық жерлердегі жастарға 
қарағанда қала жастарының саны басым. Осы мәселені зерттеу барысында 
әлеуметтік желі арқылы (instagram) жастардың арасынан сауалнама жүргізген 
болатынмын. 100 адамның арасынан 94% ислам дінін, 1% христиан, 5% 
атеисттер екенін көрсетті. Діни сауаттылығы бойынша 10% дінді өте жақсы 
білетінін, басым көпшілігі нақтырақ айтсам, 80% толық білмейтінін, 9% аз ғана 
сауаты бар екендігін, 1 адам ғана дін туралы мүлдем бейхабар екендігін 
байқатты. Сонымен қатар, 50 адам діннің қоғамдағы рөлі аса зор болуын, 
қоғамды реттеуші функция екендігін алға тартса, 30% дін саяси және қоғамдық 
өмірден алшақ болғандығын жөн деп есептейді. Дінге деген көзқарастарын 
қарастырар болсам, мешітке жиі баратын, дінді берік ұстанатын жандар ширек 
пайызды құраса, тең жартысы дінді ұстанатындығын, дегенмен діни орындарға 
бармайтындығын, 3%-ы діннің аса маңызы жоқтығын хабардар етсе, 7%-ы бұл 
сұраққа жауап беруге қиналғандығын жеткізді. 
Сонымен қатар дін жолында адасып, Сирия еліне аттанып кеткен 
қазақтарды елге қайтару мақсатында «Жусан» операциясы жүргізілді. Бұл 
көлемді акцияны ұсынған Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 
болатын. Нәтижелі шаралар бойынша Қазақстанға 357 бала оралды. «Жусан» 
гуманитарлық операциясының әсерінен мемлекетіміздің аса күрделі 
мәселелерді тиімді шешуге қабілетті екенін айқындады.[3] 
Қорытындылай келе, шиеленіскен дін мәселесінде бұқаралық ақпарат 
құралдары арқылы келешек жастарға рухани-имандылық құндылықтарын 
арттыратын, экстремистік және террористік әрекеттерді дер кезінде 
әшкерелейтін жұмыстар жүргізілген жөн. Мемлекет бекіткен діни сайттарға 
ғана кіруге рұқсат етіліп, мектеп жасынан бастап тек мұғалімдер ғана емес, 
түсіндіру жұмыстарына ата-аналар да ат салысуы қажет. Бұл жұмыстарды 
бірлесе іске асыру үшін Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасына аса 
басымдылық беру арқылы дінге деген көзқарасты туралай аламыз. Болған 
мәселенің салдарымен күреспей себебіне терең үңіле отырып, кемел 
болашақтың негізін қалайтын жас буындарды тура жолға салуды басты назарға 
алғанды жөн деп есептеймін.
Әдебиеттер 
1.
Н.Ә.Назарбаев «Сындарлы он жыл» 
2.
 
http://www.din.gov.kz
 
3.
http://egemen.kz
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет