544
ұсынады. Ф.Оразбаеваның пікірін тағы да бір назарға алар болсақ:
«Оқылымның берілген материалды түсініп, ұғу ғана емес, ондағы әрбір тілдік -
қатысымдық тұлғалардың мағынасын білу, қалпын тану және оны тілдік
қарым-қатынаста кеңінен пайдалану керектігі»,- деп көрсетеді. Мұнда
оқушының танымы кеңейіп, білім көкжиегі көтерілері сөзсіз. Ал, оқылым
дағдысын қалыптастыруда ең қажетті болып табылатын – мәтін. Мәтін – тілді
оқыту барысында оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу негіздері арқылы жүзеге асатын
құрал. Демек, мәтін – оқылымның негізгі жаны деп айтуымызға толық негіз
бар. Дегенмен де, мәтін түрлері де арнайы сынып оқушыларына арналған
болуы тиіс. Сонда ғана бала жас ерекшелігіне қарай мәтінді түсініп, оқи алады.
Ал оны талдау барысында арнайы оқылым стратегияларын қолданған дұрыс.
Оқылым стратегияларына
мыналар
жатады:
«Жылдам
кездесу»,
«Ойланыңыз,жұптасыңыз, бөлісіңіз», «Піспеген модель», «Белсенді түрде
модельдеу», «Стоп кадр», «Кітап оқу кезіндегі саяхат», «Ақпараттағы
олқылықтар», «Сен білесің бе?», «Графикалық органайзерлер», «Жалғыз
құты», «Қос құты», «Венн», «Уақыт диаграммасы» (уақыт сызығы),«Оқиға
картасы»(Тарих картасы), «Торлы диаграмма» (Радиальді диаграмма), «Себеп
салдарлы диаграмма» (Балық сүйегі немесе Фишбоун), « Тоғыз гауһар», «Таңда
да, таста» және «Болжау». Балалардың кітаптарындағы оқылым дағдысын
жүзеге асыру барысында «болжау» әдісінің мән - маңызы өте зор. Ол өзге
дағдыларға қарағанда көптеп қолданылады. «Болжау» әдісін сабақ барысында
қолданылуына қарай және оқылым мазмұнына байланысы негізінде бірнеше
түрлерге жіктеп көрсете аламыз. Бірақ, оның бәрі де оқып отырған баланың
таным – түсінігін қалыптастыруға, сабаққа деген қызығушылығын арттыруға,
ойлау қабілетінің кемелденуіне, өз білімін жоғары бағалауына зор септігін
тигізеді.
«Болжау» стратегиясын жаңа сөздерді үйрету тәсілі ретінде де жиі
пайдалануға болады, сонымен қатар, «болжау» стратегиясы оқылым мен
грамматиканың да басын біріктіруші құрал болып табылады. Осыған орай,
«болжау» стратегиясының сабақ барысындағы қолданылу мөлшері әрқилы.
Себебі ол оқылым материалының мазмұны мен сабақтың мақсатына
байланысты құрылады. Балалардың оқылым дағдысын қалыптастыру
барысында болжау стратегиясының түрлері көптеп кездеседі. Оларға: мәтін
ішіндегі бос орындарға қажетті мәліметтерді тауып қою (сөздерді), сюжетті
желімен жазылған мәтін бөліктерін біртіндеп болжап оқу, әңгімені аяқтау,
оқылым материалының тақырыпаты бойынша оқылатын мәтін мазмұнын
тексеру т.б. жатады. Оқылым дағдысындағы болжам әдісі, сонымен қатар,
оқылым алды, оқылым кезіндегі, оқылымнан кейінгі деп те бөлінеді. Сол
себепті де болжату тапсырмаларының мақсаты да түрлі болып келеді.
Қорытындылай келе, жоғарыда аталған стратегияларды сабақ барысында
тиімді әрі нәтижелі пайдалану арқылы біз баланың бойына оқылым дағдысын
қлыптастыру мүмкіндігіне ие боламыз. Балалар – біздің болашағымыз. Ал
болашақ жарқын болуы үшін біз – сапалы да саналы білім бере білуіміз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: