5. Кәсіподақ мүшелерін есепке алуды, кәсіподақ билеттері бланкілерін сақтаудың белгіленген тәртібін қадағалауды тексеру 5.1. Статистикалық есепті дайындау кезінде кәсіподақ комитеті, кәсіподақ ұйымдастырушысы кәсіподақ мүшелерін есепке алу жағдайын тексереді, шын мәнісіндегі қолданыстағы кәсіподақ билеттерінің бланкілерін бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырады. Қажет жағдайда тексеру нәтижелері кәсіподақ комитетінің (цех комитетінің) мәжілісінде, бастауыш кәсіподақ ұйымының жиналысында талқыланады. Бастауыш және цехтық кәсіподақ ұйымдары жылына екі рет 1-қаңтарда және 1-маусымда Кәсіподақтың аумақтық органдарына аталған ұйымның кәсіподақ есебінде тұрған қызметкерлердің тізімін береді.
5.2. Кәсіподақ мүшелерін есепке алу жағдайын, қатаң есептегі бланкілердің жұмсалуын тексеруді мезгіл сайын жоспар бойынша жылына кемінде бір рет барлық кәсіподақ органдарының тексеру комиссиялары, сондай-ақ тиісті басқару аппараты мамандарының күшімен кәсіподақ органдарының басшылары жүзеге асырады.
***
1-нысан Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетіне
АРЫЗ
Менің жалақымнан ай сайын 1% мөлшерінде мүшелік кәсіподақ жарнасын ұстап, аударым түрінде кәсіподақ ұйымының шотына аударуыңызды сұраймын.
Күні Қолы ***