Сборник научных статей международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет45/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2

Әдебиет
1.
Аймауытов Ж. Шығармалары. Алматы, 1989. 
2.
Артықбаев Ж. Жүсіпбек жұмбағы// Алаш мұраты және Жүсіпбек Аймауытов мұрасы. 
Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Астана, 2014, 204-208 
бб.).
3.
Жұмабаев М. Шығармалары. Алматы, 1989. 
4.
Көпейұлы М.-Ж. Қазақ шежіресі. Шығармалары. 10-шы том. Павлодар, 2007. 
5.
Материалы по киргизскому землепользованию. Павлодарский уезд. т.4. Воронеж,1903:


104 
ӘОЖ 82:111.852
 
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ 
ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС ПЕН ДҮНИЕТАНЫМ КӨРКЕМДІГІ 
 
Зейнулина А.Ф. ф.ғ.к., профессор 
«Торайғыров университеті» КеАҚ, Павлодар қ. Қазақстан 
 
Резюме 
В данной статье рассматривается о мастерстве изображения национальных 
ценностей и мироощущений, использование национальных выражений, в творчестве 
Алашского деятеля Жусипбека Аймауытова. Анализируется особенности описания 
национального характера и духовной культуры в исторические периоды. В произведениях 
писателя отчетливо прослеживается, что национальное выражение, казахское познание, 
национальный колорит играют большую роль в обогащении творчества Жусупбека 
Аймауытова, в определении его отличия от других поэтов-писателей. 
 
Summary 
This article discusses the skill of depicting national values and attitudes, the use of national 
expressions in the work of the Alash figure Zhusipbek Aimauytov. The features of the description of 
national character and spiritual culture in historical periods are analyzed. In the writer’s works it is 
clearly visible that national expression, Kazakh knowledge, national color play a big role in enriching 
the work of Zhusupbek Aimauytov, in determining his difference from other poets and writers.
 
Дүниетаным дегеніміз - жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе 
тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын 
принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі екені 
белгілі. ... Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгершілік және эстетикалық 
көзқарастар көп әсер етеді, - деп көрсетіледі. [1,5]. Ал ұлттық дүниетаным – 
этонос пен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке 
тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам 
мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас 
қалыптастырудағы негізгі өлшем. Ол - адамның дүниені ақиқатпен теориялық 
және тәжірибелік жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-тәжірибелік әдіс. 
Дүниетанымда тұтас адамзат,яғни бір ұлттың әлемінің үлгісі жатыр. Ұлттық 
дүниетанымның тілдік көркем бейнеленуіндегі ерекшеліктеріне тоқталсақ 
ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде халық тілінің еншісі мәдениетпен 
толығатынын, ұлт мәдениеті сол этностың тілінде сақталып, болашаққа 
аманатталатыны сияқты астарлы ой-пікірлердің жиынтығы деп білуіміз керек. 
Біріншіден, мәдениеттің екі түрі – материалдық және рухани мәдениеттер
ізі халық тілінде сақталады. Екіншіден, мәдениет – ұлт мен табиғатты
жалғастырушы күш, үшіншіден, мәдениет пен халықтық рух – тілдің ішкі 
формасына тән», - деп көрсетеді. [3,32]. Ал, мәдениеттің арғы-бергі тарихын 
сөйлетуші де, жеткізуші де тек ана тілдің құдіреті арқылы береді. Әр халықтың 
өзіндік тұрмыс-тіршілігі тілі арқылы бейнеленуімен, тіл арқылы басқа елге 
танылуынан тіл, әдебиет пен мәдениеттің арасында ажырамайтын байланыстың 
бар екендігінен көрінеді. Тіл мен әдебиет мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол 


105 
сол халықтың дүниетанымын көркем шығарма арқылы бейнелейді. Қазақ халқы 
басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді 
мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық 
қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен айтқанда, көшпенді 
қазақтардың экологиялық санасы биік болған. Ең бастысы, қазақ 
дүниетанымының ерекшеліктерін айтқанда, ескерер мәселе, ол - қашанда 
олардың еркіндік пен бостандық сүйгіштігі. Қазақ ұлты қашанда теңдік пен 
әділеттілік мәселесіне қатты назар аударған. Осы ретте теңдікке негізделген 
әділеттіліктен әлеуметтік айырмашылықтар мен әлеуметтік топталу аз болған. 
Табиғатынан байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау халықтың қанына 
терең сіңген құндылық. Онымен тығыз байланысы бар нәрсе - бар затқа қанағат 
ету де қазаққа тән қасиет. Ұжымдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау – 
ол да көшпенділік өмір салтынан шыққан құндылық. Көшпенділік ғұмырында
қашанда әр қилы қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келді. Ол 
- ерлікті, батырлықты қасиет етуді талап етті. Осы мәдениеттен қазақ ұлтының 
пәлсапасы қалыптасты. 
Ең бастысы, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және 
гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек көңіл 
бөлінеді. Осы ретте адам мәселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбінесе 
экзистенциялық тұрғыдан қаралады және ол көшпенділік өмір салтын түсірсек 
түсінікті де болар.Отандық философияда абстрактылы-теоретикалық жүйелер 
жасау өте сирек кездесетін құбылыс - философиялық ізденіс адамның нақтылы 
өмірдегі жүріс-тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбірек көңіл 
бөлінеді. Адам болмысының этикалық жақтарына: жақсылық пен жамандық, 
ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, абырой т.с.с. категорияларға терең талдаулар 
жасалады. Қоғам өмірінің негізгі мәселесі ретінде әрқашанда әлеуметтік 
әділеттілікке көбірек назар аударылады.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ ақын - жазушыларының шығармашылық 
мұрасы әдебиет пен ұлттық руханияттың дамуындағы өзіндік «алтын ғасыр» 
болып табылады. Бүгінгі таңда қара жамылған тарихтың «ақ дақтары» ашылып 
келе жатыр. «Кері қайтарылған» есімдерді зор мақтанышпен қабылдайтын хәлге 
келдік. Кері қайтарылғандардың арасында ұлттық-рухани бағыттағы 
ағартушылыққа зор үлес қоса білген Жүсіпбек Аймауытов есімін ерекше 
айтуымыз керек. Әдеби творчестволық қызметін әр түрлі қоғамдық, 
педагогикалык қызметпен тамаша үйлестіре білген Ж. Аймауытов он шақты 
жылдың творчестволық өмірінде қаладан-қалаға көшіп-қонып, әр түрлі жауапты 
әрі күрделі қызметтер атқара жүріп, ат жалы, атан қомында - қуғын-сүргінді 
бастан кешіре жүріп, әдебиеттің әр жанрында қалам тартып, өндірте жазып, 
ғылым саласында да зерделі зерттеулер жасаған қаламы қарымды, ойы ұшқыр 
жазушы болды. 
Жүсіпбек Аймауытовтың дүниетанымы әралуан және күрделі болды. Ішкі 
жан дүниесінде гуманизм мен ағартушылық, пәлсапалық пен жоғары идеалға 
деген махаббат, аскетизм мен діни мораль, адамгершілік пен философиялық 
дүниетанымдар тоғысқан. Еңбектерінде адам құмарлығының құндылықтары 


106 
туралы ой-толғамы терең және скептицизмге толы. Ол қазақи дүниетанымның 
негізін сала отырып, ұлттық болмыс пен ұлттық код мәселесінің қалыптасуына 
елеулі үлес қосқан зергер қаламгер.
Ұлттық болмыс – әлеуметтік психологияда, философияда, мәдениетте, 
этнологиядағы белгілі бір ұлттық қоғамның (этностың) тұрақты ерекшеліктерін, 
санасын, қызығушылықтарын, рухани құндылықтарын, ынтасын, әлеуметтік-
психологиялық қорғаныс тетіктерін сипаттайтын күрделі түсінік. Әдеби 
шығармадағы кейіпкердің ұлттық сипатымен ерекшеленген мінез-бітімі, оның 
белгілі бір халықтың өкілі екендігін танытатын психологиялық және ойлау, 
сөйлеу өзгешелігі. Ұлттық характер – тарихы категория. Ол қоғамдық, рухани, 
экономикалық және саяси жағдайларға сәйкес қалыптасады. Дүниені ұлттық 
түсінікпен қабылдау жолы қай адамға болсын тән қасиет. Өнерде, әдебиетте адам 
бейнесін бұл қасиет толық көрініп отырады. 
Осы ретте сөз зергері Жүсіпбек Аймауытов қазақтың ұлттық мүддесін 
қорғаған жазушы болды. Жазушының «Күнекейдің жазығы», «Томарбай мен 
қатыны», «Жаңабайдың жанындағы трагедия», «Елес», «Боранды болжағыш 
әулие», «Қара бақсы» т.б. әңгімелерінен «Қартқожа», «Ақбілек» т.б. 
романдарына дейінгі прозалық құнды шығармаларында, оған қоса драмалық 
туындыларында қазақ әлемінің тынысын, болмысын керемет көркемдікпен бере 
білген қарымды қаламгер.Жазушы шығармашылығы - ел тұрмысын, заман 
тынысын дәл танып, шынайы суреттеп, көркем бейнелей алған құнды әлем. 
Жүсіпбек Аймауытовтың пооэзиялық шығармаларының бастауы болатын «Не 
қып жатыр?» өлеңі «Айқап» журналында (1911, №2) жарық көреді. Жүсіпбек 
туындысында өзгере бастаған жұртының қалпын бейнелейді. Оқығандардың 
бірі ретінде Жүсіпбек осы өлеңі арқылы өзіндік үнін қосқандай еді. 
Түрленіп мынау заман ағып жатыр. 
Жай өтпей һәркімге сын тағып жатыр, 
Жайынан замананың хабардар ма? 
Осы біздің қазақтар неғып жатыр. 
Шүкір, қазақ ұйқыдан тұрып жатыр, 
Өз әлінше өрмегін құрып жатыр 
Жіліктің майлы басын бері тартып, 
Икемдеп өз алдына бұрып жатыр,– 
деген өлең жолдармен бастаған Жүсіпбек қазақ жастарының білімге 
сусындап, өнер, ғылымға ұмтылып жатқанын, ұлт қамын ойлайтын талаптылар 
баспасөз, мұғалімдер медресе, мектептер ашып жатқанын, байлардың 
нашарларға қол ұшын беріп, «тас болат үй, магазин, зауыт ашып», қазақтан 
«инженер, агроном, адуақаттар, дәрігерлер де өнеге шашып» жатқанын, 
осылайша қазақтың ілгері басқанын сипаттай келе, «Нөсер соғыс әлемге жетіп 
жатыр, Ақ патша жұртқа пәрмен етіп жатыр...» деп бірінші дүниежүзілік 
соғыстың да халқына соққы болып тиіп жатқанынан хабардар етеді. Сөйтіп, 
соғыс та аяқталып, қазақтың да өз алдына ел болатынына сенген үмітімен өлеңін 
аяқтайды. 


107 
Қызық қуатын уақыт емес, қызмет қылатын, еңбек сіңіретін уақыт. 
Ойлаңыздар: халық біз үшін емес, біз халық үшін туғанбыз, олай болса
мойынымызда халықтың зор борышы, ауыр жүгі жатыр» деп оқығандарға үндеу 
тастайды. Жазушы қазақ оқығандарының алдында ауыр да зор міндет тұрғанын, 
халық алдындағы борышын абыроймен өтеу керектігін ескертіп, өздеріне тиесілі 
жауапкершілікті сезінуге шақырады. Түйіп айтқанда, ұлттық баспасөзде 
басылған өлеңдері мен саяси мақалаларындағы Жүсіпбек Аймауытовтың 
жоқтағаны бүкіл қазақ мұңы болды. Қазақ халқының басын қосуға күш салып, 
бірлікке шақырды.Жүсіпбек өзінің өткір қаламымен қазақ тұрмысының нелер 
түрлі-түрлі суреттерін түсірген, шебер драмашы.
«Қазақ тілін» құрастырып, қаз тұрғызса, содан кем еңбегін сіңірмеген. 
«Қазақ тілін» жетектеп жүргізіп, ел қатарына қосқан азаматтарымыздың бірі - 
Жүсіпбек...» деп жазады («Қазақ тілі» газеті, 1924 ж. 5 декабрь). 1921 жылы 
Баянауыл 
округінің 
Лекер 
қажы 
ауылында 
Ж.Аймауытовтың 
ұйымдастырылуымен мектеп ашылған екен. Ол мектеп 1921-1928 жылдар 
аралығында жұмыс жасаған. Енді ол мектептен ұшқан түлектер, 11 түлегі 
Орынбор институтында оқып, қазағымыздың әдебиетіміздің дамуына үлес 
қосқан. Жүсіпбек Аймауытовтың рулас туысы Киікбай Оқасовтың айтуынша, ол 
жай ғана мектеп емес, елді аштық жайлағанда панасыз қалған жетім-жесірге 
қорған болған үлкен кешен. Алаш азаматының қамқорымен ашылған «Мәдени 
кіндіктің» тәрбиеленушілері кейін Украинаға қоныс аударыпты. Қазақ 
балаларының одан кейінгі тағдыры туралы ақпарат жоқ.Жақсы жаңалығымыз, 
осы соңғы екі жылда осы «Мәдени кіндіктің»тарихын зерттеп, макетін жасап, 
Жүсекеңнің ағартушылық пен ізгілік істерін паш ету жұмыстары жүргізіліп 
жатыр. 
Ең бастысы, Жүсіпбек Аймауытов сан-сала жазушылық қызметімен бірге 
қазақ ұлтына, қазақ қоғамына ұлттық білім мен тәрбие беру ісімен терең
шұғылданды. Оның кеңестік шығыс халықтары арасынан алғаш психология 
ғылымы саласында көлемді кітаптар жазып, бастырып шығаруы тек жазушы-
ғалым мақтанышы ғана емес, бүкіл халқымыз мақтанарлық зор құбылыс, үлкен 
ғылыми олжа деп қабылдауымыз керек. 
Ғалымның 1926 жылы Қызылорда қаласынан басылып шыққан 
«Психология» кітабы мен Москвада сол жылы Күншығыс елдерінің 
баспаханасынан жарық көрген «Жан жүйесі мен өнер таңдау» атты ғылыми 
кітабы талай ұрпақтың ғылыми сауатын ашып, теориялық һәм практикалық зор 
міндет атқарды. Ол бүгінде заманауи педагогика мен психология ғылымынан бір 
кемдігі жоқ дүние. Ана тіліміздегі психология пәнінің терминдерін 
қалыптастыруда көшбасшылық, жетекшілік ролі, педагогика саласында да 
Жүсіпбек ерен білгірлік танытып, өз тәжірибесін ұтымды пайдаланып, 
«Тәрбиеге жетекші» (1924, Орынбор) оқулық кітабын, ғылыми мәнді 
мақалаларын жазды. Оның «Әдет заңы» («Сана» 1924, №2-3), «Ана тілін қалай 
оқыту керек» («Жаңа мектеп» жур. 1925, №2) т.б. мақалалары - күні бүгінге дейін 
ғылыми дәрежесі жоғары туындылар деп бағаланып отыр. 


108 
Өз дәуірінің зәру мәселелерінің бірі болып есептелген балалар әдебиетін 
жасауға да көп күш-жігер жұмсады. Архив деректеріне сүйенсек, 1927 жылы 5 
март күні Қазақстан мемлекеттік баспасының кезекті мәжілісінде Ж. 
Аймауытовтың балаларға арнап жазған төрт бірдей суретті кітапшасы 
талқыланып, басылуға жолдама алыпты. Олар: «Шал мен кемпір», «Көк өгіз», 
«Үш қыз», «Жаман тымақ» ертегілері. Кітапшаларға берген жазбаша пікірінде 
Байтасұлы Абдолла: «Ертегі бір-біріне мазмұн жағынан байланысты болып, 
оқушылардың жасына, дүние тануына, сана-саңлауына сәйкес жазылған... 
Ертегілердің тілі әдемі. Сөздің бәрі үлкендікі емес, бірыңғай баланың сөзі» - деп 
өте жоғары баға берілген екен. 
Жүсіпбек Аймауытұлы шығармаларында лирикалық шегіну, пікір қозғау, 
көсілтіп баяндау, кемелдеп суреттеу, табиғат құдіретін, портретті толығырақ 
бейнелеу, ұтымды монологтарды беру шеберлігі кеңірек көрінеді. Жазушы өзіне 
елеулі еркіндік беріп, кеңістікті, уақытты, ортаны, өмір – құбылыс – 
жаңалықтарын аты аталған шығармаларында тиісінше қамтиды. Адам мінез-
қарекетін даралап ашқызатын тартыс, мінез қақтығыстары нанымды, құнықты 
жайлар сан қырынан баяндалады.
Жүсіпбек Аймауытұлы шығармаларындағы кейіпкерлердің ішкі монологы 
портреті, пейзаж, ишара, дауыс ырғағы, көзқарас, қимыл-қозғалыс, т.б. сезім 
элементтері автордың идеясын жеткізуге қызмет етеді.Қазақ ауылы мен 
қаладағы тұрмыс-тіршілік кейіпкердің ой елегінен өтіп, өзіндік тәжірибесіне 
айналды. Жүсіпбек Аймауытұлы өз кейіпкерлерінің ішкі жан сарайындағы 
тіршілік сезімін олардың іс-әрекеті, сыртқы қимыл-қозғалысы арқылы, яғни 
динамикалық психологизммен беруге шебер. 
Жүсіпбек Аймауытұлы жансыз табиғат құбылыстарына көркемдік 
мінездеме беріп, оған өзіне ғана тән үйлесімді, жарасымды бояу дарытып, ой-
қиялға, жан сезімге әсер ете алған. Көркем пейзаж жасау деңгейі жазушының 
дүниетанымының кеңдігіне рухани мәдениетінің тереңдігіне құбылыстарды 
адамның ырқынан тыс обьективтік дүниедегі адамның-кейіпкердің тағдыр-
талайымен сабақтастырып, гармониялық тұтастық жасау шеберлігіне қатысты. 
Жазушы әрі осындай ұтқырлығымен ұлттық тілдің нәзік те мөлдір, терең 
сырларын, әр сөздің көркемдік қасиетін өрнектейді, әрі шығарманың ішкі 
мазмұның байытып, көркемдік сырын тереңдетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет