Список литературы:
Конституция Республики Казахстан. – Алматы, 2009.
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан. –Алматы, 2011.
Закон Республики Казахстан от 17.12.1998 г. № 321-1 «О браке и семье». – Алматы, 2010.
Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан в двух томах. Т. 1. Общая часть. – Алматы: КазГЮА, 2001.
Невзгодина Е.Л. Вопросы правового регулирования в социалистическом обществе. – Свердловск, 1973.
Беркалиева Ш., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің 3 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Байтемирова Г.А., аға оқытушысы
СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ НЕГІЗГІ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Договор дарения был тщательно разработан учеными еще в римском праве, следовательно данный договор не является новым в гражданском законодательстве, но, несмотря на то, что договор дарения имеет давнее происхождение, проблемы, которые существовали еще в римском праве, сохранились по сегодняшний день и получили дальнейшее развитие. Договора дарения Дарение, как один из древнейших институтов гражданского права, опосредует переход в собственность имущества от одного субъекта права к другому.
Кілтті сөздер: сыйға тарту шарты,сыйды тартушы,сыйды алушы,сыйға тарту актысы,институт,қайырмалдық,кінәсіздік призумцясы
The donation contract has been carefully developed by scientists in the Roman right, hence the given contract is not new in the civil legislation, but in spite of the fact that the donation contract has an old origin, problems which existed in the Roman right, have remained till today and had the further development. Contracts of donation Donation as one of the most ancient institutes of civil law, mediates transition in the property of property from one subject of the right to another.
Keynotes: the donation contract, the donator endowed, certificates the donation contract, institute, благатворительность, presumption of innocence
Бүгінгі таңда меншікке ие болудың бірнеше нысаны белгілі (сату,сатып алу, рента,сатып алу құқығымен жалға алу). Сонымен қатар сыйға алуды айтсақ болады. Сыйға тарту шарты Рим құқығы кезінен бастау алған, сол кезеңдегі бір қатар проблемалар қазырғы кезде де бар. Қаралатын мәселе сыйға тарту шартының анықтамасын ашу және сыйға тарту шартының құқықтық табиғатына байланысты негізгі проблемаларын қарастыру. Сыйға тарту шарты азаматтық құқықтың институты болып табылады. Тар мағынада заттың, мүліктің бір субъетіден екінші субъектке өтуі. Сыйға тарту шартының негізгі ережелері ҚР Азаматтық кодексінің 506 – 516 баптарында қарастырылған. Бұл институттың азаматтық құқықтағы орны мен жүйесі туралы Д.И.Мейер көзқарасы бойынша: «Сыйға тарту актысы бойынша мүліктің бір субъектіден екінші субъектіге беруі мәміленің жүзеге асқандығын білдіреді» деген .[2, 3] ҚР Азаматтық кодексі сыйға тарту институтына жеке тарау және он бапты бөлген. ҚР Азаматтық кодексінің 506 – бабына сәйкес,сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегің береді немесе міндеттенеді не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді.[1,138]
Азаматтық құқықтағы шарттардың жүйесінде сыйға тарту шартының арнайы шарттық міндеттемелер типі айқындалған. Біріншіден, негізгі ерекшелігі қайтарымсыздығы. Сыйға тарту шарты қайтарымсыз шарттар қатарына жатады. Яғни, бір жақ екінші жаққа қайтарымсыз нысанда екінші жақтан ақы талап етусіз тегін затты, мүлікті сыйға тартуы. Екіншіден, сыйға тарту шартының келесідей қасиеті сыйды алушының мүлкін ұлғайту. Үшіншіден, сыйға тарту кезінде сыйды алушының мүлкін ұлғайту сыйға тартушының есебінен жүзеге асады. Төртіншіден, сыйға тарту әрекеті сыйға тартушының өз есебінен жүзеге асады. Олай болмаған жағдайда щарт қайтарымды саналады. Бесіншіден, сыйға тарту шартының қасиеттерінің бірі сыйды алушының келісімімен жүзеге асуы. Бұл айтылған қасиет барлық сыйға тарту қатынастарында кездеспейтін жағдайлар да бар. Яғни, егер шарт реалды шарт моделінде жасалған болса. Бұл жағдайда сыйға тартылатын зат немесе мүлік бір субъектіден екінші субъектіге фактылы түрде берілген кезден бастап күшіне енген болып табылады. Сыйға тарту шартының пәніне келер болсақ бұл жерде авторлар түрлі көзқарас айтуда. Мысалы, М.Г.Масевичтың көзқарасы бойынша:«Сыйға тарту шартының пәні болып: сыйға алу заттары, ақша, құнды қағаздар, өзге же мүліктік құқықтар».
М.Г.Масевич сыйға тарту шартының пәнін кең ауқымда көрсетеді. Бір қатар авторлар сыйға тарту шартының кең ауқымда көрсетуді қолдамайды.
Мысалы, И.В.Елисеев қарама қайшы пікір ұстануда. И.В.Елисеев:«Әр түрлі объектілердің бір тектес сыйға тарту шартының пәні болуына қарсы пікірде, яғни, мүлік (заттар және мүліктік құқық) және әрекеттер (міндеттемелерден босату). [3,127] Яғни, бұл автордың пайымдауынша сыйға тарту шартының пәні , объектісі белгілі бір шектелуі керек деп қарастырады.
ҚР Азаматтық кодексінің 509 – бабына сәйкес сыйға тартуға тыйым салынатын жағдайлар көзделген :
Егер сый құны заң актілерінде белгіленген он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын әдеттегі сыйлықтарды қоспағанда :
Жас балалар мен іс – әрекертке қабілетсіз деп танылған азаматтардың атынан олардың заңды өкілдерінің.
Емдеу,тәрбиелеу мекемелерінің, әлеуметтік қорғау мекемелерінің және сол секілді мекемелердің қызметкерлеріне олардың емдеуіндегі, асырауындағы не тәрбиесиндегі азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарының .
Мемлекеттік қызметшілерге олардың лауазымдық жағдайына байланысты немесе олардың қызметтік міндеттемелерін атқаруына байланысты сыйға тартуға жол бермейі. Сыйға тарту шарты негізі уәде беру және қайырмалдық нысанда болады. Сыйға тарту шарты бойынша сыйға тарту уәде берілген сый алушының құқықтары, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлеріне (құқық мирасқорлығына) ауыспайды. Сыйға тарту уәде берген сыйға тартушының міндеттері, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлеріне ауысады. [1, 139]
ҚР Азаматтық кодексінің 516-бабына сәйкес жалпы пайдалану мақсатында затты немесе құқықты сыйға беру қайырмалдық деп танылады. Қайырмалдық азаматтарға, емдеу, тәрбие беру мекемелеріне, әлеуметтік қорғау мекемелеріне т.б. мекемелерге қайырмалдық, ғылыми, діни бірлестіктерге, қоғамдық бірлестіктерге, сондай – ақ мемлекетке, азаматтық құқықтың өзге де субъектілеріне жасалуы мүмкін. Егер қайырмалдық мақсатында жасалған сый қайырмалдық берушінің көрсеткен мақсатымен пайдаланылмаған жағдайда немесе сыйға тарту шартының ережелерін бұза отырып мақсатын өзгертуі қайырмалдық берушіге немесе оның мүрагерлеріне және құқық мирасқорларына қайырмалдық күшін жоюды талап етуге құқық береді.
Сыйға тарту шарты ҚР Азаматтық кодексінің 506 – бабына сәйкес, сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе міндеттенеді не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді. Егер сый алушы сыйға тартушының, оның отбасы мүшелерінің немесе жақын туыстарының біреуіне қастандық жасаса не сый берушіге қасақана дене жарақатын салса , сыйға тартушы сыйға тартудың күшін жоюға құқылы. Сый алушы сыйға тартушыны қасақана өлтірген жағдайда сотта сыйға тартудың күшін жоюды талап етуге сыйға тартушының мұрагерлерінің құқығы бар. Осы пунктен негізгі қорытынды, сыйға тартудың күшін жою үшін алдын ала соттың сыйды алушының әрекетін заңсыз деп танудың қажетінсіз сыйға тартудың күшін жою кінәсіздік призумциясына қайшы келеді. Сыйға тарту пәнін қарастыру кезінде ескере кететін жағдайлар өзге де азаматтық құқық шарттары іспеттес мүлікті беру, мүлікті сыйға беру барысында жүзеге асады, пәні күрделі болып келеді ол сыйға тартушының әрекеттерінен тұрады сыйды беру, міндеттемелерден босату, материалдық объект болып саналатын мүліктен босату (заттар, құқық, міндеттемелер). Қорытындылай келе сыйға тарту шартын, оның түрлерін, оның ерекшеліктерін қарастыра келе сыйға тарту шарты рим құқығы кезінен бүгінгі таңда да қарастырылып жүрген азаматтық құқықтың ерекше институты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |