Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет3/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221

 
 



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ 
 
Ы. АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ 
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ИДЕЯЛАРЫНЫҢ
КӨРІНІСІ
Бабағұмарова Шынар Бабағұмарқызы
 «Балбөбек» шағын орталығының тәрбиешісі
ШҚО білім басқармасы
Зайсан ауданы
 
бойынша білім бөлімінің

«Кеңсай орта мектебі» КММ 
 
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы 
болашақтың айқын жолына бағытталған. Н.Ә.Назарбаев бағдарламалық
құжатта «Ұлттық жаңғыру» деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін 
білдіреді деп айтты. Халқымыздың құндылықтарын сақтай отырып, оның 
дамуына жағдай жасау керектігі де айқындалды. Мақалада «Ұлттық салт-
дәстүріміз, тіліміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз 
бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген жолдардың астарында үлкен мағына 
жатыр. Осыған орай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны 
білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың танымдық құзыреттілігін 
қалыптастыруға бағытталған халықтық педагогиканың алатын орны ерекше. 
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру жүйесінде халықтық 
педагогиканың идеялары мен тәжірибесін барынша пайдалану үшін шексіз 
мүмкіндіктер пайда болды. Ыбырай Алтынсариннің халық педагогикасының 
идеяларын жүзеге асырудағы ойлары мен көзқарастары әлі күнге дейін 
өзектілігін жоғалтқан емес. 
Ыбырай 
Алтынсарин 
бірқатар 
шығармаларында 
халықтық 
педагогиканың тағы бір идеясын – еңбектің ұлылығын дәріптейді.
Ы. Алтынсаринді біз педагог-ағартушы, ғалым, ақын, публицист және 
балалар жазушысы ретінде білеміз. Ыбырай өскелең ұрпақтың бойында 
адамгершілік-эстетикалық мұраттарды тәрбиелеудің қайнар көзі ретінде 
халықтық педагогикаға ерекше назар аударды. Бүгінгі күні оның 
шығармалары мектепке дейінгі оқу құралдарында лайықты орын алады. 
Өйткені, оның шығармалары Отанымыздың тарихи мұрасын көрсетеді.
Халықтық этнопедагогиканың пайымдауынша ата-бабаларымыздан 
бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы халқымыздың көшпелі 
дәстүрлі шаруашылық әрекеттерінен бастау алады. Зер салып қарайтын 
болсақ, ойындар қазақтың ұлттық ерекшелігімен, күнделікті тұрмыс 
тіршілігімен тығыз байланысты болған және адамгершілік қасиеттерге 
баулуға бағытталады. Қазақ ғұламалары негізінен ұрпақ қамын басты мақсат 
етіп, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген, 



нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды 
дамытып отырған. 
Ыбырай Алтынсариннің педагогикасы негізінде қалыптасқан халықтық 
педагогика мектепке дейінгі ұйымда кеңінен колданылуда.
Назарларыңызға ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер мен әдет 
ғұрыптар, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар жиынтығынан құралған заманауи 
тұрғыдағы «Даналық» үстел үсті ойын түрін ұсынып отырмыз. 
Дәстүрлі 
ұлттық 
ойындарды, 
халқымыздың 
мәдени-рухани 
құндылықтарын жас бүлдіршіндердің бойына сіңіру тәрбие мен білімнің 
алғашқы ошағы мектепке дейінгі ұйымдарда беріледі. 
«Даналық» үстел үсті ойыны баланың жетілуіне, адамгершілік 
қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Осы ойын арқылы өз халқының 
тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, қонақжайлылығын айқын көруге 
болады. Бұл ойынның тәртібін бұлжытпай орындау баланың ойын барысында 
тәртіп сақтауы, баланы осы кезден бастап тәртіптікке, әділдікке, 
жинақылыққа баулиды, адал, қайырымды, өжет болуға тәрбиелейді, ол атадан 
балаға мұра болып жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарымыздан құралған. 
Бүгінгі күн талабы баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, 
өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік 
етіп тәрбиелеу екендігін ұмытпау керек. Сондықтан да баланың танымын 
алғашқы күннен бастап дамытудың, ойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін 
қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті болып табылады, яғни ойын баланың 
жетекші әрекеті. Бірақ ойын тек қана балаларды қызықтырып уақыт өткізудің 
құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. 
Бала тәрбиесінің басты құралы ретінде бұл ойын зеректілікті, ептілікті, 
икемділікті қажет етеді. Ойын – тәрбие құралы, ойын барысында бала өзін 
еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық танытады, ақыл-ойы дамиды, сөздік 
қоры байытылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет