Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет245/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер 
1.
Черемисина Е.Н., Антипов О.Е., Белов М.А.. Виртуальные технологии. 
Дистанционное и виртуальное обучение. 2012. № 1. – С. 50-64. 
2.
Rittinghouse J., Ransome J. Cloud Computing: Implementation, Management and 
Security. CRC Press, 2010. 
3.
Касаткина Н. Э., Градусова Т. К., Жукова Т. А., Кагакина Е. А., Колупаева О. 
М., Солодова Г. Г., Тимонина И. В. Современные образовательные технологии в учебном 
процессе вуза [Текст]: методическое пособие. – Кемерово: ГОУ «КРИРПО», 2011. – 237 с. 
ӘОЖ 372.8:57/59 
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ 
Увалханова Г.Ж. – 
113-38А тобының студенті
 
Ғылыми жетекші: Есентуреева Г.Д. – 
а.ш.ғ.к., аға оқытушы
 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент
 
Summary 
The article indicates the advantages of using information and communication technologies in 
the educational process, which are currently rapidly developing and becoming an integral part of 
the educational process. 
XXI ғасыр - компьютерлік технологиялар ғасыры. Сондықтан ең алдымен 
адам баласы өзіне келесі сұрақтарды қою арқылы компьютерлік 


520 
технологиялардың қажеттілігін түсіне алады: Қазіргі заманда адам өзін 
әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жайлы сезінуі үшін не қажет? Адам өзін 
толыққанды өмір мен жұмысқа дайындау үшін ХХІ ғасырдағы білім қандай 
болу керек және қандай рөл атқаруы керек? Әрине тек дәстүрлі білім беру 
әдістерін пайдаланып осы мәселелерді шешу мүмкін емес. Ал заманауи 
әдістерді меңгеру үшін келесі жағдайлар құрылып жатыр және құрылуы қажет: 
- әрбір білім алушының танымдық процеске тартылуы; 
- әртүрлі мәселелерді шешу үшін бірлесіп жұмыс істеу; 
- басқа өңірлердің, білім беру ұйымдарының білім алушыларымен тығыз
қарым-қатынас орнату; 
- әртүрлі мәселелер бойынша өзінің тәуелсіз дәлелді пікірін қалыптастыру 
мақсатында бүкіл әлемнің ақпараттық орталықтарында қажетті ақпаратқа еркін 
қол жеткізу. 
Қазіргі уақытта заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 
негізінде оқу процесін ұйымдастыру қажеттілігі туындады, онда электронды 
құралдар ақпарат көзі ретінде кеңінен қолданылады. Себебі тек жаңа 
ақпараттық технологиялар жаңа педагогикалық технологияларға негізделген 
мүмкіндіктерді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді [1]. 
Ақпарат қоғам дамуының ресурсына айналған кезде қазіргі білім беру 
жүйесі үздіксіз процесс екені белгілі. Мұғалімдер үшін бұл білім беру 
мақсаттарын белгілеудегі басымдықтардың өзгеруін білдіреді: оқыту мен 
тәрбие нәтижелерінің бірі – студенттердің заманауи компьютерлік 
технологияларды игеруге дайындығы және одан әрі өзін-өзі тәрбиелеу үшін 
олардың көмегімен алынған ақпаратты жаңарту мүмкіндігі болуы керек. Осы 
мақсаттарды жүзеге асыру үшін мұғалімнің тәжірибесінде оқытудың әртүрлі 
стратегияларын қолдану және оқу – тәрбие процесінде ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану қажет. 
Сабақтарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану 
қоршаған әлемнің ақпараттық ағындарында бағыт табу, ақпаратпен жұмыс 
істеудің практикалық тәсілдерін меңгеру, заманауи техникалық құралдардың 
көмегімен ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін дағдыларды дамытуға мүмкіндік 
береді. Сабақтарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану 
түсіндірмелі және иллюстрациялық оқыту әдісінен іс-әрекетке көшуге 
мүмкіндік береді, онда білім алушы оқу іс-әрекетінің белсенді нысанына 
айналады. Бұл студенттердің білімді саналы түрде игеруіне ықпал етеді. 
Біз білім берудің тиімділігі мен сапасын арттыратын заманауи ақпараттық 
технологияларды қолданудың екі негізгі бағытын көреміз. Біріншісі - білім беру 
мәселелерін шешуде компьютерді сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін білімді, 
дағдыларды игеруді қамтиды. Қоғам талаптары мен қазіргі білім мен 
дағдылардың аралығындағы алшақтықты қысқартып компьютерді күнделікті 
өмірде пайдалана білу. Екіншісі – заманауи ақпараттық технологияларды білім 
беру барысында оқу траекториясын еркін таңдауға мүмкіндік беретін, 
оқытудың тиімділігін айтарлықтай көтеретін оқытудың тиімді құралы ретінде 
қарастырады. Студент өзіне қолжетімді ақпарат құралдарын пайдалануға 


521 
қабілетті, белсенді емес тыңдаушының орнына оқу процесінің барысында өзін-
өзі басқаратын тұлға ретінде қалптасады, ал компьютер және көптеген оқу 
бағдарламалары оқытудың басқа әмбебап құралдары ретінде қолданылады [2, 
3].
Қазіргі білім беру жүйесіне қойылатын мақсаттар мен міндеттер үнемі 
өзгеріске 
ұшырауда, 
күш-жігер 
білімді 
игеру 
құзыреттіліктерді
қалыптастыруға көшірілді, басты назар жеке-тұлғалық білім беруге ауысуда.
Дегенмен бәрібір де сабақ оқу процесінің негізгі құрамдас бөлігі болды және 
болып қала береді. Оқу іс-әрекеті көбінесе сабаққа бағытталған. Дайындық 
сапасы білім беру мазмұнымен, сабақтың технологиясымен, оның 
ұйымдастырушылық 
және 
практикалық 
бағытымен, 
атмосферасымен 
анықталады, сондықтан білім беру процесінде жаңа педагогикалық 
технологияларды қолдану қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет