«Аурудан аяған күштірек»
әңгімесі тәрбиелік мағынаға тұнып тұр десек артық айтпаған болармыз.
Ыбырай осы әңгімесінде адамдық қасиеттерді жақсы сипаттаған, мұнда Сейіт
шын мәнінде мейірімді бала болып суреттеледі. Мұндай жастарда жалпы
адамды сүйетін жақсы мінездің біртіндеп өсетіндігі сөзсіз. Бала кезінен
әлпештеп өсірген анасының қадірін білген бала, алақанына салып аялап, тәлім-
тәрбие беріп отырған ұлы анасы – Отанын сүйетін, ол үшін де өз жанының
ауырғанына нық етпейтін нағыз отаншыл болып шығады. Ыбырайдың бұл
әңгімесінің идеясы – осы. Бұл әңгімені осылай түсінгенде ғана Сейіттің
мейірімді мінезін дұрыс түсіне аламыз.
Сонымен қатар, оның әңгімелері бала тәрбиелеу мәселесіне негізделген
«Бақша ағаштары»
деген шығармасы ерекше көңіл аударарлық. Бұл
әңгімесінде Ыбырай жас ұрпақтарға дұрыс тәрбие беріп, оларды жас кезінен
дұрыс баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле,
қисығын түзе, адасса айқын жолға сал деп жазды.
«Баланы жас күнінен түзу тәрбие беру оның болашақ өмірі үшін қажет.
Есейіп кеткен соң қисығын түзеу қиынға түсетінін айтады.
Ы. Алтынсарин шығармаларында еңбектің аса зор маңызы көрсетіліп,
еңбекті қадірлеуге және сүюге тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Жазушы
«Атымтай жомарт»
- әңгімесінде еңбекті дәріптейді. Ешнәрсеге мұқтаждығы
жоқ Атымтай еңбектен ұдайы қол үзбейді. Бұл ел аузында ертегі-жыр болып
кеткен, ежелгі араб жұртының әңгімесі болатын. Ыбырай осы ел аузындағы
ертегіні балаларға арнап, әңгіме ретінде ұсынды. Әңгіменің идеясы да,
кейінгілерге үлгі боларлық жағы да Атымтайдың сөзінен анық көрінеді.
Атымтай бір сөзінде: «Күн сайын өз бетіммен тапқан пұлға нан сатып алып
жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі
өзгеше болады екен», - деп балаларды ерінбей еңбекқор болуға шақырды.
8
Ы. Алтынсаринің
Достарыңызбен бөлісу: |