Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет33/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221

 
Дети
 
приобрели первоначальные навыки 
составления букетов и композиций.
Проводимая работа позволила воспитанникам глубже познать природу 
родного края, увидеть ее красоту и великолепие. 
Литературы:
1. 
Модель развития дошкольного воспитания и обучения 
(Постановление Правительства РК от 15 марта 2021 года №137) 
2. ГОС ДВО (приказ Министра образования и науки РК от 31.10.2018г. 
№604) 
3. Типовой учебный план дошкольного воспитания и обучения (приказ 
Министра образования и науки РК от 20.12.2012г. №557) 
4. Типовая учебная программа дошкольного воспитания и обучения 
(приказ Министра образования и науки РК от 12.08.2016г № 499) 
5.
Петер Асманн. — Современная флористика / Пер. с нем. 
Е. Я. Юдаевой. — М.: Культура и традиции, 2003. — 224 с 
6.Выготский Л.С. – Воображение и творчество в детском возрасте 
Издательство: М.:Просвещение,1991. – 3с 
 
 
 


58 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕР 
 
 
Ы.АЛТЫНСАРИН ӘҢГІМЕЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ЖӘНЕ 
ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ 
 
Алпысбаева Алмагул Ануарбекқызы
«№149 бөбекжай-балабақшасының»
қазақ тілі пәнінің мұғалімі 
Алматы қаласы 
 
Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Оның шығармаларының 
тәрбиелік мәні зор. Ыбырай атамыздың қай әңгімесін алсақ та тұнып тұрған 
білім мен тәрбие, ақылға толы үлгі-өнеге. Мысалы: «Бақша ағаштары» 
әңгімесін алар болсақ, баласының: «Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі 
неге қисайып кеткен?» - деген сұрауына атасы: «Оның себебі, балам, анау 
ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кесіп, мынау ағаш 
бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен. Мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы 
іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең жөні түзу адам 
болып өсерсің. Бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай 
қисық өсерсің, - дейді. Бұл әңгімесінің идеясында бала тәрбиесіне мән беріп, 
көп көңіл бөлгені көрінеді. 
«Бақша ағаштары», «Таза бұлақ», «Асыл шөп» әңгімелерінде 
адамгершілік тәрбие мәселесін көтереді.
Ыбырай Алтынсарин шығармаларының басты тақырыбы – еңбек. Ол 
еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, 
білім де келмейді, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Мысалы: 
«Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, 
қарлығаш», т.б. әңгімелерін айтуға болады. 
Ыбырай Алтынсарин шығармалары қысқа да, мазмұнды, балалардың 
түсінуіне жеңіл, аз сөзге көп мағына сыйғызады. Мақал-мәтел, афоризмдерді 
орынды қолданады. Әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аударады. 
Шығармалары мазмұны жағынан да, түрі жағынан да балалар әдебиетінің 
қойылатын талаптарына сәйкес келеді. Сондықтан Ы.Алтынсаринді балалар 
әдебиетінің негізін салушы дейміз. Ақын шығармаларының негізгі тақырыбы: 
адамгершілік, еңбексүйгіштік, әдептілік, елге, жерге, ата-анаға деген 
сүйіспеншілік. 
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде ең кішкентай жәндіктердің 
де, өмір, тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін көрсете келіп, 
оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, құмырсқа, өрмекші құрлы жоқпысың, 
сен де еңбек ет, босқа жатпа,» - дейді. 


59 
Ы.Алтынсариннің қазақ жастарын оқу, білімге шақырып: «Кел, балалар, 
оқылық!» - деп айтқан өлеңін білмеу мүмкін емес. Бұл өлеңді әрбір қазақ 
баласы жатқа біледі деп ойлаймын. 
Ы.Алтынсарин екі түрлі мәселені алдына мақсат етіп қойды: біріншісі –
мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халық ағарту жұмысы да, екіншісі – халықтың 
ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. Ол бар 
күшін оқу, ағарту ісін өркендетуге жұмсады. 
Ы.Алтынсарин шығармаларының ішіндегі «Мақта қыз бен мысық» 
ертегісі мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жеңіл ертегі. Әсіресе, 
оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтарда балалардың тілін дамыту мен сөздік 
қорларын молайтуға септігін тигізеді.
Қорыта келе айтарым, мұндай шығармалар баланың ойын, ұшқыр 
қиялын оятады, сөз айшықтарын үйрену арқылы баланың сөйлеу мәдениеті 
артады. Балаларды адамгершілікке, шыншылдыққа, терең ойлауға 
тәрбиелейді, табиғатқа деген жанашырлық сезімдерін оятады. 
Ы.Алтынсарин әңгімелерін балаларға жеңілдеп түсіндіру үшін 
графикалық органайзерлерді қолдана отырып, бірнеше әңгімелеріне мысалдар 
келтіремін. 
Графикалық органайзерлер – мәтіндегі негізгі ақпаратты тиімді жолмен 
белгілі бір сызбаларға салып түсіндірудің жолы. Графикалық органайзерлердің 
көп шеңбер, қос шеңбер, өрмекші, балық қаңқасы, хикаялар картасы деген 
түрлері бар. «Мақта қыз бен мысық» ертегісін – балық қаңқасы, «Бақша 
ағаштары» әңгімесін – қос шеңбер, «Қарға мен түлкі» ертегісін – көп шеңбер, 
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесін – өрмекші торы графикалық 
органайзерлерімен түсіндіруге болады. 


60 


61 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет