251
ғана дамиды. Қазіргі кезде ешнәрсеге шектеу жоқ,барлық жерге барап, көріп
келіп өз елімізді дамыту қажет, керісінше сол елде қалып кетпей. Не себепті өз
болашағымызды, болашақ ұрпағымызды дамытпасқа. Мағжан Жұмабаев
атамыз айтып кеткен «Мен жастарға сенемін» деген сөзі барлығымыздың тілге
деген, ана тілге деген рухымызды ояту қажет Ата-бабамыз аңсаған, солар
бейбітшілікте тұра алмаған тілді біз сақтай алмаймыз, жұмыла көтерген жүк
жеңіл демекші барлығымыз кіріссек барлығы дамиды.
Елбасымыз айтып кеткендей қазақтың болашағы қазақ тілінде
делінген.Бұл сөздің астары, Қазақ тілінің болашағын жандандыру. Ал болашақ
біздің қолымызда. Ал жағымсыз жақ біздің менталитетте аға,көке ұғымы, таныс
тамыр ұғымы көп таралып кеткен әрине жақсы жағы да жаман жағы да бар.
Жаман жағына тоқталсақ бұл білімсіздердің таныс тамыр арқылы жұмысқа
тұруы,білімді жандардың алдын орап, тіліміздің ғылыми деңгейін түсіруі. Білім
жоқ жерде ешқашанда біз дамымаймыз сол себебті жастар білімді болуы керек.
Жағымсыз пікірді жою керек. Қоғамда қарым қатынас жасау құралы тіл
болғандықтан тілімізді дамыту керек,көп зерттеулер жүргізу керек.
Тіл – ең асыл қазына.Ғылыми жағынан бөлек әлем. Тіл – ең көркем
сөйлеуге арналған қатынас құралы. Дүние жүзінде ең көп таралған тіл –
ағылшын тілі.Өйткені бұл тілдің қолдануы өте кең. Ал ең көркем сұлу тіл деп
француз тілін атайды. Бірақ осы қатарға өзіміздің қазақ тілін де қосуға болады.
Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан сіз қай ұлттың өкілі
болмаңыз, тіл үшін күресуге міндеттісіз. Сол тілде сөйлейтін соңғы адам
болсаңыз да, тіліңіз жайында аманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуыңыз
керек. Себебі сіздің тілде жазылған құнды тарихи деректер, кейінгі ұрпақ үшін
үлкен рөл ойнауы мүмкін. Мәселен кезіндегі орхно жазулары, руна жазулары
бүгінгі көптеген түркі халықтарына тән тарихи деректердің көзін ашып беріп
отыр. Ендеше сіздің де тіл өлмесе, ертеңгі ұрпақ үшін, жалпы адамзат үшін
үлкен мәнге ие болары сөзсіз.
Мақаламыздың соңын мына сөзбен аяқтағымыз келеді. Тіл тек қана тіл...
Бұл-махаббат ,бұл-жақсы көру. Оның мақсаты дін қызметшісініңкіндей:сізді
орныңыздан тұрғызады, өзіңізді ұмыттырып, өзіңізге құлақ түргізеді. Дүниедегі
ең сорақы нәрсе өз тіліңді жоғалту.
Достарыңызбен бөлісу: