Әдебиеттер
Pardała A., Ashirbayev N.K., Rakhymbek D. (2015): Modern mathematical education - crisis and
the future. Mathematical Transgressions and Education edited by Anna K. Żeromska, Pedagogical
University of Cracow, Cracow 2015, 45-60.
Noskova T., Pavlova T., Yakovleva O., Morze N., Drlik M. Information environment of blended
learning: aspects of teaching and quality.// Studio_Noa for University of Silesia.-2014, 583 p., P.73-
95.
Mary Webb. Pedagogy with information and communications technologies in transition. //
Education and Information Technologies, June 2014, Volume 19, Issue 2, pp 275–294.
https://link.springer.com/article/10.1007/s10639-012-9216-x.
135
Bonk C. J., Graham, C. R. Handbook of blended learning: Global perspectives, local designs. San
Francisco, CA: Pfeiffer Publishing, 2006.
Кондакова М.Л. Латыпова Е.В. Смешанное обучение: ведущие образовательные технологии
современности // Вестник образования. - 2013.
Андреева Н.В., Марголис А.А. Семинар по смешанному обучению МГППУ [Электронный
ресурс]. URL: https://youtu.be/XC88p0T1EFc, 2017.
Rossett A., Vaughan F. Blended learning, 2003.
http://www.obs.ru/interest
/publ/?thread=57
ӘОЖ
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ШАРТТАРЫ
Кадирбаева Р.И., Джанисбаева Г. К. – магистрант
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Резюме
В статье определены условия формирования профессиональной компетентности будущего
учителя с обзором понятий компетентность, профессиональная компетентность.
Изложено, что в соответствии с заданными условиями необходимо, чтобы учитель
обладал такими компетенциями, как осознание своих возможностей, целей, сил,
способностей, свободное определение своего поведения, активизация механизмов его
регуляции и критический анализ своих индивидуальных особенностей.
Summary
The article defines the conditions for the formation of professional competence of a future teacher
with an overview of the concepts of competence, professional competence. It is stated that in
accordance with the specified conditions, it is necessary for the teacher to have such competencies
as awareness of their capabilities, goals, strengths, abilities, free determination of their behavior,
activation of its regulation mechanisms, and critical analysis of their individual characteristics.
«Еліміздің ертеңі мен бүгіні - жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»
Н.Назарбаев
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір
сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе
Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр», -
деп атап көрсетті [1].
Қазіргі заман талабына сай білім сапасын арттыру жолында мұғалімдердің
құзыреттілігін
қалыптастыра
отырып,
кәсіби
дәрежелерін
заманауи
технологияларға сай көтеріп, дамыту еліміздің білім беру саласындағы басты
мақсаты. Мұғалімінің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе
жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық
жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және
бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік,
құзыретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. Мұғалім қаншалықты
білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.
136
Жоғары кәсіби оқтудағы құзыреттілік көзқарастың теориялық-әдіснамалық
негіздері В.И. Байденконың, В.А. Болотованың, Н.А. Гришанованың, В.В.
Ищенконың, Б.К. Коломийцтің, Д.А. Махотинаның, Г.К. Селевконың, В.В.
Серикованың, Ю.Г. Татураның, Ш.Т.Таубаеваның, К.С.Кудайбергенова т.б.
ғалымдардың еңбектерінде ашылған.
«Құзыреттілік»
ұғымы
педагогика
саласында
тұлғаның
субъектілік
тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы «сомпетенс» белгілі сала бойынша
жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір
сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп
көрсетеді [2, 97-98 б.].
Құзыреттілік
ұғымы
жайлы
әдебиеттерді
зерделеу
барысында,
«компетентность»
терминін
кейбірінде
«құзыреттілік»,
кейбірінде
«құзырлылық» деп қарастырғандығы байқалады. Сол себепті біз «құзыреттілік»
жайлы айта отырып, авторлардың пікірлерін бергенде сол қалпында қалдыруды
жөн көрдік. Мәселен, К.Құдайбергенова өз еңбегінде бірқатар ресей
ғалымдарының ойларын төмендегіше келтіреді [3]:
Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз –
педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен
абыройлығы», – дейді. «Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы
мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті» - деп түйіндейді
белгілі оқымысты Т. Г. Браже.
Кейбір зерттеулерде құзыреттілік ұғымы біліктілік ұғымымен теңестіріледі.
Себебі құзыреттілік іс-әрекетті жүзеге асыруға деген қабілеттілікті білдіріп,
әлеуметтік-кәсіби мәртебесі бар тұлғаларға байланысты қолданылады.
Мұғалімнің іс-әрекеті әр түрлі теориялық білімдерге (психологиялық-
педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, философиялық т.б.) негізделіп,
теория мен практиканы байланыстырушы қызмет атқарады. Білім мен
тәжірибені терең жинақтау арқылы мұғалім кәсіби құзыреттілік сипатқа ие
болады. Педагогикалық құзырлы мұғалім теориялық білімдердің қоры мен
өмір қойған талаптар арасындағы қарама-қайшылықты шеше алады [4, 12-13
б.].
Біз, құзыреттілік көзқарас деп оқыту нәтижесі басты назарда болатын, нәтиже
сапасы ретінде игерілген ақпараттар жиынтығы емес, адамның түрлі
проблемалық
ахуалдардағы
іс-әрекет
қабілеттілігі
қарастырылатынын
түсінеміз.
Кәсіби құзыреттілік – мұғалімге кәсіби қызмет барысында өзбетінше іс-әрекет
жасауға мүмкіндік беретін психолоиялық-тұлғалық қасиеттер мен ахуалдардың
үйлестірімділігі. Кәсіби қалыптастыру өте күрделі және ұзақ үдеріс. Оның
тиімділігі құзыреттілікті мұғалім дүниетанымының кеңеюіне қолқабыс
жасайтын саналы мұқтаждығы мен жеке пайдасына айналатындай етіп
қалыптастырудың қалай ұйымдастырылуына тәуелді деп есептейміз [5].
137
Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі
шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Кәсіби құзыреттілік маманның
әлеуметте дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес
өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін
анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттамасы.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оның жан-жақты білімінен ұстаздық
шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді.Мұғалімнің
кәсіби құзыреттілігі – бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге
бағытталған білім берудің негізі болмақ. Кәсіби құзыреттілік бір нәрсе жайлы
беделді ой, кесімді пікір білдіруге мүмкіндік беретін білімділердің сипаттамасы
ретінде қарастырылады [6].
Педагогтің кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөліктері:
әдістемелік құзыреттілік – оқытудың әртүрлі әдістерімен қарулану,
дидактикалық әдістерді білу, оларды оқыту процесінде білім мен іскерлікті
меңгерту үшін қолдана білу;
зерттеушілік құзыреттілік – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы
туралы жаңа білімді жасау үшін педагогикалық құбылысты, актілерді оқып
үйренудің ғылыми әдістерімен қарулану;
басқарушылық
құзыреттілік
–
өз
қызметі
мен
оқушы
қызметін
басқарутәсілімен, әдісімен қарулану;
ақпараттық құзыреттілік – қазіргі ақпараттық технологиямен қарулану,
қажеттісін пайдалану;
коммуникативтік құзыреттілік – өзінің кәсібилігін үздіксіз жетілдіру, жеке және
қоғамдық өмірді дамыту.
Осыған орай, қазіргі таңда мұғалім құзыреттілігін үздіксіз жетілдіруде
мынандай міндеттер жүктеліп отыр:
мамандығы бойынша негізгі дайындығының болуы;
адамдардың адамға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық
нормаларын білуі;
қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып жаңа білім алуы және өз
еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі;
компьютерлік техниканы меңгеруі;
ғылыми іскерлік, қоғамдық, саяси, және тұрмыстық тілдер ауқымында
мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі.
Біз зерттеу жұмысымыздың барысында болашақ мұғалімнің кәсіби
құзыреттілігін қалыптастырудың төмендегідей шарттарын анықтадық:
1) болашақ мұғалімді жан-жақты зерттеу,
2) қалыптасқан және қалыптасқан құзыреттілік деңгейлерінің үйлесімділігін
қамтамасыз ету (басқа жағдайларда кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үшін
оңтайлы жағдайлар жасалмайды),
3) танымдық процестің шығармашылық сипатқа ие болуы (тек шығармашылық
танымдық процесте оқушының белсенділігі көрінеді, білімді игеруге оң
көзқарас қалыптасады),
138
4) танымдық процесті қызметтік практикамен ұштастыру (теориялық және
практикалық міндеттерді табысты шешу үшін қажетті жалпыланған
байланыстар мен іскерліктер ашылады).
5) жалпы білім негізінде білім алушының дүниетанымымен танымдық процесс
талаптарының үйлесуі,
6) білім алушыда қызмет түрін таңдау мүмкіндігінің болуы,
7) болашақ мұғалімнің белсенділігін қалыптастыру (онсыз оның танымдық іс-
әрекет процесінде дамыған әлеуетті мүмкіндіктері мен құзыреттілігі жүзеге
асырыла алмайды).
Жоғарыда келтірілген шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын қалыптастыру
процесі: өз мүмкіндіктерін, мақсаттарын, күшін, қабілеттерін сезіну; өзінің
мінез-құлқын еркін айқындау; өзінің реттеу тетіктерін жандандыру; өзінің жеке
ерекшеліктерін сыни талдау сияқты құзыреттерді қажеттілікке айналдырады.
Қорыта келе, нәтижеге бағытталған білім сапасын арттыру Қазақстанның ғана
емес дүниежүзілік қоғамдастықтың өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан,
оның шешімі білім беру мазмұнын модернизациялауды және оқу үрдісін
ұйымдастыру тәсілдері мен технологияларын жетілдіруді, яғни білім берудің
мақсаттары мен нәтижелерін қайта ой-елегінен өткізуді қажет етеді. Ал, бұл өз
кезегінде болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мен
жетілдіруді көздейді. Өйткені, қоғамымыздың болашағы, дұрыс бағытта дамуы
жас ұрпақтың іс-әрекетіне, тәлім-тәрбиесіне, сана-сезіміне, дүниетанымына
тікелей байланысты.
Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі мен білімі егеменді еліміздің болашағын
айқындайтын ең маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті шешу педагогтердің
кәсіби құзыреттілігіне тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |