Сборник нормативных и инструктивных документов для использования в работе профсоюзных органов Астана-2015


Кәсіподақтық оқытудың мақсаттары мен міндеттері



бет20/85
Дата12.10.2020
өлшемі2,36 Mb.
#68187
түріСборник
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   85
Кәсіподақтық оқытудың мақсаттары мен міндеттері

Кәсіподақ оқуын ұйымдастыруды одан әрі жетілдірудің мақсаты кәсіподақ қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру, кәсіподақ активінің алынған білім негізінде анағұрлым белсенді көзқарастарын қалыптастыру, кәсіподақ мүшелерінің мүдделері мен құқықтарын білікті қорғау болып табылады.

1.Негізгі міндеттері:

1.1. Еңбек қатынастарының заң, экономикалық және әлеуметтік мәселелері бойынша қажетті білімдерін меңгеру. Бұл білімдерін тәжірибелік жұмыста қолдана білу.

1.2. Кәсіподақ қызметінің әр түрлі бағыттары бойынша облыстық, аумақтық, аудандық (қалалық) кәсіподақ комитеттерінің, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының, кәсіподақ топтарының, комиссиялардың жұмыс тәжірибесін үйрену және талдап қорыту. Салааралық және халықаралық кәсіподақ қозғалысының тәжірибе жұмысында пайдалану.

1.3. Кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақтың сайланбалы органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-әрекетті күшейту.

1.4. Кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру жөніндегі жұмыс түрлері мен әдістерін үйрену, кәсіподаққа саналы мүшелікті қалыптастыру, кәсіподаққа жұмысшыларды тарту жөнінде үгіттеу жұмыстарын жүргізу, кәсіподақ беделінің нығаюы мен ықпалын күшейту.

1.5. Салалық Кеңес, облыстық, аумақтық, аудандық (қалалық) кәсіподақ комитеттерінің деңгейімен қатар, еңбек ұжымдарының деңгейінде де әлеуметтік әріптестік принциптерін одан әрі дамыту және жетілдіру. Келіссөздер жүргізуге дағдылану, келісімдер мен ұжымдық шарттар жасау тәртібін үйрену. Еңбек ұжымдарында келіспеушілік жағдайларын ескерту және оларды шеше білу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет