Сборник научных статей международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет42/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2

Әдебиеттер 
1.
Асхат Әлімов. «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану» Оқу құралы-Алматы-
2015ж. 
2.
Б.К. Умиралиева, З.А. Сапарбаева «Сабақ тиімділігін арттыратын 370 әдіс+ 
саралаудың 100 тәсілі.» Шымкент-2018. 
3.
Қ.Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесі» Алматы «Рауан»-1997. 


97 
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ – АЛАШ АРДАҚТЫСЫ 
 
Ж.АЙМАУЫТОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ: 
ҚАЗАҚ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ РЕКВИЕМІ 
 
Ж.О.Артықбаев
тарих ғылымдарының докторы, профессор 
(Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ) 
Ғылым үшін ең басты мәселенің бірі әр түсініктің, терминнің ұғымдық 
аясын анықтап алу. Идея дегеніміз не? Идея дегеніміз көп мағыналы сөз, бірақ 
ұлттық идея дегеніміз белгілі бір мемлекеттік теорияның, әлеуметтік 
құрылымның, қоршаған дүниеге көзқарастың, яғни дүниетанымның негізінде 
тұрған түсінік. Түсінік оңайлықпен қалыптаспайды және ол ешқашан жұрттың 
бәріне ортақ болмайды. Адам тым күрделі құбылыс, оның сыртқы киімі, жүріс-
тұрысы, дастарханда ас қабылдауы бір-біріне ұқсас болуы мүмкін, ал оның ойы, 
ниеті, түсінігі ешқашан бір-біріне ұқсамайды. Белгілі бір ру-тайпалардың, 
этникалық топтардың, ұлыстардың ой, ниет, түсініктерін бір –біріне 
жақындатып, ұлт құру үшін интеллектуалдық ортаның ондаған- жүздеген 
жылдарға созылған күресі қажет. Бұл күресті қазақ интеллектуалдары ХІХ ғасыр 
-ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде бастан кешірді және оның нәтижесінде Алаш 
Орда қозғалысы, оның теориясы мен практикасы қалыптасып шықты. 
Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығы осы күрестің көркем нәтижесі, 
оның шығармашылығын көркем әдебиет туындылары, педагогикалық еңбектері, 
қоғамдық ойлары т.б. деп бөлу тек шартты түрде ғана. Бір ғасырдан аса уақытқа 
созылған күрестің нәтижесінде ХХ ғасыр басында түзілген Алаш 
интеллектуалдық қауымдастығында өзіндік экзистенция жоққа тән. Бұл 
қозғалыстың негізгі қайраткерлері өз өмірін тек ұлтқа қызмет етуге арнады 
және олардың шығармаларында ұлт мәселесі бірінші орында тұрады. Екіншіден
бұл қозғалыстың саяси жетекшілері мен идеологтары қазақтық, шығыстық
батыстық ілімдерді игеруімен ғана емес, олардың ойлау және зерттеу әдістерін 
әдемі ұштастыра білгендігімен ерекшеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет