Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет214/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

Әдебиеттер 
Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар / Құраст. баспаға дайындаған Б.С.Сүлейменов; 
Қаз.ССР ҒА Тарих, археология және этнография ин-ты. - Алматы: Қаз.ССР ҒА басп., 1955. – 
415 б. 
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992. – 144 б. 
Мектептегі ана тілі - барлық білімнің негізі https://www.inform.kz/kz  
Жиенбаев С. Жаттығу, емле мен тіл дамыту. Алматы, 1944. 
Әміров Р.С. Грамматика, емле, тіл дамыту.


602 
Арғынов Х.Қ. Қазақ тілі методикасы. Алматы: Мектеп, 1974.296 б. 
Ұйықбаев И. Оқушының ауызекі сөйлеу мәдениетін жетілдірейік. 1975. №2.40-41 б. 
Сыздықова Р. Сөз сазы. Алматы: Мектеп, 1995 
Жапбаров А., Мусина М. Қазақ тілі сабаұтарында тіл дамыту. Алматы: Кітап, 1989. 86б. 
Рахметова С. Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытудың ғылыми әдістемелік 
негіздері (ауызша және жазбаша тіл дамыту): Пед.ғыл.док. ... автореф. -Алматы, 1994. – 291б.
Базарбекова Р.Ж. Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету 
әдістемесі: Пед.ғыл.канд . ... автореф. -Алматы, 2008. – 162б.
Prof. Dr. Firdevs GÜNEŞ Konuşma Öğretimi Yaklaşım ve Modelleri Bartin University Journal of 
Faculty of Education Volume 3, Issue 1, p. 1 - 27, Summer 2014 BARTIN – TURKEY
Oğuzhan KURU' nun "Akıcı Konuşma Problemi
Yaşayan İlkokul 4. Sınıf
ӘОЖ 
АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК ЖӘНЕ ТАРИХТЫ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ АРҚЫЛЫ 
ЗЕРДЕЛЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Анарбаев Қайрат Сапарханұлы –Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық 
университеті, «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімі басшысы, т.ғ.к., доцент м.а. 
 
Резюме 
В данной статье затронуты вопросы и переосмысления национальной истории в научных 
работах и литературных произведениях Акселеуа Сейдимбека. 
 
Summary 
This article addresses the issues and rethinking of national history in the scientific works and 
literary works of Axeleu Seydimbek. 
 
Тарих ғылымына, жалпы тарихты тануға деген ерекше қызығушылық білдірген 
адам, тарихи танымдағы екі жолды анық байқайды. Бірінші жол - кез келген 
елдің, халықтың тәжірибелік немесе ғылыми негізде қалыптасқан өзіндік 
ерекшелігі бар ұлттық тарихын тану жолы. Ал екіншісі өзгелердің, яғни ол 
халықтың өкілдері еместердің сол халыққа қатысты «сырткөздердің» 
қарапайым бағалаулары мен сырт елдердің «саяси мақсатты көздеген» 
мүдделеріне қызмет ететін және соған лайық түзілген методологиялары арқылы 
жүретін таным жолы. 
Осы тұрғыдан келгенде кәсіби мамандығы бойынша журналист, кейінгі 
ізденістері арқылы сан қырынан, яғни филолог, әдебиетші, жазушы, этнограф, 
тарихшы, мәдениеттанушы т.б. ретінде танылған А.Сейдімбек еңбектерінде осы 
екі жолдың біріншісіне басымдық берілгені және тарихты кешенділік сипатта 
зерделеудің өзіндік үлгілерін көрсеткені анық байқалады.
Біздіңше, бұл ғалымның жастық шағының өзі айтқандай «мына сайын далада 
көшпелілер қалыптастырған мәдениеттің іздерімен таныс болған соңғы 
ұрпақтардың өкілдері болуымен де» сабақтасып жатса керек. Өз кезегінде бұл 
жағдай оның сол көп қырлылығының негізін құраған болашақ ғалымның бала 
кездегі ұлттық таным арқылы қалыптасқан өмірлік ұстанымдарын 


603 
орнықтырғанын байқау қиын емес. Соның әсерінен болар Ақселеу 
Сейдімбектің 
кез-келген 
жанрдағы 
жазылған 
шығармалары 
ұлттық 
құндылықтарды тарихи санаға ұлттық таным арқылы бере білуімен 
ерекшеленеді. Нәтижесінде оны оқыған жанның да бойында ұлттық 
құндылықтар туралы, азаматтың руханият көкжиектері жайлы танымы кеңейіп, 
қазақтың болашағы кемел ұлттардың қатарынан көрінуіне мақсат ете қызмет 
етуіге қарай ұмтылысы ояна түседі.
Ақселеу Сейдімбектің жазушылықтан бастап кейінгі ғылыми зерттеулерінің 
қайсысын алып қарамаңыз тарихи сананы ояту және ол мәселеге кешенді 
келуімен ерекшеленеді. Соның ішінде қазақтың тарихына қатысты мәселелерді 
ұлттық таным мен ерекшелікті алдыңғы қатарға қоя отырып зерттемей шынайы 
шындыққа жете алмайды деп тұжырым жасайды. Және өзі де осы 
ұстанымдарды тіршілігінде барынша ұстануға тырысқаны байқалады. Тағы бір 
анық байқалатыны қай тақырыпқа қалам сілтесе де ұлттық таным мен ұлттық 
құндылықтарды дәріптеуді қаперде ұстануды мақсат еткені мен олар жайлы 
келелі ойларын ғылыми негізде ұсынатыны дер едік.
Әсіресе, адамзаттық тарихқа қатысты тарихи теориялық тұрғыдан әзірлігі 
мықты ғалым. Ғалым жалпылық пен ұлттық бірегейлікке қатысты теорияларды 
ұлттық таным арқылы терең пайымдайды. Мысалы, ғалым «
ХХ ғасырды 
тарихи кезең ретінде далалықтардың алдыңғы үш мыңжылдық тарихымен 
салыстыра алғанда қазақ халқы үшін ерекше ғасыр
» деп бағалайды. Оның 
ішінде дәл осы ғасырда «
далалық өмір салтында технократтық дамудың 
жеңісі орнығып табиғи даму жолдары жеңілді
» деп қарастырады [1, 3 б.].
Адамзат тарихына қатысты мәселелерде «жалпы адамзаттық» деген ұғымның 
аясы белгілі бір ұлттық қасиетті анықтауыш етпейді. Ал «интерұлттық» деген 
ұғым болса, керісінше, ұлттық қасиеттерді қаперге алғанда ғана белгілі мән-
мағынаға ие болады. Ұлттық төлтумалыққа шәк келтірген немесе ұлттық 
төлтумалықты қаперге ілмеген интерұлттық деген ұғым өзінен-өзі антиұлттық 
(антинациональный) болып шығады» деп салмақты ойлар айтады.
Жалпы барлық жазылған, айтылған ойларының түйінді арқауы ретінде ұлтты 
өзінің төл бастауларымен қайта қауышуына қарай бағыттау екенін де ашық 
айтады. Оны Ақселеу Сейдімбектің: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет