Сборник нормативных и инструктивных документов для использования в работе профсоюзных органов Астана-2015


«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің



бет14/85
Дата12.10.2020
өлшемі2,36 Mb.
#68187
түріСборник
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің

кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігіндегі кәсіподақ құжаттарын ресімдеу және кәсіподақ мүшелерін есепке алу тәртібі жөніндегі

НҰСҚАУЛЫҚ
1. Кәсіподақ құжаттарын ресімдеу және кәсіподақ билеттерін беру
1.1. Кәсіподаққа кіргендерге кәсіподақ құжаттарын ресімдеу үшін негіздеме «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-не (Әрі қарай – Кәсіподақ) қабылдау туралы кәсіподақтың бастауыш немесе цехтық ұйымы комитетінің шешімі болып табылады.

1.2. Кәсіподақ құжаттарын ресімдеуді кәсіподаққа қабылдау туралы шешім қабылданғаннан бастап 5 күннен аспайтын мерзімде кәсіподақ комитеті немесе кәсіподақтық топ ұйымдастырушысы жүзеге асырады.

1.3. Кәсіподақ құжаттарын ресімдеу кәсіподақ мүшелерін есепке алу журналын толтырудан басталады:

журналға қызметкердің жеке куәлігі немесе кәсіподақ мүшесінің жеке тұлғасын куәландыратын басқа құжат, сондай-ақ кәсіподаққа қабылдау туралы хаттама негізінде ол туралы негізгі мәліметтер енгізіледі: тегі, аты, әкесінің аты; туған күні; атқаратын лауазымы; тұрғылықты орнының мекенжайы; кәсіподаққа кірген айы мен жылы; кәсіподақ билетін алғандығы жөнінде қолы; есептен шығару мерзімі; шығу себебі.

Кәсіподақ мүшелерін есепке алу журналына жазуды ресімдеу кезінде кәсіподаққа қайта қабылданған қызметкерден оның жалақысынан (егер білім беру ұйымында оқыса, шәкіртақысынан) мүшелік кәсіподақ жарнасын ұстау және оларды кәсіподақ Жарғысымен анықталған мөлшерде кәсіподақ органдарының шотына аударым арқылы аудару жөнінде арыз қабылданады.

1.4. Кәсіподақ мүшелерін есепке алу журналына жазу енгізілгеннен кейін кәсіподақ билетінің бланкісі толтырылады. Барлық кәсіподақ ұйымдарында бірыңғай үлгідегі кәсіподақ билеті беріледі. Кәсіподақ билетіндегі барлық жазулар аталған ұйымның кәсіподақ мүшелерін есепке алу журналындағы деректермен толық сәйкестікте жүзеге асырылады. Кәсіподақ билеті тегін беріледі және бастауыш кәсіподақ ұйымының шығысына жатады.

1.5. Кәсіподақ билеті мен есеп карточкасына кәсіподақтың мүшелік ұйымының немесе филиалдың мөрі басылады.

1.6. Кәсіподақ билеті тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру, жазбалардағы дәлсіздіктерді, пайдалануға жарамсыздықты анықтау жағдайында кәсіподақ құжаттарын ресімдеуге құқылы кәсіподақ органының шешімі және кәсіподақ мүшесінің арызы бойынша ауыстырылады.

Ескі билет (пайдалануға жарамсыздықты немесе жазбалардағы дәлсіздіктерді есептемегенде) кәсіподақ мүшесінде қалдырылып, оған «Жаңасына ауыстырылды» деп жазылады.

1.7. Кәсіподақ билеті кәсіподақ мүшесінде сақталады және кәсіподақ комитетінің (цех комитетінің), кәсіподақтық топ ұйымдастырушысының, кәсіподақ ұйымдастырушысының, жоғарғы кәсіподақ органдары немесе олардың өкілдерінің талаптары бойынша қажетті жағдайларда, сондай-ақ одақтағы мүшелігін дәлелдеуге қажетті басқа жағдайларда көрсетіледі.

1.8. Кәсіподақ құжаттарындағы жазуларды түзетуге жол берілмейді.

1.9. Жоғалған кәсіподақ билетінің орнына жаңасын беру мәселесі де кәсіподаққа қабылдау кезіндегі тәртіпте қаралады.

Кәсіподақтан шығарып тастау, сондай-ақ өз еркімен шығу кезінде мүшелік билет алынады.

Кәсіподақтан шығудың немесе кәсіподақтан шығарылудың әрбір жағдайы туралы кәсіподақ комитеті кәсіподақтан шығару немесе шығу фактісі жөнінде бір тәуліктен аспайтын мерзімде кідіртпей жоғарғы кәсіподақ органына хабарлауы тиіс.

1.10. Кәсіподаққа бірінші рет кіргендерге кәсіподақ билеттері, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 1.6-т.қарастырылған тәртіпте оларды ауыстырғандарға тегін беріледі, мұндай жағдайда билеттің құны кәсіподақ комитетінің шығысына есептеледі.

Жоғалған орнына кәсіподақ билетін беру кезінде, сондай-ақ бұрын өз еркімен шыққан немесе шығарылғандарды кәсіподаққа қайтадан қабылдау кезінде, кәсіподақ мүшесінен тиісті кәсіподақ органының шешімі бойынша кәсіподақ билетінің құны алынады.

1.11. Кәсіподақтан өз еркімен шыққандардың және шығарылғандардың кәсіподақ билеттері, сондай-ақ толтыру кезінде бүлінген немесе жарамсыз кәсіподақ билеттерінің бланкілері жоюға жатады.

Бұл құжаттарды жылдық сақтау мерзімі өткеннен кейін құрамында: кәсіподақ комитетінің басшысы, кәсіподақ билеттерінің бланкілерін сақтауға материалды жауапты тұлға, кәсіподақ билеттерінің нөмірлері, билеттер тиесілі тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, кәсіподаққа кірген жылы және мүшелік кәсіподақ жарнасын төлеген соңғы айы көрсетілген акті бойынша кәсіподақ ұйымының тексеру комиссиясының өкілінен тұратын комиссиямен жою жүргізіледі. Жою актісі үш жыл ішінде сақталады.

Каталог: files -> content
content -> «Үздік шаңғышы» «Жаңа жылдық шаңғыға»
content -> Сабақтың тақырыбы: 1867-1868 жылдардағы реформа Сабақтың мақсаты
content -> Оқу-тәрбие жұмысының жоспары 2016-2017оқу жылы
content -> Пәні: Қазақ әдебиеті. 8 «Қ» Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
content -> Анализ работы средней общеобразовательной школы №14 г. Павлодара за 2015 2016 учебный год
content -> Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Алты топқа бөлініп отыру. Психологиялық дайындық. 1минут
content -> Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз мектебі туралы білімдерін тереңдету
content -> Оқу жылына «№21 жалпы орта білім беру мектебі»
content -> Сабақтың мақсаты: а дк-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен танысу
content -> Сабақ жоспары Сбақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет