4. Кәсіподақ билетінің бланкілерін дайындау, тарату және сақтау 4.1. Кәсіподақ билетінің бланкілері Кәсіподақтың Атқару комитетімен бекітілген үлгі бойынша басылып шығарылады. Оларды дайындауға аумақтық органдар (аудандық-қалалық комитет) кезекті жылдың 1-ақпанынан кешіктірмей ағымдағы жылға мүшелік ұйымның өкілетті органына тапсырыс береді.
4.2. Кәсіподақ билетінің бланкілерін алғаннан кейін оларды тиісті тексеру комиссиясы тексеруді жүзеге асырады.
Кәсіподақ билетінің бүлінген бланкілері актімен бірге жіберушіге қайтарылады. Талап қою мерзімі – оны алған күннен бастап 1 айдан кешіктірілмеуі тиіс.
4.3. Кәсіподақ билетінің бланкілерін тарату мен беруді бастауыш кәсіподақ ұйымдары комитеттерінің тапсырыстары бойынша аумақтық органдар жүзеге асырады.
4.4. Кәсіподақ билеттерінің бланкілері қатаң есептегі құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіпте сақталады.