Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен оқыған бір кітап Мақсаты



бет1/4
Дата01.01.2022
өлшемі20,97 Kb.
#107575
  1   2   3   4
Байланысты:
Тәрбие сағаты

    Бұл бет үшін навигация:
  • Әдісі

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Мен оқыған бір кітап

Мақсаты: а) Білімділік: білімнің кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру;
б) дамытушылық: кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту;
в) тәрбиелік : кітапты таза ұстауға,тазалыққа, мейірімділікке баулу, тәрбиелеу.
Әдісі: пікіралысу
Көрнекілігі: Ұлы адамдардың кітап, оқу-білім туралы сөздері, интерактивті тақта
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен оқу құралдарының әзірлігін тексеру.
Оқушылардың назарын тақырып аясына шоғырландыру.
ІІ.Негізгі бөлім.
Кіріспе:
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін,
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін, -деп Мұзафар атамыз жырлағандай, әдеби кітаптар және оқулықтар сендерге білім көзі,рухани қазына.Біз кітап арқылы бастауыш кластардың өзінде –ақ бүкіл адамзаттың мәдениетімен таныса бастаймыз.Бірақ рухани өмірімізде кітаптың алатын орны осымен тоқтап қалмайды.Алға басқан сайын кітап біздің айнымас серігіміз болып қала береді.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп үлгі –өнеге аламыз.Оқыған-тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау,алынбайтын қамал жоқ. «Батыр бірді жығар,білімді мыңды жығар»,-деген халық даналығы бекер айтылмаған.Ендеше,кітап біздің сарқылмас рухани қазынамыз екен.
Жүргізуші: Армысыздар қонақтар,оқушылар!
Бүгінгі «Мен оқыған бір кітап» атты тәрбие сағатымызды Ж.Саинның
Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің,
Оқисың кейде жатып ап,
Көтеріп күйін көңілді,
Айдыны шалқар кейде бір,
Кітаптан тұнған көл дерсің,
Ауадай қажет бейне бұл,
Татпасаң нәрін шөлдерсің!- деген өлең жолдарын оқи отырып, тәрбие сағатымыздың бірінші бөлімін бастасақ.
1-оқушы: Кітап-адамның досы.Оны жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді.Алдымен адам орманнан ағаш кеседі.Оны фабрикаға апарады.Фабрикада ол ағашты қағаз қылып шығарады.Содан соң оған авторлар жазады,сурет салады.Баспахана суреттер мен жазуларды басып,кітап етіп шығарады.
2-оқушы: Кітап-арабтың жазу деген сөзі.Кітап-рухани қазына, өмір айнасы,замана сыры,тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы.Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет