Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Бай мен жарлы баласы» 6-сынып.
«Әке мен бала» 5-сынып.
Сабақтың мақсаты:
Ыбырай өмірін, шығармашылығын қалай меңгергенін пысықтау. Оқушылардың шығармашылық қабілетің дамыту. Ойын еркін айтуға үйрету.
Адамгершілік қасиетін қалыптастыру. Білімге қызығушылығын дамыту, еңбек етуге, туған елін, Отанды сүюге баулу.
Тапқырлыққа, ой еркіндігіне, зерделікке, шығарманы талдау арқылы еңбексүйгіштікке баулу; Шығарманың негізгі ойын анықтату арқылы өзіндік тұжырымын қалыптастыру.
Түрі: кіріктірілген жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы, сұрақ-жауап, оқу, аудару, түсіндіру.
Көрнекілік: Ы. Алтынсарин портреті, оқулық, сөздік, әңгіме кейіпкерлерінің суреттері.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Сынып оқушыларын түгендеп тексеру. Сабаққа дайындықтарын қадағалау. Сұрақтар қою арқылы, назарларын жаңа сабаққа аудару. Сабақ басталмас бұрын бір-біріне жылы лебіздерін білдіру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Жаңа тақырыпты жариялау, мақсатын айту.
Кіріспе сөз.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі Ы.Алтынсарин. «Қазақ балалар әдебиетінің атасы-Ыбырай» деп аталады. Өз өлеңдерінде өнерге, білімге, оқуға шақырған, еңбекті сүюге, адамгершілігі мол, тәрбиелі азамат болуға үндейді. Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.
V.Мәтінді оқу, аудару. Әр сынып өз тақырыптары бойынша мәтінмен танысады.
VІ.Дәптермен жұмыс өткізу.
Сынып бойынша екі топқа бөлу, тапсырмаларды орындау: «Әке мен бала», «Бай мен жарлы баласы» әңгімелері бойынша талдау жұмыстары.
5-сынып
|
6-сынып
|
Әке
|
Бала
|
Жақсы
|
Жаман
|
Үлкен кісі
Тағаны алады
Ақылды адам
Шие сатып алды
Еңбектенді
|
Жас бала
Алғысы келмейді
Ақылсыз бала
Сатып алмады
Еңбектенген жоқ
|
Батыр, адал дос
Тұзақ құрды тамақ пісірді
|
Қорқақ, жалқау,
Дайын затқа ие
|
Кластер жасау.
1-топ Ы.Алтынсарин кім?
2-топ Ыбырай қандай адамгершілік қасиеттерге баулиды.
«Деректер сөйлейді» тапсырмасы.(Рет-ретімен тұрған қағазды алып, ондағы сандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын айтып беріңдер)
1841 – Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды.
1850 – Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі.
1857- Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы
1859- Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы.
1860 – Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп
ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып,
Торғай мектебіне мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп
ашу мүмкін болмай, іс көпке созылады, жиналған балаларды өз үйінде
оқытқан жылы.
1864 – Мектептің қаңтар айында ашылған жылы
14 - Сол мектепке қабылданған бала саны.
1876 – Петербург, Қазан қалаларына барған жылы
1876 – Н.Н.Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған
кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш
кітабымды кеше ғана бастадым,» - деп жазған жылы
1889 – қайтыс болған жылы.
1876 – «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы
1879 – Орынборда хрестоматияның басылған жылы
VІІ .Бекіту кезеңі.Кестені толтыру.
Нені білдім
|
Нені білгім келеді
|
|
|
Бағалау
Топ басшыларының бағалауы бойынша баға қою.
Үйге тапсырма беру. Ыбырай әңгімелерін оқу, мазмұнын айту. «Ы. Алтынсарин шығармалары балалар әдебиетінің бастау көзі» тақырыбына эссе жазу
Достарыңызбен бөлісу: |