Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет35/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221

Әдебиеттер
1. Ы.Алтынсарин. Қазақәдебиеті: Алматы: Ғылым, 1979.-110 б 
2. Ыбырай Алтынсарин. Таңдамалышығармалар - Алматы "Ғылым", 
1994.-289 б 
3. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2-кітап. –Павлодар: Арман, 
2004 
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы – Алматы, «Ана тілі», 1992ж, 448 бет 
5. Ыбырай Алтынсариннің тағылымы (Әдеби- сын мақалалар мен 
зерттеулер) Алматы, Жазушы 1991 ж 186б,226 б 
6. Дербісәлин Ә. « Ы.Алтынсарин-ұлы педагог,ағартушы, жазушы»
«GIGO» КОНСТРУКТОР – КІШКЕНТАЙ ИНЖЕНЕРЛЕРДІ 
ТӘРБИЕЛЕЙТІН БОЛАШАҚ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ 
 
Джанадилова Инабат Аскаровна
№ 7 «Еркетай» бөбекжай- 
балабақшасының әдіскері
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы 
ХХІ ғасырда жаңа технологиялардың дамуына байланысты қоғамға 
өзекті мәселелерді стандартты емес түрде шешуге, өмірдің барлық салаларына 
жаңа мазмұн енгізуге қабілетті адамдар қажет.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 
қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту 
моделінің мақсаты да осыны көздейді. Модельдің мақсаты – дені сау, дербес, 
білуге құмар, көпшіл, сын тұрғысынан ойлайтын балаларды қалыптастыру 
мен әлеуметтендіруге бағытталған тәрбиелеу мен оқыту жүйесін өзгерту 
арқылы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытудың бағыттары мен 
қағидаттарын айқындау болып табылады. Мектепке дейінгі жастағы 
бaлaлaрдың қиялын шыңдаудың, сөйлеуін дамытудың, шығармашылық 
қабілеттерін, креативтілікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істей білуді 
дамытудың маңызы зор.
Қазіргі балалар белсенді ақпараттандыру, компьютерлендіру дәуірінде 
өмір сүреді.
Бүгінде мемлекет жоғары зияткерлік мүмкіндіктері бар жоғары 
білікті мамандарға аса қажеттілікті сезінуде. Болашақ инженерлерді 
даярлауды ЖОО-да емес, ерте жастан, яғни мектепке дейінгі жастан бастау 
керек, 
өйткені 
балалардың 
техникалық 
шығармашылыққа 
деген 
қызығушылығы ерекше болады. Осы жас аралығында ойлаудың техникалық 


66 
қызығушылығын, аналитикалық ақыл-ойды және басқа да жеке қасиеттерді 
дамыту аса маңызды болып табылады.
Балабақшадағы құрастыру бұрыннан бар, алайда егер бұрын 
конструктивті ойлау мен ұсақ моториканы дамытуға басымдық берілсе, енді 
жаңа стандартқа сәйкес жаңа тәсіл қажет. Балабақшадағы құрастыру іс-әрекеті 
барлық жастағы балалармен ойын түрінде өткізіледі және қарапайымнан 
күрделіге дейін жүзеге асырылады. Құрастыру іс-әрекеті – бас пен қолды 
бірдей жұмыс істеуге талпындырады, сонымен бірге мидың екі жарты бөлігі
бірдей жұмыс істейді, бұл баланың жан-жақты дамуына оң әсер етеді.
Бала 
құрастыра отырып, ауызша санауды, санның құрамын қалай меңгергенін
қарапайым арифметикалық амалдарды орындайтынын, әр кезде еріксіз 
жағдайлар туындайтынын байқамай қалады. Ол өзінің тапқан «қазынасы» 
туралы бәрінің білгенін қалайды, ендеше баланың сөйлеу тілінің дамуы мен 
оңай және еркін көпшілік алдында сөйлей білу дегеніміз осы емес пе? 
Конструктивті іс-әрекет мектепке дейінгі тәрбиеде маңызды орын алады 
және күрделі танымдық процесс болып табылады, нәтижесінде балалардың 
зияткерлік дамуы жүзеге асады: бала практикалық білімді игереді, маңызды 
белгілерді анықтауға, бөлшектер мен заттар арасында қатынастар мен 
байланыстар орнатуға үйренеді. Көптеген жағдайларда практикалық 
зерттеулерде GIGO конструкторлар «инженерияға дейінгі ойлауды» 
қалыптастыру әдісі ретінде ұсынылады. «Инженер алдындағы ойлау» деген 
ұғымды Л.И.Миназова енгізді. «Инженерияға дейінгі ойлау» құрылымына 
рационалды, сезімтал-эмоционалды және аксиологиялық элементтер, есте 
сақтау, қиял, қабілеттер және т. б. кіреді.
Мектепке дейінгі білім берудің қазіргі даму жағдайы бірқатар 
өзгерістерге ұшырады. GIGO конструкторлары – бүгінде белгілі және кең 
таралған педагогикалық жүйелердің бірі болып табылады. GIGO 
конструкторын қолданудың артықшылығы мен болашағын оның білім 
берудегі жоғары мүмкіндіктерімен түсіндіруге болады: әмбебаптығы, 
техникалық және эстетикалық сипаттамалары, әртүрлі ойын және оқу 
аймақтарында қолданылуы. Сонымен бірге, GIGO конструкторларды 
қолданудың артықшылығы ретінде – оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет