Сборник нормативных и инструктивных документов для использования в работе профсоюзных органов Астана-2015



бет21/85
Дата12.10.2020
өлшемі2,36 Mb.
#68187
түріСборник
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85
2. Кәсіподақ оқуының бағыттары
Жоғарыда айтылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін, кәсіподақ оқуы мынадай бағыттар бойынша ұйымдастырылуы қажет:

2.1. Ақпараттық-талдау. Бұл бағытқа кіретіндер:

- аталған сәтте туындаған мәселелер ерекшелігін ескере отырып, аймақтар бойынша біркүндік семинар-кеңестер өткізу. Кәсіподақтың Салалық Кеңестері, облыстық, аумақтық, аудандық (қалалық) кәсіподақ комитеттері аймақтар бойынша қажеттілікке орай, бірақ кем дегенде жылына бір рет өткізілетін семинарлардың кестесін дайындайды;

- ай сайын аудандық (қалалық) комитеттерде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен бірге семинар-кеңестер өткізу;

- тұрақты жұмыс атқаратын кәсіподақ активінің мектептерінде оқыту;

- халықаралық семинарларға, конференцияларға қатысу;

- әр түрлі бағыттар бойынша кәсіподақ көзқарасын түсіндіру үшін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану, кеңестер беру, сонымен қатар кәсіподақ ұйымдарының жұмыс тәжірибелерін талдап қорыту;

- ақпараттық, талдау және әдістемелік әдебиеттерді оқу;

- кәсіподақішілік жұмыс мәселелері бойынша сауалнамалар жүргізу.

2.2. Кәсіподақ кадрлары мен активін оқыту.

Бұл бағыттың негізі кәсіподақтың Салалық Кеңесі, облыстық, аумақтық кәсіподақ комитеттерінің деңгейінде оқу жылы ішінде тұрақты жұмыс жасайтын кәсіподақ активінің мектебін немесе семинарлар құру болып табылады. Мектептер немесе семинарлар құру, дәріс алушылар тобын жинақтау туралы шешімді тиісті атқарушы кәсіподақ органы қабылдап, әрі қарай олардың жұмысына басшылық пен бақылауды жүзеге асырады және оқу процесінің сапасына жауап береді. Мектеп жұмысын басқару үшін әдістемелік кеңес құрылуы мүмкін.

Семинарлар 1-3 күн ішінде өткізіледі.

Кәсіподақ оқуының бір жылдық қорытындысы міндетті түрде тиісті кәсіподақ органының мәжілісінде талқыланып, келесі жылға арналған жоспарлары белгіленеді.

Тұрақты жұмыс атқаратын семинарлар жүйесінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларын оқытуға басты назар аударған жөн. Айына кемінде бір рет, жүйелі түрде оқыту бастауыш ұйымдарға, демек кәсіподақтың әрбір мүшесіне аймақтағы кәсіподақтың өзекті мәселелердің жеткізілуіне, кәсіподақ құрылысының құжаттарын үйренуге, кәсіподақ органдарының кәсіподақ мүшелерімен кейін қарай байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы деңгейінде, кәсіподақ құрылымы, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, ұжымдық шарт, кәсіптік одақ мүшелері – қызметкерлердің мүдделерін қорғау әдістері мен тәсілдері туралы ақпаратты алуға тиіс, жұмысқа қайта қабылданған қызметкерлермен жүргізілетін жұмысқа аса мән берген жөн.

Құқықтық Жалпыға міндетті оқуды жүргізу жөніндегі жұмыс шеңберінде, еңбек ұжымдарында кәсіподақ үйірмелерін құру маңызды болып, оларда кәсіподақ мүшелері еңбек заңнамасының негіздері бойынша өздерінің нақты еңбек қызметтеріне қолданатындай (жалақыны есептеу мәселелері, жұмыс уақытының және демалыс уақытының тәртібі және т.б.) қажетті білім ала алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет