Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен оқыған бір кітап Мақсаты


-оқушы Орманшының аялы, Алақаны өсірген Сонау ағаш саялы, Қағаз үшін кесілген. 4-оқушы



бет2/4
Дата01.01.2022
өлшемі20,97 Kb.
#107575
1   2   3   4
Байланысты:
Тәрбие сағаты

3-оқушы Орманшының аялы,

Алақаны өсірген

Сонау ағаш саялы,

Қағаз үшін кесілген.



4-оқушы: Оқулығың құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым.



5-оқушы: Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке.



6-оқушы: Адамның досы-кітап,өмір кілті,
Тең келмес оған дүние,жиған мүлкі,
Ақылшы,жанға серік,жол бастаушы,
Ақыл-ой,қазынасы,өмір көркі.
7-оқушы: Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті,өнерлі болуы керек.Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын,өткен тарихымызды,өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу қажет.Оқулықты бүктеп,жыртып,бүлдіруге болмайды.Өйткені,әр кітап-Отан байлығы, аға-апаларымыздың маңдай тері.
8-оқушы:
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді,
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді,
9-оқушы Оқулықты мектебің,
Берер саған теп-тегін,
Білмейсің-ау сен бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.

10-оқушы Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін,
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін

Жүргізуші: Кітап-адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады.Ол елді,жерді сүюге,талапты,кішіпейіл болуға,мейірімділікке,төзімділікке баулиды.Кітап-жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді.Өздеріңе белгілі 1997 жылдан бастап,төл оқулықтар шыға бастаған.Осындай көптеген еңбекпен келіп түскен оқулықтарды қыркүйек айында таратамыз.Өзінің әдемі суреттерімен,небір төгілген асыл сөздерімен,қиын да,қызықты есептерімен күлімдеп жеткен оқулықтарымыз мамырдың аяғында ренішпен,мұңды болып кітапханаға қайтады.


Енді тәрбие сағатымыздың екінші бөлімінде сол оқулықтарым «Кітаптар мұңы» деп аталатын әңгімесін тыңдасақ.
-Беттерін шаң басқан бір топ кітаптар бөлменің бұрышында жатыр, көзін сығырайта ашып бір кітап жан-жағына қарады.аздап керіліп,жанындағы кітапқа:
-Ей,тұрсаңшы!Біз қайда келдік?Тірімісің өзің?
-Ой,мазамды алмашы.Бүйткен тірлігі құрысын.Бұданда парақтарымның жыртылып,желге ұшып кеткені жақсы еді ғой!
-Не болды соншама?Жалғыз сен деймісің?
Сосын келесі жағына бұрылып:
-Сыртың бүп-бүтін ғой өзіңнің?-деді келесі кітапқа қарап.
-Сыртымды қайтесің?Сыртым бүтін болғанымен,ішім түтін.Ана тілімін.Мені басып шығару үшін қаншама адам баласы еңбек етті.Балалар оқысын,сауат ашсын,адам болсын деген ниет қой бәрінікі.Мен де өзімнің білімімді беруге тырыстым.Бәрімізде сондай ниетте едік.Адырбай деген баланың қолына түстім.Бір жыл болмай осы күйге түстім.
-Ал,мен Сотқарбай деген баланың кітабымын.Ол парақтарымды жыртып алып,кептер жасап ұшырып ойнағанда қой демеді ғой үлкен ағасы.
-Онда мұңдас болдық қой,-достым.Біздің Артықбай көзімді бақырайтып қойып,суреттерімді бастырып, бетімді шимайлайды.Адам өз мүлкіне ұқыпты болса ғой.Әдепті балалар көп.Мысалы,менің бір досым бар.Ол екеуміз парталас болдық.Соның иесін айт.Оқушы деп!Бүлдірмек түгілі шаң мен кір жуытпайды ғой.
-Ендігі алдағы күніміз не болар екен?Мүмкін бәрімізді жинап, отқа жағар.Кітап шығару үшін көп қаржы керек.Жанашыр балалар бізді түптеп,қажетке жаратар,а?
-Бәріміздің де арманымыз сол.Білімге қызығатын ұқыпты балалардың қолына түссек екен.
-Иә,достар,кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін.
Жүргізуші:
Міне,балалар,арамызда кітапты ұқыпты,таза ұстайтын және кітапқа ұқыпсыз қарайтын балалар да кездеседі.
-Кітап-білім бұлағы,
Білім өмір шырағы,
Деген сөзді мен ұқтым,
Биікте ол тұрады,-дегендей енді «Кітап емханасы» деп аталатын көрініспен тәрбие сағатымыздың 3-ші бөлімін бастаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет