297
Анықталған интегралдау тақырыбын оқытуға бағытталған және
тиімділігі отырған әдістемелердің ұтымдылығы менің мектепте өткен
кәсіптік іс-тәжірибе кезінде байқалды;
Орта мектепте математикалық білім берудің өзіндік ерекшелігін және
математика пәнінің табиғаты, өзіндік орны мен мақсатына сәйкес, осы
пән бойынша орта сыныптың сабақтарында “түсіндіру,” “түсіндірме,”
“әңгіме,” “әңгімелесу,” “проблемалы баяндау,” “ішінара іздену немесе
эвристикалық әңгімелеу” сияқты әдіс түрлерін тиімді қолдануға
болаындығы тұжырымдалды.
Менің Шымкент қаласындағы Ақселеу Сейдимбек атындағы №80 IT
мектеп-лицейінде 31.01.2022-25.03.2022 ж.ж. аралығында кәсіптік практика
кезінде 11 сынып оқушыларымен “Анықталған интеграл” тақырыбында
сыныптан тыс жұмыс негізінде ашық сабақ өткізген болатынмын. Бұл ашық
сабақтан оқушыларда анықталған интегралдар жайында тереңірек түсінік
қалыптасты және болашақта осы тақырыпқа байланысты есептерді шығаруда
қиналмайтынына сенімдімін.
Достарыңызбен бөлісу: