Сборник текстов на казахском, русском, английском языках для формирования навыков по видам речевой деятельности обучающихся уровней среднего образования


Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы



бет4/87
Дата28.01.2018
өлшемі18,66 Mb.
#34871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87

Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы
Жазғы Олимпи́ада ойындары — Халықаралық олимпиада комитетінің эгидасымен, 4 жылда бір рет өтетін жазғы және барлық маусымдық спорт түрлерінен орасан зор халықаралық жарыстар. Ойындар 1896 жылдан бастап өткізледі.
Қазақстан намысын қорғаушы спорт майталмандары да әр төрт жыл сайын осы айтулы додаға аттанады. Еліміздің мақтанышына айналған Олимпиада чемпиондарымыз да бар. Илья Илин, Серік Сапиев, Мая Монеза сынды чемпиондарымыз еліміздің намысын қорғап, көк байрағымызды әлем алдына шығарған.
Абайды оқы, таңырқа!
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор . Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық


54


трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Қазақ ұлттық қолөнері
Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою-өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою-өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа , сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек өнері. Қазақтың қол тума сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады.
Саяхат және туризм
Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар ХХ ғасырдың 20-30-жылдары пайда болды. Қазақстанда туризмнің танымдық, ойын-сауық, этника, экология, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық , аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу және басқа да түрлері дамып келеді. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әртүрлі категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үш тілді білу – үлкен өнер
2007-2008 оқу жылынан бастап Қазақстанда үш тілде оқытуды негізу бойынша жаңа білім жобасы іске асырыла бастады. Бұл жобаға республика бойынша дарынды балаларға арналған 31 мамандандырылған мектеп қатысты. Жобаның мақсаты-әлемдік стандарт деңгейінде сапалы білім берудің негізгі бағыттарын анықтау.

Үштұғырлы тіл тұжырымдамасы-өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. Өйткені қазіргі кезде күллі әлемге есігін айқара ашып, «ақылды» экономиканы енгізіп жатқан елдер қарыштап дамуда. Ал бұл бағыттағы толайым табыстарға, ілім-білім алып барар жол-ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйрену.



55


Уақыт - ұлы күш
Адам өміріндегі теңдессіз, баға жетпес құндылықтарының бірі — уақыт. Өмірдің өзінің басы мен шегі бар, ол уақытпен өлшенеді. Уақыттың қадірін оны жоғалтқан жақсы біледі, өміріндегі ыңғайлы сәттерін қолайлы пайдалана білмей, сан рет санын соққан жақсы ұғынады.
Уақыттың бағасын дұрыс анықтап, байыбын жете түсінген кешегі өткен көп ойшыл, дана, ғалым, кемеліне жеткен қанша жан ол туралы өз өсиеттерін айтып кеткен . Уақытты тиімді пайдалана білу өзгеріс-құбылысы әп сәтте-ақ түрленіп сала беретін осы заманда тіптен маңызы артқан. Өмір ағымынан қалыс қалмай, онымен бірге аяқ алып жүру үшін уақытты бағалай білу керек. Өйткені "әр минут — ақша" немесе «уақыт — ол ақша» деген түсінік бар.
Жердегі климаттық өзгерістер
Белгілі бір жердің климатын толық білу, оның басқа жердің климатымен салыстырғандағы ерекшеліктерін айыру, сонымен қатар берілген жердің климатының өзгеруін байқау тек көп жылдар бойы жүргізілген байқауларды жүйелеу, қорыту негізінде айқындалады. Жер шарының әр нүктесіндегі климаттың әртүрлі болуы — климат құрайтын факторлардың, яғни осы процестерді жасайтын географиялық жағдайлардың айырмашылығынан туады.
Планетаның беткі жазықтығын климаттық өзгешеліктері тұрғысынан бірнеше белдемдерге бөлу ұстанымы. Жер шарын тұтасымен орап өтетін осы белдемдердің жиектері ендік сызықтармен орайлас бағытталған. Әрбір климаттық белдем құрамында бірнеше климаттық атыраптар оқшаулануы мүмкін. Климаттық белдем деген ұғым аймақтық түсінік ретінде де қолданылады . Мысалы, таулы өңірлерге тән түрлі биіктік деңгейлерінің тек өздеріне ғана тән климаттык жағдайлармен сипатталуы осы деңгейлерді дербес климаттық белдемдер ретінде даралауға мүмкіндік береді.
Қазақстанның ежелгі қалалары
Жібек Жолы біздің заманымызға дейін III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды.
Ұлы Жібек жолының сан тарау жолдары Сырдария мен Таластың, Арыс пен Ертістің жағасында, тау шатқалдарына кіре берісте, асулар мен өткелдер маңында, таулар мен далаларда қоныс тепкен үлкенді -кішілі қалаларға барып тіреліп жатты. Бұл қалалардың кейбіреулерінің аттары барлық өлкелерге әйгілі болды, олар туралы еңбектерде, сөз болды, аңыздар сыр атқарады . Олар – Отырар мен Тараз, Түркістан мен Баласағұн, Испиджаб пен Суяб. Өзгелері түгелдей сауда-саттық ісіне тәуелді аралық сауда бекеттері ретінде белгілі болды .

56


Спорт және денсаулық күтімі
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз.

Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады.

Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған.

Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай-ақ, Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған.
Ұқсатым. Сән. Талғам.
Киім адамзат үшін сыртқы ортаның әсерінен қорғаныш пен жылыну құралы ғана емес . Бұл-адам беделінің, қоғамдағы дәрежесінің бірден-бір көрсеткіші. «Адам көркі-шүберек» демекші ортамыз бізді киген киімімізге қарап бағалайды.
Тігіншілер мен сәнді дизайнерлер жылдан-жылға мыңдаған киім түрлерін ойлап шығарады. Соның арқасында әр адамның өз бейнесін өзгертіп, біркелкі болып қалмауына мүмкіндігі бар. Алайда, әр адам өзіне мтән стиль таңдайды. Бұл біздің мінезіміз бен өміріміздегі қызығушылықтарға байланысты.
Классикалық үлгідегі киімді өзіне сенімді адамдар таңдайды деген пікір қалыптасқан.
Спорттық үлгідегі киімді тек спортшылар ғана емес, көп нәрсеге көңіл бөле бергісі келмейтіндер де сүйіп киеді.
Этно үлгісіне сай киінетін адамдар саяхаттауды жақсы көреді. Осындай ерекшеліктері бар киімді таңдайтын жандар-батыл, ашық, өнерпаз жандар.
Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау-мәдениеті
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Ел өмірінің барлық салаларында компьютерлендіру процесі жүріп жатыр . Технологияның күн сайын үздіксіз дамып, өзгеріп, жаңарып жатқан ақпарат заманында өмір сүру – күрделі дайындықты талап етеді.
Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, теледидар, хабарды талғамды түрде қарау, алған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу.
Ақпараттық мәдениет тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез келген ақпаратты дұрыс пайдалана білу деген сөз. Алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу. Ақпараттық мәдениет – компьютерлік технологияны пайдалану, ол – Интернет. Интернеттің көмегімен көптеген ақпараттық әрекет жасауға болады.


57


Музыка. Қазақтың киелі домбырасы
Қазақ халқы әнге бай. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай сынды әнші-композиторлар үкілі домбырасымен серілік құрып, өшпес рухани байлық қалдырған. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, құлақтан кіріп бойды алатын әсем әндер сыйлаған. Қазақ мерекесі, қазақ мәжілісі, ырымы, дастарқаны мен отырысы ешқашан ән мен күйсіз өткен емес. Ал ән – киелі домбырасыз сәнін тапқан емес. Ән-адамның ой-сезімін білдіретін, тәрбиелейтін өнер жанры. Ал домбыра мен қазақ – егіз ұғым іспеттес. Ән адамды қуантатын, мұнайтатын, жылататын өнер.
Біздер Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Ғазиза Жұбанова, Шәмші Қалдаяқов, Сейдолла Бәйтереков, Әсет Бесеуов, Ескендір Хасанғалиев, және өзге де ерекше тұлғалы композиторлардың тамаша әндерімен сусындап келеміз.
Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі
Жазда мен ініммен ауылға бардым. Онда менің атам мен әжем тұрады. Олардың үйлері үлкен, ал үйдің алдындағы аула кең. Үйдің алдында әдемі алма бағы бар. Таңертең мен атама бақтағы ағаштарды суаруға көмектесемін . Үйдің сыртында мал қорасы салынған. Оған қойлар мен сиырларды қамайды. Кешке інім екеуіміз атқа мініп, малды қайырамыз. Атам мен әжем бізді үйдің қасында күтеді. Кешке атам маған: «Қазақ халқы ертеде сиырды, жылқыны, түйені, қойды төрт түлік деп атаған», деді. «Өйткені малдың еті мен сүтінен әртүрлі тағамдар жасаған , ал терісі мен жүнінен киім мен үй жабдықтарын жасаған» деп жалғастырды әжем.
Наурыз мейрамы.
Ежелгі заманнан бері шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні, яғни бір тәуліктегі күн мен түннің ұзақтығы бірдей болған күні тойланады. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болады.

Халық наурыз мерекесіне алдын-ала дайындалады. Киіз үйдің іші ескі, қажетсіз заттардан тазартылып, үйге қос шырақ жағылады. Ыдыстардың барлығы ернеуіне дейін айранмен , сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл-тоқшылықтың белгісі .Мереке сәлемдесуден басталады. Сәлемдескен кезде «Жасың құтты болсын!», «Ұлыс береке берсін!» деген сияқты тілектер мен құттықтаулар айтылады.


Кешке жақын жұрт үлкен айтысқа жиналады. Наурыз айтыс-жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы .Мереке қызған кезде, жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. Ән айтып, би билейді. Той тойға ұласады.
Міне, Наурыз мерекесі осылай тойланады.

58


Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары
XXI ғасыр техниканың дамуының шарықтау шегіне жеткен, даму, өркендеу, жалпы айтқанда техника ғасыры. Бір кездері адам баласына арман болған, қиял-ғажайып дүниенің барлығы қазір күнделікті тұрмыста қолданыста. Орыс халқында «қазіргі кездегі барлық техника адамның жалқаулығынан пайда болған» деген сөз бар. Шынымен де қарап отырсаң барлығыда адамның жұмысын жеңілдету мақсатында жасалып, күннен-күнге дамып жатқан адам ойының жемісі.
Бұл мәселе ғылымда дәлелденген, әлде де зерттелу үстінде. Қазіргі кезде бұл жөнінде әлем ғалымдарының айтары көп. Кейде дәл осы компьютерді «қауіпті ғасыр ойыншығы» деп те атайды.
Батыр туса - ел ырысы
1925 жылғы 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып,кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған.
1943 ж. Мергендер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылғы бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 жылғы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.
Білім. Ғылым. Инновация.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен.
Қазіргі кезде білім – адам өміріне өте қажет. Онсыз адам оқуға түсе алмайды. Ал оқуға түсе алмаса, өзінің мақсатына жете алмай және оны жұмысқа алмайды. Жұмыс істемесе ол ақша тауып өзін-өзі қамтамасыз етпейді. Қазіргі заманда білімді болмау мүмкін емес, өйткені ғалымдар әртүрлі техникалық заттар телефон, планшет, компьютерлер ойлап тапты. Егер бұнын бәрін сатып алып және оған ғаламтор қоссақ, мектепте болып жатқан тақырыптарды алдын ала қарастырып, алдын ала есептерін шығарып тастауға болады . Менің ойымша, білімсіз адам болмайды. Әр адамның әртүрлі білімділік қасиеті бар, бірі математикадан шебер, ал келесісі ойына бір оқығаннан-ақ есіне бәрін сақтап қалады. Бірақ адам көбірек оқыса, ол білімді болады, ал білімді болмаса оған өмір сүру қиын болады. Мінекей осыдан «Оқу – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы» - деген мақал шыққан.
59

Нағыз білім кітапта. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ , ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.


Сауда жасай білесің бе?
Көптеген елдерде нақ осы сауда жасау мәдениетіне қатысты арнайы ұстаным да бар екен. Мысалы6 жапон халқы «Кез келген сауда жасап тұрған адам эмоцияға берілмеуі тиіс. Дүкенге барғанда дүкен сатушыларының амал-айласын және маркетингтік жүрістерді бақылап тұру керек. Сондай-ақ сауда жасауға қомақты қаржымен барудың да қажеті жоқ» деген қағиданы ұстанатын көрінеді . Бізде бұл үрдіс керісінше емес пе? Біздің басым бөлігіміз гу-гу ақшаны қалтаға басып алып базар аралауға, дүкенге барса жалақысының кем дегенде 20% сол дүкенге қалдырып кетуге дайынбыз. «Осыдан барып елде айлықтан айлыққа әрең жететіндердің қарасы көбейіп келеді. Біз ақшаны тіршілік етудің бір құралы деп есептер болсақ, қолымыздағы қаржыны үнемдей білуді үйренгеніміз абзал» дейді сарапшылар. Ал оны қалай үнемдейміз? Ол үшін біз ең алдымен бірінші кезекте сауатты сауда жасай алуымыз керек екен...
Сауатты сауда дегеніміз не?

Нақ осы сауатты саудаға қатысты қаржы әлемінде мынадай ұстанымдар да бар:




  • Бірінші, жоспарсыз сауда жасаудан сақтану үшін әмиянға көп ақша салып жүрудің қажеті жоқ. Бұл – үнемділікке бастайтын алғашқы жол.




  • Екінші, жалақы алған күні дүкендерге әсіресе киім дүкендеріне, базарға барудан бас тарта тұрыңыз. Себебі сіз қолыңызға тиген ақшаның буымен ертеңгі күніңізді ойламай, өзіңізге қажетсіз нәрселерді көптеп алып қоюуыңыз мүмкін.




  • Үшінші, қолыңызға қаржы тиген соң алдымен үйіңізге қажетті азық-түліктің легін жазып, тізіп алыңыз. Сосын азық-түлік алуға барғанда әрқайсысының тұсына қанша мөлшерде ақша кеткенін белгілеп қойыңыз. Бұл да кеткен ақшаның есебін шығаруға өте қолайлы дүние.




  • Бұдан соң күнделікті жұмсаған қаржыңызды дәйім белгілі бір дәптерге есептеп жазып отырыңыз. Бұл да шығыс пен кірісті есептеуге, үнемдеуге таптырмайтын – тәсіл.


Жаһандық энергетикалық дағдарыс
Жаһандық энергетикалық тоқырау алғаш рет ХХ ғасырдың 70-жылдарында басталды. Әлемде мұнай бағасының тұңғыш рет күрт көтерілуі энергетикалық дағдарыс туғызып, бүкіл дүниежүзінің экономикасына әсерін тигізді. Көп ұзамай мұнай бағасы тұрақтап, энергетикалық даму қайтадан

60


қарқын алды. Бірақ осы бір оқиға арзан да мол мұнай дәуірінің аяқталып келе жатқандығын аңғартты. «Жаһандық энергетика дағдарысының болмай қоймайтынын бүгінде барша жұрт толық түсінеді , сондықтан да техника мен ғылым үшін қуат проблемасы алдыңғы қатарға шығып отыр», деп жазды атақты П.Л.Капица 1975 жылы.

Иә, көмір адамзат тарихындағы өнеркәсіптік төңкеріс дәуірін бастады. Ал ХІХ ғасырда адам баласы электр қуатын ойлап тауып, өнеркәсіптік төңкеріс жетістіктерін еселей түсті. Қолжетімді әрі сенімді көмір, мұнай және газ сияқты қазба отын көздерінің арқасында адамзат ХХ ғасырда энергетикалық молшылық дәуірін бастан кешірді . Оның молшылығы соншалық, жер шарын мекендейтін жеті миллиард халық электр қуатынсыз «шырпы басын сындыра алмайтын» халге жетті. Тіпті, жаһандық ауқымда жарты күн электр энергиясы болмай қалса, техногендік дәуір перзенттерінің тіршілігі толық тұралап қалар еді.


Жұмыр жерді мекендейтін жеті миллиард адамның шексіз энергетикалық сұранысын дәл бүгінгі күні де көмір , мұнай және газ арқылы өндірілетін электр қуаты қамтамасыз етуде. «Судың да сұрауы бар» демекші, қазір адамзат алдында энергетикалық тоқырау атты тығырық тұр. Қазіргі таңда өркениет әлемін энергетикалық шикізат көздерінің жетімсіздігі, олардың бағасының жылдан-жылға көтерілуі ерекше алаңдатып отыр. Бүгінгі энергетикалық тоқырау салқынын сезінген өркениет әлемі ертеңге энергетикалық қатер атты мәселені күн тәртібіне ашық шығаруда. Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамы бойынша, алдағы жылдары индустриялық дамыған елдердің электр энергиясын тұтынуы жылына 1,3 пайызға , ал дамушы мемлекеттердің электр энергиясын тұтынуы жылына 4,2 пайызға артады.
Достық пен татулық – таптырмас бақыт
«Халықтың бірлігі – біздің барлық жетістіктеріміздің кілті. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік»-деп Елбасы айтқандай, көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі және осыған сай Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір.
Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген. Мемлекеттің мемлекет болуы – бірлікте. Ал бірлік дегенің – халық салты . Елдігіміздің ел болып еңсе түзегеннен бергі қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізіп келеді. Оған халық пен талайды өткерген тарихымыз куә! Қазақстан мемлекеті көп ұлтты мемлекет. Біздің елімізде 130-дан астам ұлттар тіршілік етуде. Ынтымақ пен бірлікті ту еткен біз татумыз, доспыз.
Туған Отанымыздың экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығының тірегі болған Қазақстан халқы Ассамблеясы. Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы. Ассамблея осы жылдар ішінде байсалды жолдан өтіп, байыпты тәжірибе

61


жинақтады. Ол еліміздегі этносаралық қарым-қатынасты дамытудың іргелі институтына, татулық пен сыйластықтың берекелі берекетіне айналды. Жиырма жылдан асқан тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін Конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі бірлік пен келісімнің бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы екенін көрсетеді. Ассамблея мемлекетіміздің көп ұлтты және басты байлығымыз бірлікте екенін түйсіндіре білді.
Кәсіп – бақыттың шырағы
Ертеде ата-бабаларымыз амандасқанда : «Мал-жан аман ба?» деп сұрайтын. Осы бір ауыз сөздің өзінен қазақ өмірінде малдың орны ерекше екенін ұғуға болады. Малдың күші, сүті, жүні, еті, терісі – халықтың тағамы, киімі, баспанасы, үй жиһазы өмірінің, тіршілігінің негізі. Мал өсіру, малшылық тіршіліктің (егіншілік, балықшылық сияқты) бір түрі. Тұрмыстың бұл түрінің адамзат өркениетіне, мәдениетіне қосқан үлесі зор. Малдың өнімінсіз әлі де күн көру қиын. Малдың етін айтпағанда, сүт және одан өндірілетін тағамдарсыз, жүн, тері және олардан жасалатын бұйымдарсыз қазіргі адамзат өмірін көз алдына елестету мүмкін емес. Кейінгі кездерде балықшылықпен айналысқандар кеме жасауды, егіншілікпен айналысқандар техниканы игеріп алға шықты. Ал малшылықпен айналысқандар қазіргі техника жоқ кезде адам игеруге келмейтін жерлерді игеріп, бүкіл адамзатқа қажет нәрселерді ойлап тапты, мысалы : шалбар , етік, ертоқым, жүген; еттен, сүттен жасалатын тағамдар; теріден, жүннен жасалатын, т.б. бұйымдар. Малшылық адамзаттың байырғы дәуірден бірге жасасып келе жатқан кәсібі. Ол қоғамның әлеуметтік дамуына зор әсер етті, жаңа қарым-қатынастар, мәдениет, өркениет, өнер, қолөнер, ой-сананың қалыптасуына әкелді.
Барлық мал бағушы халықтардың қаншама өзгешеліктері болғанымен, ұқсастықтары да бар . Олар: жауынгерлік, табиғат талқысына көнбістік, поэзияға, көркем тілге, ойға тапқырлық, салт-дәстүрінің ұқсастығы.
Сонымен қатар табиғат, жер-су өзгешеліктеріне байланысты әрбір халықтың өзіне тән ерекшеліктері болады.
Қазақ халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Сонымен қатар ертеден-ақ қазақ егіншілікпен де айналысқан. Бірақ оны кең көлемде дамыта алмады. Балық аулау да, аңшылық та қазақта бар кәсіп, бірақ олар негізгі тіршілік амалына айналмаған.
Қазақстанның су ресурстары
Су ресурстары – пайдалануға жарамды өзен, көл, теңіз, мұхит, жасанды су айдындары, жер асты сулары, топырақтағы ылғал, тау және полюстік өңірдің мұздықтары, атмосферадағы су булары, т.б. қорлары. Дүние жүзіндегі су ресурстарының жалпы қоры шамамен 1390 млн. км3-ге тең, оның 1340 млн.км3-

62


  • – Дүниежүзілік мұхит суы. 3%-ы (35,8 млн.км3) – тұщы су, оның пайдалануға жарамдысы 0,3% шамасында. Табиғаттағы су айналымын тиімді пайдаланған жағдайда су ресурстары үздіксіз жаңарып тұрады. Суды әртүрлі мақсатта пайдалану жыл сайын жоғары қарқынмен өсуде; көптеген елдерде су ресурстарының жетіспеушілігі байқалуда. Су сапасының нашарлауы көлемінің азайғанынан әлдеқайда қауіпті ( мысалы, 1 м3 тазаланбаған ақаба су 40-50 м3 табиғи өзен суын ластап, жарамсыз етеді).

Қазақстан су ресурстарының көп жылдық орташа мөлшері 100,5 км3

(2000). Оның шамамен 44-45%-ы көршілес елдерден келсе, 55-56%-ы республика аумағында қалыптасады. Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Көлдердің барлығы дерлік тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық-ауық өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар. Олар республикада көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын алып жатыр.
Қазақстан өзендерінің негізгі су көздерінің бірі – мұздықтар. Мұздықтар тұщы судың орасан зор қоймасы. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы География институтының ғалымдары республика мұздықтарының каталогын құрастырды. Соның нәтижесінде Қазақстанның тау мұздықтарының картасы жасалды. Қазақстан жерінде қазіргі мұздықтары тарлаған аудандары шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы – Алтай, Сауыр жоталары, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатау жоталары жоталары. Республиканың барлық тауларында 2724 мұздық бар. Олардың алып жатқан ауданы –2033,3 км2. Бұл мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі –100 км3 . Ол – Қазақстан жерінде жиналатын өзен ағындарының жылдық мөлшерінен екі есе артық тұщы су қоры.
Тарихи тұлғалар тағылымы
Өткен ғасырдың басында ұлт үшін өлшеусіз қызмет жасаған алаш қайраткерлерінің ішінде Нәзір Төреқұловтың есімі ерекше құрметпен аталады. Ол кісіні ұлтымыздың арасынан шыққан тарихи тұлғалардың бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері ретінде тануға тек еліміз дербес саясатын жүргізе бастаған соңғы кезде ғана мүмкіндік туды.

Нәзір Төреқұлов Ресей отаршылдығының Түркістан халықтарына қаншалықты қасірет алып келетінін жан-жүрегімен сезінген. Бұл туралы ойларын ол Ташкентте, Мәскеуде шығып тұрған басылымдарда жариялаған мақалары мен баяндамаларында бүкпесіз айтқан. Патшалық Ресей мен большевиктер билеген Ресей Түркістанды шикізат өндіретін ел ретінде санап, оның мәдени өркендеуіне мүдделі болмағанын, қайта халықтың өсіп-өркендеуін тежеп, кедергі келтіріп отырғанын тұңғыш рет ашып, аяусыз әшкерелеген.


63


Көп ұлтты Түркістан Республикасының саяси тынысында Нәзір Төреқұлов партиялық және жоғары билік тұтқаларын ұстаған. Жергілікті ұлт өкілдерінің алғашқылары қатарында Түркістан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшылығына сайланған. Одан кейін де Түркістан Республикасы Орталық Атқару комитетін (ЦИК), Оқу-ағарту халық комиссиариатын басқарды. Ірі лауазымды қызметтер атқара жүріп, саяси ғана емес мәдени шаралар бойынша оң шешімдер қабылдаған . Адамзаттық құндылықтарды игеруді қадір түтуды өз ұлтының дәстүрімен ұштастырған. ТурЦИК-тің төрағасы болған кезде демалыс күнін жексенбіден жұмаға көшіру туралы қаулы қабылдаған.
Н.Төреқұлов 1922-1926 жылдары Мәскеуге шақырылып, КСРО халықтарының Орталық баспасын басқарды, ғылыми-педагогикалық жұмысқа араласқан. 1928 жылы небәрі 36 жасында ол Һижаз Неж (Сауд Аравиясы), әрі қосылған аймақтардағы КСРО-ның өкілетті уәкілі болып тағайындалады. Ол кезде мұндай жауапты қызметке жас адамның тағайындалуы дипломатиялық тәжірибеде өте сирек кездесетін жайт екен. Араға екі жыл салып Нәзір Төреқұлов КСРО-дағы тұңғыш қазақ елшісі атанды.
Қызым – жағадағы құндызым...
Қазақ аулында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер ауылдастарының балаларының өрескел мінез-құлқын көрсе, ұрсып, зекіп, тыйым салуға, ақыл айтуға, тіпті ретті жерінде ұруға да құқылы болған.
Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, малсақ, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі – бесаспап азамат етіп, тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға яғни, қолөнер шеберлігіне баулыған. Әсіресе әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан. Мысалы, малды ерте өргізу, саулатып қоя бермей, алдын кес-кестеп қайырып, тоқтатып жаю, шаңқай түске дейін жусатпауды тапсырған.
Қонақ күту, үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып , күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиенің басты шарты болып есептелген.
Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай татып, судай сіңіп» кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.
Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Халқымыз «келіннің – аяғынан, қойшының
– таяғынан» дегенде, жаңа отаудың береке-құтын, ағайын-туыс, ауыл арасындағы беделін, болашақ ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбие беруін келіннің жақсы-жаман қасиеттерімен өлшеген.

64


Биоалуантүрлілік.
Биоалуантүрлілік – адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі. Биоалуантүрліліктің экожүйедегі байланыстарының толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті – тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануалардың 173 түрі (109 құстар және 65 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті.


Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылуының 60 % жағдайлары сәйкес келеді . Екінші орында шектен тыс пайдалану, содан кейінгі орында азық қорының кемуі, зиянкестерді жою және кездейсоқ жемтік тұр. 1983 жылы тек қана тіс сүйектері үшін ғана 80 мың Африка пілдері жойылды. Түрлердің жойылуындағы маңызды себептердің бірі олардың интрдукцияланған, яғни сырттан әкелінген түрлерімен бәсекелестікке қабілетсіз болу. Мұндай құбылыстарға шектелген территорияларға, аралдарда тіршілік ететін түрлер өте сезімтал болып келеді. Түрлердің алуан түрлілігінің кемуінің әсіресе екі салдары ерекше назар аударуды қажет етеді.
Ішкі су қоймаларының ластануы, тұздылығының, қышқылдылығының артуы нәтижесінде көптеген жануарларға жойылу қаупі төніп отыр. Ертеде бай балық шаруашылығымен ерекшеленетін Арал теңізі іс жүзінде бағалылығынан айырылды. Азов және Каспий теңіздерінде балық өндіру 10-12 есе кеміп кеткен. Әсіресе, бекіре тәрізділердің саны шектен тыс аулау мен браконерлік себебінен күрт төмендеген . Сонымен қатар, судың улану, оттегінің кемуі, қышқылдық жаңбырлардың әсерінен бекіре тәрізді балықтардың аурулары 1980 жылдардан бері кең етек алып отыр. Адамның барлық ірі ауқымды іс-әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу факторлері белгілі.
Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері
Наурыз – ежелгі мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүниежүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалақ» ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн символын» салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б) ұйымдастырады . Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап
65

дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы


– жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға, жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру, т.б) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.
Мәңгілік Елдің нұрлы жолы
Мәңгілік Ел… Мұны заңғар таудың шыңы деп есептейтін болсақ, сол шыңға жету жоспары, яғни бағытымыз болу қажет. Міне, сондықтан да Елбасымыз алғашқы қадамымызды, жетер бағытымызды соңғы Жолдауында айқындап берді. Жолдау соңында: «Қадірлі халқым! Біз Жалпыұлттық идеямыз
– Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық», – дей отырып, бағытымыздың даму даңғылын жарық нұр іспеттес жолға теңеді. Осы тұрғыдан келгенде Елбасы Жолдауының күн тәртібіне дер кезінде әрі өте орынды шығарылғаны еш күмән туғызбайды.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын көтерген тамаша тарихи құжат, Елбасы мен ел тынысының қосылуын паш еткен саяси памфлет болды. Қайта құру жылдарының «жариялылық» кезеңінен бері зерттеле бастаған ұлттық тарихымыздың ақтаңдақ беттері арқылы ұрпаққа жарық сыйлаған тарихи сананың қалыптасуы жаңа кезеңге жол ашты. Қазақ азаттық қозғалысы мен «Тұтас Түркістан» идеясының тарихы арқылы тамырымызды таныдық. Бұл жолда, 1931 жылы Түрік тарих қоғамын құрып, «Түрік тарихының басты бағыттары» деген бағдарламалық мәні бар еңбек жазған Ататүрік сынды, қазақ тарихымен тікелей айналысуды бастаған Елбасының «Тарих толқынында» атты еңбегі де үлкен мәнге ие болды.
Тарихымызбен табысу арқылы «Тұтас түрік елі» идеясынан «Біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі ата-бабаларымыздың ел азаттығы жолындағы ұлы күрестің мазмұнын ұғындық. Қазақ елі «Түрік бірлігі» идеясынан «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына дейін идеологияның өшуіне, бұрмалануына, ұмытылуына дейін барған ұзақ үрдісті бастан өткерді.

Бүгінгі таңда, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жүргізілген түрік мемлекеттерін жақындастыру саясаты, елімізді Орталық Азияның көшбасшысына айналдыру идеясы нақты өз жемісін берді. «Еуразиялық Одақ» құру идеясын Елбасы 2005 жылғы жолдауында: «Мен Орталық Азия елдері Одағын құруды ұсынамын. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан арасында


66


жасалған мәңгілік достық туралы шарт осындай бірлесу үшін берік негіз бола алады. …Біздің экономикалық мүдделеріміз де, мәдени -тарихи тамырымыз да, тіліміз, дініміз де, экологиялық проблемаларымыз да, керек десеңіз, сыртқы қатерлеріміз де ортақ»,- деп жариялаған болатын.
Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті
Айтыс – ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
Айтыс – синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.
Айтыс – әдебиет жанры болғанымен ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әртүрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады.
Бұған айтыстың сауықшылдық, эстетикалық ләззат беретін сипаттары да айтарлықтай қызмет атқарады. “Аттың жалы, түйенің қомында” дегендей көп дайындықты керек етпейтін айтыс кез келген жерде өте береді де, мұның тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел ақсақалдары болады. Айтыстың дәстүрлі өнерге айналуына көшпелі өмір салты тікелей әсер еткені байқалады.
Қазақстан-Байқоңыр-Ғарыш
Байқоңыр ғарыш алаңы. Қызылоарда облысы Қармақшы ауданы аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елдімекендерден қашық болуы, экватор жазығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық нысандар үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді.
Байқоңырдың басты және көмекші нысандары мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және темір жолы арқылы байланысқан. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды. 1961 жылы 12 сәуірде адамзат

67


тарихында тұңғыш рет Юрий Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды.
Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктерін «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері, «Салют», «Мир» орбиталық стансалары, сондай-ақ, зерттеу-барлау жұмысын жүргізуге арналған «Космос», ғылыми-тәжірибелік жұмыстар жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метеор», т.б. секілді Жердің жасанды серіктері ұшырылды. 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырда ғарышқа көтерілді.
Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаевпен ғарышта екі рет ( 1994,1998) болды . Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға жалға берілді.
Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30-35 000 тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.
Қазақ жазуының даму жолы
Жазу – мәдениеттің ең жоғарғы деңгейдегі көрінісі. Жазу – адамзаттық мәдениеттің өсуін, дамуын анықтайтын әлеуметтік мәні бар зор құбылыс. Жазу өнерінсіз мәдениет те, әдебиет пен өнер, ғылым да дами алмайды. Қазақ жазуының даму тарихы көптеген ғалымдардың зерттеулеріне негіз болған. Түркілік жазу мәдениеті туралы М.Дүйсеновтің “Көне жазу төркіндері”, М.Мырзахметовтің “Әріптер неге өзгерген”, Т.Қабаевтың “Соғды жазуы”
мақалалары, Н.Оралбаеваның “Қазақ жазуларының тарихы”, А.С.Аманжоловтың “Түркі филологиясы және жазу тарихы”, О.О.Сүлейменовтің “Язык письма“ атты еңбектері, Ә.Қоңыратбаев, Ғ.Айдаров, М.Т.Томановтың терең ғылыми зерттеулері бар.
Жазу – өнер мен мәдениет жетістігі ғана емес, өркениеттің өрелі көрінісі де. Кез келген мәдениеті жоғары деп танылатын өркениетті елдің жазу жүйесі, дәстүрі болуы басты шарт. Жазу-сызу болмаса, адам баласының жасаған алуан түрлі рухани мәдениет үлгілерінің мұраға айналуы мүмкін болмаған болар еді. Бұл тұрғыда қазақ жазу мәдениетінің тамыры тереңде. Оның тарихы сонау сақ заманынан бастау алатыны да белгілі.
Қазақ мәдениетінің көне бастауында тұрған Орхон-Енесай жазуы. Жазу өнерінің пайда болуы да бүкіл адам баласының таным бесігінде болған деп пайымдаймыз.
Төл мәдениетіміздің рухани көкжиегін кеңейтетін Орхон-Енесай жазба ескерткіштері – тек тілдің даму заңдылықтары мен грамматикалық құрылымының дамуын пайымдауда ғана емес, халықтың тарихи зердесін айқындау үшін де, кейбір тарихи деректерді, жер-су, этнос атаулары мен оның жүйелі тарихын қалпына келтіру үшін де аса қажет жәдігерлік дүниелер. ХХ

68


ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырған бүгінгі ұрпақ ата-бабаларының көне заманаларда өз жазуы , өзінің биік мәдениеті болғанын терең түйсінуі қажет. Көне заманда-ақ өз елінің экономикасы мен саясатын, тарихы мен танымын, досы мен қасын айырып, төл жазуы арқылы ұрпаққа мұра қалдырған бабалар рухына қалай тәу етпеске, тәжім етпеске?!
Жолың болсын, жолаушы
Жол – кеше мен бүгінгінің, бүгін мен ертеңнің арасын жалғап тұрған бейнелі сөз. Жол – ұрпақ көшінің үмітті болашағы. Ендеше, ата-анаңның ақ батасын алып жолға шық, жас досым!
Жолаушы тасымалы – көлікпен жолаушылар тасымалдау жұмысы. Жолаушы тасымалы магистральдық (темір жол, азаматтық авиация, автобус, теңіз, өзен қатынастары) және қала (метрополитен, трамвай, троллейбус, жеңіл автомобиль) көліктерімен жүзеге асырылады. Жолаушы тасымалы қашықтығы мен жылдамдығына және көлік түрлерінің ерекшелігіне қарай ажыратылады. Темір жол көлігінде тасымалдау қашықтығына байланысты ол жергілікті жолаушы тасымалы, қала маңындағы жолаушы тасымалы, алыс қашықтықтық жолаушы тасымалы, болып, жылдамдығына қарай жай жолаушы тасымалы және жүрдек жолаушы тасымалы болып бөлінеді.
Автомобиль көлігімен жолаушы тасымалы қала ішіндегі, қала маңындағы, қалааралық және халықаралық болып бөлінеді. Әуе көлігінде алыс қашықтықтық жолаушы тасымалы, жергілікті жолаушы тасымалы, халықаралық жолаушы тасымалы деп, теңіз көлігінде жай жолаушы тасымалы, жүрдек жолаушы тасымалы, экспресс жолаушы тасымалы болып ажыратылады.

Өзен көлігімен жолаушы тасымалының қалааралық, қала маңындағы, жергілікті және транзитті түрлері бар. Жолаушы тасымалы жұмысының көлемін жолаушы айналымы дейді. Ол жолаушы-километрмен өлшенеді, яғни жолаушыларды 1 км қашықтыққа тасымалдау жолаушы айналымының өлшем бірлігі болып табылады. Ол көлік түрлері, тасымал бағыты, т.б. бойынша бөлек-бөлек есептеледі.


Қазақтың халық күнтізбесі
Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Евразия даласында скиф -сақ тайпалар одағы өмір сүрді. Ұшы-қиыры жоқ кең даланы игеріп, әртүрлі патшалықтар бірлестіктерін құрып, күшті жауынгер елге айналды. Оларды батыстағылар (гректер) скифтер десе, парсылықтар (Иран, парсы патшалықтары) сақтар деп атады. Бірақ та осы екі атау да Евразия даласын жайлаған халықтардың ортақ аты еді. Скиф, сақ тарихын тілге тиек етіп, тереңірек үңілетін болсақ, оларды құрайтын бірнеше тайпалар көне жазба шежірелерде жиі кездесетінін көреміз, сарматтар, дайлар, аландар, массагеттер, үйсіндер. Кезінде осы тайпалар бірлестіктері қазақстан территориясын

69


жайлаған, қазақ халқының арғы ата-бабалары болып табылады. Бұлардың ішінде, әсіресе, массагеттер, аландар, үйсіндер туралы тарихи деректер көбінесе Иран, парсы, грек жазбаларында біршама кездеседі. Ал аландар туралы көне қытай жылнамаларында дәйекті де айшықты жазылған. Ең бір көне деректер ежелгі парсылардың діни кітабы –Авестада көрініс береді.
Көшпенділер өнерінде алтыннан түйін түю, қола құйма әдістері ең жоғарғы жетістікке жетті. Оған археологиялық қазбалардан табылған асыл заттар куә. Соның бірі –Украин археологтары талқан скиф қорғанының әр түрлі алтын әшекей заттары. Заттар “толстая магила” қорғанынан шыққан , ішіндегі ең бір құндысы –“пектораль”- алқа. Пектораль өте нақышты, нәзік соғылған әшекей бейнелер скифтердің ғарыштық ой жүйесінің тақырыбына құрылған. Алтын әшекейдің төменгі бөлігінде о дүниені, өлім табиғатын, оның қасіретін бедерленген, ал жоғарғы жағында адамдар өмірінен сыр шерткен.
Екінші бір айта кетерлік дүние – Қырымдағы Күл-Оба қорғанынан табылған алтын құмыра. Тек саф алтыннан, күмістен құтылар, онша таралмаған. Құмырада скиф жауынгер батырларының бейнесі аса бір ынталықпен бедерленіп, өрнектелген.
Заң – қоғамның тірегі
Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат - Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады екен. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат. Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. Бұның өзі Ата заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек.
Тарихқа кері шегінетін болсақ, тәуелсіздікке ие болған Қазақстанның ең басты қадамы Конституцияны қабылдаумен тұтастай байланысты. Бұл туралы: «Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді жинақтаған Негізгі Заң қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін баянды етуге тиіс болатын», - деп жазады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы» атты кітабында. Осылайша, ел егемендігінен кейінгі 1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы егемендік тарихындағы ең демократияшыл құжат болып табылған еді. Алғаш қабылданған 1993 жылғы Конституцияның мәні мен маңызына келетін болсақ, бұл Негізгі құжат Президенттің көрсеткен мақсаты бойынша төрт басты мәселеге жауап беруі және соған жағдай жасауы тиіс болатын. Оның біріншісі - мемлекеттік билікті басқарудың барлық жүйесін нығайту, екіншіден - экономикалық реформаны жүргізе отырып, елді сол кездегі терең дағдарыстан шығару, үшіншіден - жас

70


мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыру, төртіншіден - ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін заңдық негіздерді Ата заңда көрсету.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы
1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды.
2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген болатын.
Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі бағындырған шыңдары жетерлік. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен 20 жылдан сәл-ақ астам уақыт ішінде буыны енді беки бастаған ел әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестіріп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатындығын да паш етіп отыр. Оның жарқын дәлелі 11 жылдық тоқырауда болған ЕҚЫҰ саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырып, Азиада ойындарын өткізуі, сонымен қатар көптеген халықаралық шараларға ұйытқы болуы, алдағы уақытта ЕХРО-2017 көрмесін өткізетіндігі дәлел бола алады.
Міне осындай ауқымды шаралардың басы-қасында жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен екендігі сөзсіз. Сондықтан да биылдан бастап 1 желтоқсан Қазақстан Тұңғыш Президенті күні мерекесі кеңінен аталып өтпек. Айта кетерлігі, таңдау бұл күнге тегіннен-тегін түсіп отырған жоқ. Есте болса, 1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев халықтың зор сенімімен, яғни сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысымен жеңіске жеткен еді. Мемлекет билігін қолға алғаннан бастап ҚР Президенті атқарған игі істер жетерлік.
Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары
Қазіргі таңда жастарды өмірге бейімдеуге жаңа сипатта қарау басты міндетердің бірі болып отыр. Себебі, қоғамда болып жатқан түбегейлі бетбұрыстардың, ғылым мен техника жетістігінің, тұлға психикасына әсері күшті болып отырғаны белгілі. Осындай өмір ағысына қарай тез бейімделіп кететін жастардың психологиялық теңдігін сақтау үшін отбасылық қарым-қатынастың, қоғамдық күштің, оның ішінде этностық құндылықтардың рөлі ерекше.
Осыған орай, жастардың отбасылық ұғымына бұқаралық ақпарат құралдарының жағымды жақтарымен бірге жағымсыз, кері әсері де қоғамда алаңдаушылық туғызуда. Теледидар, радио, кинотеатр және интернет сияқты бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік жүйелерді қалыптастыру және күшейтуде зор ықпалға ие екендігі даусыз. Алайда, бұқаралық ақпарат

71


құралдарының жеке өмірге де тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды. Қатыгез бағдарламалар, ойындар мен кинолар, жарнамалар адамның рухы мен жанына кері әсер етеді. Бұлардың бәрі қоғамдағы адамдардың тұрмыс тәсілінің өзгеруіне әкеп соғады. Әрине, дәл осындай ақпараттар адамның адами құндылықтарының жойылуына себепші болады.

Отбасы ең маңызды әлеуметтік мүше ретінде, бұқаралық ақпарат құралдарының отбасы мүшелеріне тигізетін ықпалынан көп зардап шегеді. Теледидар жастардың отбасын құру туралы пайымына, отбасында қарым-қатынас құруына, жас ұрпақты тәрбиелеу сапасына әсер етеді. Бала санының азаюы, әйелдердің қоғамдағы рөлінің өзгеруі және тағы басқа әлеуметтік факторлар отбасы құрылымын өзгерткен. Түрлі телебағдарламалар, әлеуметтік желілер мінез-құлық үлгілерін, кино, телехикая және жарнама түрінде ұсынады. Осы үлгілер бала кезден адамның ішкі жан дүниесінен орын алып, ерлі-зайыптылар мен перзенттерінің қарым қатынасында белгілі бір бейне қалыптастырады.


ЭКСПО-2017 – Қазақстан белесі
ЭКСПО-2017» – Қазақстан үшін маңызы зор, мақсаты биік жоба. Жалпақ жұртшылықтың назарын өзіне аударатын бұл бірегей көрме экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістеріне жол салары хақ. Қазақстан осынау тарихы ғасырлар асуында жатқан Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесін өткізуге шешім қабылдаған бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мемлекеттер арасындағы алғашқы ел. Осы арқылы еліміз дөңгеленген дүниеге ортақ стратегиялық міндеттерді талқылайтын талай жаһандық жиындардың ұйымдастырушысы ғана емес, өңірдегі көшбасшы мемлекет екендігін де көрсетіп отыр. Бүгінде әлемде орын алған күрделі ахуалға, қаражаттың қаттығына қарамастан, еліміз көрмені лайықты өткізуге бел буды. «Шешінген судан тайынбас» дегендей, қолға алған істі табыспен аяқтауға кез келген ел мүдделі. Ендеше күллі әлем көз тігетін ауқымды шараға дайындықтың өзі айрықша жауапкершіліктен, ширақтықтан ауытқымай жүруі шарт.
Көрмеге дүние жүзінің 100-ден астам елінен 2 миллиондай турист келеді деп жоспарлануда. Уақыт жақын. Алайда, шетелді былай қойғанда, еліміздің өзінен қанша турист келетіні беймәлім. Келушілерге қандай жағдай жасалатыны, көрмені өткізуден қандай пайда күтуге болатыны, қанша демеуші тартылатыны, қандай мәдени-көпшілік шаралар өтетіні туралы нақты мәлімет жоқ. Турасын айтқанда, құрылыстан өзге жұмыстың бәрі баяу. Көрмеге дайындық барысы талқыланған кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесіне сапалы дайындықты қамтамасыз ету мен өткізудің бүкіл Қазақстан үшін маңызды екенін атап өтті. Өйткені, бұл еліміздің әлеуетін бүкіл әлемге әйгілеудің теңдессіз мүмкіндігі. Түптеп келгенде, көрменің табыстылығы – баршаның жұмыла атқарған іс-қимылының нәтижесі болмақ.
Биотехнология жаңалықтары

72


Өнімі мол, төлі сапалы аталық пен аналықтан жаралған эмбриондарды қолдағы қарапайым аналықтардың құрсағына көшіріп отырғызу арқылы нәсілділігі мен өнімділігі артық төлдің санын көбейтуді – эмбрион трансплантациялау биотехнологиясы дейді. Бұл тәсілді қолданғанда аталық пен аналық жыныс жасушаларының бірігіуінен түзілген зәузат-эмбрион қолданылады.
Аналық мал, жануарлардың жұмыртқалықтарында (жыныс бездерінде) 100-200 мыңға дейін жұмыртқа жасушасы түзіледі. Олардың санаулысы ғана (6-8) төл болып дамуға жұмсалып, қалғандары даму кезегін күтумен өмірден өтетіні анықталған. Жыныс бездеріндегі жұмыртқа жасушаларын топ -тобымен дамытып, көшіріп отырғызуға жарамды мол эмбрион (ұрық) өндіріп алу үшін арнайы тәсіл шығарылған. Осы тәсілді қолданғанда сиырдан жылына көшіріп отырғызуға жарамды 50-60 эмбрион алуға болатынын зерттеу нәтижелері айқындап отыр. Бұл дегеніміз, құнды сиырдан жылына бір емес,жоқ дегенде 40-50 бұзау алуға болатын мүмкіндік бар екенін көрсетеді.
Қазіргі таңда эмбрионды трансплантациялау – мал, жануарларды сұрыптап өсіру (селекция) қарқынын өте аз уақыт ішінде ең жоғары деңгейге жеткізетін зор әлеуетке ие биотехнология екеніне ешкім шүбә келтірмейді. Оның сыртында саны өте азайған немесе жойылуға таяған жабайы хайуандардың санын көбейтіп, популяциясын сақтап қалу үшін де аса маңызды болып табылады. Мысалы, Қытайда жойылуға дәл қалған панда аюы осы биотехнологиялық тәсілдің арқасында саны молайып, қайтадан еркіндікке (табиғатқа) жіберілді. Австралияда жабайы түйелердің популяциясын көбейту үшін эмбриондарды трансплантациялау тәсілі қолданылып, үлкен нәтижеге қол жеткізген. Медицинада бұл технология нәтижелі пайдаланылады. Ағзадан тыс, зертханалық жағдайда ұрық тоқтатылып, түзілген эмбрионды әйелдің құрсағына енгізіп беру арқылы трансплантат-сәби дүниеге келеді. Қазақстанда бұл биотехнология жақсы дамыған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет