Сборник научных статей международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет40/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2

cancel мәдениетіне 
қарсы шыға алған. Ал 
шығармадағы қыздың әкесі мен ауыл адамдарының жазықсыз мықтылардың 
құрбаны болған қорғансыз қыздан бас тартуы осы мәдениеттің сол замандағы 
көрінісі. Ақбілектің қиындықтарға қарамастан қалаға барып оқу оқығаны, өзбек 
романындағы Полаттың қызы Севинчтің бетінің қатты күйіп, қоғамдағы 
адамдардың қарсылығына қарамастан, бес жасынан әулеі мектепте сауат ашып, 
артынша Ташкенттегі медицина университетіне барып, оқуын жалғастырған 
қайсарлығына жақын. Екі романдағы әйелдердің тағдыры бір-біріне ұқсас. 
Қыздары үшін жандар құрбан еткен ана образы. Тағдың жастай жауыздардың 
жауыздығының кесірінен, тағдырдың құрбаны болған нізік жандылардың 
образы. Осының барлығына әлсіз, нәзікжандылардың өзін кінәлап, олардан бас 
тартқан, қабылдағысы келмеген қатігез қоғам бейнесі. Барлығы да ұқсас. Дүние 
алма кезек демекші, романдағы бұрын тәкаппарланып, ешкімді менсінбеген 
Естөре кедейленіп, басына іс түсіп, Айтыбайға қарам болады. Жер аспанға, аспан 
жерке айналатын кездер болады. Бұл өзбек романындағы жағымсыз кейіпкер 
Эрбай образына өте жақын келеді. У.Хамдамның романындағы жауыздықдың 
бастаушысы осы кейіпкер, ғұмырының соңында бар айбын мойнына алып, басты 
кейіпкер Полаттан кешірім сұраған болатын. Төлен Әбдіктің «Әке» повесін ХХ 
ғасырдағы қазақ тарихының қысқаша жазбасы деп есептесек, Улуғбек 
Хамдамның «Әке» романында оқырман қауым ХХ ғасырдағы өзбек халқының 
өмір, тыныс-тіршілігімен, салт-дәстүрімен, наным-сенімдерімен толыққанды 
таныс бола алады. Екі шығармадағы тағы бір ортақ көпір, туындыларда Ұлы 
Отан соғысы туралы сюжеттердің болуы. Соғыс кезіндегі келеңсіздіктер мен 
оның салдары туралы ортақ суреттер бар. Сонымен қатар, үлкен буын мен жас 
бунның арасындағы ара жікітің ажырауынын сипаттайтын бейнелер жазылады. 
Шындығында екі туындыдағы әкелердің арманы орындалып, ұрпақтарын 
жалғастыратын тұяқтарының болуы, шығармадағы қуанышты жайттардың бірі.
Екі шығармада өзінің тарихи шындығымен, кейіпкерлердің прототиптерінің 
өмірде болуымен ерекшеленеді. Екі туындыда да, қазақ және өзбек ұлтына тән, 
ежелден келе жатқан салт-дәстурлер: келін түсіру, бесік той, өлімді жөнелту, 
балаға есім қою сияқты жоралғыларда бүге шүгесіне дейін суреттеліп, екі ұлттың 
өзіне тән ұлттық бояуларымен оқырманды таныстырады. 


91 
Жазушы Төлен Әбдіктің «Қонақтар» әңгімесі бүгінгі күнде де өз өзектілігін 
бүгінгі күнде де жоғалтқан жоқ. Шығармада бар жүк Ерғабыл шалдың ішкі жан 
таласы, іс-әрекеттері, өзгелермен қарым қатынасы арқылы баяндалады. Әке 
арманы жоғарыдағы шығармалар сияқты баласы Сапарбекті тосып отыратын, 
оны жақсы көретін әке образына құралған. Әңгімеде ұлттық болмыстан 
айрылып, жер жаһанды кезіп, табысты өмір сүріп жүрген жалғыз баласының 
өмірі әке үшін мақтаныш емес. Омырауы ашық киініп, орысша сөйлейтін, қазақ 
келіндеріне тін биязылықтан таса қалған келіні Томаға да, қазақша сөз 
түсінбейтін немересіне де шалдың көңілі толмайды. Ерғабыл шал үшін қара 
шаңырақтың түтінін өшірмей, ата-ана алдындағы борышын өтеген бала ғана 
мақтаныш. Ауыл адамдарына әңгіме айтып көсіле сөйлеген баласының сөзін 
зеки тиып, дастархан басында домыбыра тартқызуы, кетерінде баласын тастап 
кетуге қимаған ұлына «Алып кет өзіңмен бірге, оқыт, өзіңдей қаңғыбас етіп 
шығар!» деп түнере сөз айтуында да шалдың баласына деген наразылығы сезіліп 
отыр. Ерғабыл шал ұлттық болмысты сақтап қалушы тұлға. Тура Улуғбек 
Хамдамның «Әке» романындағы иманы мен ата салтын бекем ұстап қалуды 
көксеген, тіпті соның жолында өз қызының жанын қиған Полат қарттың бейнесін 
ұқсатуға болады. Сонымен қатар, Сапабек әкесі үшін парыз, қарыз деген 
ұғымдарды түсінбейтін бүгінгі күнмен ғана өмір сүретін бала. Жоғарыдағы 
кейіпкерлер ұрпақ үшін жан таласса, «Қонақтар» әңгімесінде үмітті ақтамаған 
ұрпақ тағдыры суреттеледі. 
Екі туындыда да көтерілген тақырып өте ауыр. Өзбек романында қарт әеесі 
мен шешесіне ұрпақ силағысы келген, нәзікжанды Севинчтің әкесінен жасырып 
балалы болғаны айып болса, «Қонақтар» әңгімесінде заман ағымынан артта 
қалғысы келмейтін білім мен іздесінсе талпынған Сапабек орбраздары 
суреттеледі. Екі туынды да ұқсас бір жайт бар. Екі перзенттің де ортақ мәселесі, 
әкелеріне өз қалауларын, армандарын ашық-айқын айтып жеткізе алмауында. 
Сөйлесулерден қашуында немесе сескенуінде. Мүмкін бұған заман ағымы кінәлі 
де шығар. Өйткені, ол замандарда адам психологиясын зерттеу болған доқ. 
Әркім махаббаттты қалай түсінсе, солай жеткізіп отырды.
Мүмкін, ұрпақ тәрбиесіне келгенде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет