181
Бас кейіпкер Хәрри бірге толар-толмас әке-шешесінен айырылып, нағашы
әпкесі мен жездесінің қарауында қалады. Бұл оқиға желісін ағылшындардың
атақты Артур патша мен ұлы сиқыршы Мерлиннің аңызынан көруге болады.
Сонымен қатар, Хәрриге туыстарының күн бермей, жиенінің мазағына көнуі
көп
ертегілерде(соның
ішінде
«Күлбике»
ертегісінде)
кездесетін
композицияның бастамасы.
«Хәрмиона дәретханадан шықпас бұрын айналаны барлап көруге
кеткенде, Рон Хәрриге:
«Ертең Малфойды сыпыртқыдан аударып түсіре
салшы, әуреміз азаяды» деп сыбырлады».
[1, 160 б.] Рон негізі іске шорқақ,
қимылы сылбыр, оқудағы үлгерімі ортадан төмендеу, үнемі жамандыққа
ұрынғыш, тұзы жеңіл бала болғанымен, сөздеріндегі әпенделігі оқушының
езуіне күлкі үйірері сөзсіз.
«- Куофл бірден Анжелина Жонсонның қолына түсті, ол Грифиндордың
керемет шабуылшысы, оған қоса сүйкімді қыз десем қателеспеймін.
- ЖОРДАН!
- Кешіріңіз, профессор».
[2, 199б.] Жордан куидич ойынында коментатор
болатын, кейде тақырыптан ауытқып кететін әдеті бар. Ол да, көп көріне
бермесе де, куидич ойыны сипатталтын бөлімдерді өзінше әрлеп тұрады.
«- Жасырын бөлме қайта ашылғаны рас екен, - деді Дамблдор» бұл
бөлімде оқырманның алдынан шығатын жаңа мифтік жануарлар: Том
Реддлдің(Волдеморт) аждаһасы, Дамблдордың фениксі – Фоукс, Хәгрид кезінде
тығып асыраған алып өрмекші – Арагог. «Хәрри Поттер мен Жасырын бөлме»
романының ерекшелігі де, мистикалық-фантастиканың детективпен біте
қайнасып, оқырманын «дуалауында».
Бірінші кітапты тәржімалаған: Беркіқажы Н., Мәзен Д., Мұхамедияр С.
Екінші бөлімді аударған – Динара Мәзен. Жалпы, аударманы дүйім жұртқа
қазақтың аудармасы деп мақтануға тұрады. Олай дейтін себебіміз, бүгінде
қолданылмайтын бірақ әлі күнге дейін пайдалануға болатын сөздер немесе тек
орыс тілде айтатын лексикалық бірліктерді ұтымды кәделеріне жарата білген.
Мәселен, қазір «сынып старостасы» деп ауызекі тілде қолданатын сөзді «серке»
деп аударған, қазақта жоқ, бірақ өзге аудармаларда «рыцарь»(Тақтар таласында
осылай берген) деп айтылып жүрген сөзді «сері» деп аударған.
Достарыңызбен бөлісу: