§48 тақырыпты оқып танысу
165
«Жылулық сәлелену»
тақырыбына ағылшын тілінде
шағын эссе жазу.
Сабақ аяқталды.Сау
болыңыздар. Good bye!
№1 қосымша
казақ тілінде
орыс тілінде
ағылшын тілінде
Жылуөткізгіштік
теплопроводность
thermal conductivity
конвекция
конвекция
convection
сәуле шығару
излучение
radiation
табиғаттағы және техникадағы
жылу берілу
теплопередачи в быту и
технике
Heat Transfer in nature and
technology
Жылу құбылыстарының тірі
ағзалардың өмірлеріндегі ролі
Роль тепловых явлении в
жизни живых организмов
role of thermal phenomena in
living organisms
№2 қосымша
№3 қосымша
Ішкі энергия
1. Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не?
2. Оны өзгерту тәсілдері қандай?
3. Дененің ішкі энергиясы температураға қалай байланысты?
4. Жылу берілу дегеніміз не?
5. Химиялық реакциялар кезінде ішкі энергия қалай өзгереді ме?
Жылу өткізгіштік
1. Жылу өткізгіштік дегеніміз не?
2. Жылу өткізгіштігі нашар қандай заттарды білесіңдер?
3. Қандай заттар жылуды жақсы өткізеді?
4. Заттардың жылу өткізгіштігінің әр түрлі болу себептері неде?
5. Жылу өткізгіштігі нашар заттар қайда қолдаланылады ?
Конвекция
1. Конвекция құбылысы дегеніміз не?
2. Конвекцияның жылу өткізгіштіктен айырмашылығы неде?
3. Қай жерде конвекция болмайды?
4. Атмосферадағы конвекциялық ағынның рөлі қандай?
166
5. Табиғи және еріксіз конвекциясина мысалдар келтіріңдер?
Сәуле шығару
1. Сәулелік жылу алмасу дегеніміз не?
2. Жылу алмасудың қандай түрлері вакуумда болуы мүмкін?
3. Қандай денелер сәулені жақсы жұтады?
4. Өрт сөндірушілер неге бастарына жылтыр металл дулыға киеді?
5. Күн сәулесінің табиғат және техникаға ролі қандай? Мысал
келтіріңіз.
№4 Қосымша
Аталуы
Белгіленуі
Өлшем бірлігі
Формуласы
Жылу мөлшері
Дененің массасы
Бастапқы температура
Ақырғы температура
Меншікті жылусыйымдылығы
Температура өзгерісі
Абсолют температура
167
3 ҮШТІЛДІ БІЛІМ БОЙЫНША ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРІНІҢ
ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ
Кез келген елдің келешегі мектепте анықталады және қалыптасады. Бұл
білім беру саласының кез-келген басқа сала қызметінен ерекше маңызды екенін
білдіреді. Қазіргі кезде білім беру саласында жасалып жатқан іс-шаралардың
нәтижесі уақыт өте келе көріне бастайды, жылдар өткен сайын жетіліп, ұлттың,
халықтың, тұтастай алғанда елдің болашағын қалыптастырады.
Ерекше тарихы мен геосаяси жағдайы бар Қазақстан үшін қоғам мен
тұтастай алғанда елді одан әрі дамытудағы және білім беру жүйесіндегі
басымдықтардың бірі үш тілде білім беруге көшу болып табылады.
Үш тілде білім беруге кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша Елбасы
Н.Ә. Назарбаев өзінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік
революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан
халқына
жолдауында
үштілді
білім
берудің
міндетін
тағы
да:
«Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін
меңгеруінде», – деп айқындап берді [1].
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптілділіктің әлемде таралуы –
экономика, саясат, мәдениет және білім беруде болып жатқан түбегейлі
өзгерістерге негізделген заңды үдеріс. ЮНЕСКО-ның тұжырымдамасына
сәйкес «көптілді білім беру» ұғымы, білім беруде кем дегенде үш тілді: ана
тілін, ұлттық және халықаралық тілді пайдалануды көздейді.
Оқу пәндерін өз ана тілінде емес, басқа тілде оқып, табысты меңгеру
үшін сол тілді жетік білу қажет және бұл жерде өте маңызды болып
табылатыны – тілдік практиканың қажеттілігі. Шағын жинақты мектептер
(бұдан әрі – ШЖМ) жағдайында білім алушылардың қажетті тілдік құралдарды
қолданып, қарым-қатынасқа түсе алатындай тілдік тәжірибелеріне жағдай
жасау қиынға түсетіні ешкімге құпия емес. Тілдік білімді қолдану және тілдік
қарым-қатынасқа түсу оқу іс-әрекетінде ғана емес, сабақтан тыс жұмыс кезінде
де жүзеге асырылуы керек.
Шығын жинақты мектептің заманауи мұғалімі үштілді оқытуды жүзеге
асыру барысында ШЖМ жағдайында төменде көсетілген негізгі талаптарды
ескеруі тиіс, олар:
- оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдап
алу және оларды үштілді білім беру аясында жұмыс істеу жағдайларына
бейімдеу;
- тілдік қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін әртүрлі жастағы
топтардың балаларымен жүргізілетін сабақ барысында оңтайлы әдістерді
қалыптастыру және пайдалану;
- сабақ барысында тілдік дағдыларын, пәндік білімін, коммуникативті
біліктіліктерін жүзеге асыру үшін білім алушылардың өздігінен жұмыс
жасауларын ұйымдастыру;
- пәндік білімнен пәнаралық кіріктіруге көшуді жүзеге асыра білу;
168
- білім алушыларды оқытудағы даралау мен саралауды, олардың
коммуникативтік тәжірибесін, тілдік дайындығын ескере отырып, оқу
жұмыстарын ұйымдастырудың технологияларын таңдау.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру қазіргі қазақстандық қоғамда
әр адам үшін мұқтаждық және қажеттілікке айналып отыр. Осыған байланысты
мектеп оқытуында білім алушылардың бойында өз елінде және әлемдік
кеңістікте түрлі мәдениет өкілдерімен өзара әрекеттесу және араласа білуді
қалыптастыру алдыңғы орынға шығады. Білім алушылардың тілдік дайындық
деңгейін арттыру оларға тілдік қарым-қатынас үшін жағдай жасаумен, осындай
қарым-қатынас жасауға уәждеумен тікелей байланысты.
Мұғалімдер мен мектеп білім алушылары алдында тұрған басты мақсат –
өз халқының әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін білетін, бірнеше тілді меңгерген,
барлық жағдайларда коммуникативтік-әрекеттік операцияларды жүзеге асыруға
қабілетті, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге құштар көпмәдениетті
тұлғаны дамыту.
2018-2019 оқу жылында ұсынылған деректер бойынша жасалынған
талдауға сәйкес Қазақстанның түрлі аймақтарында үш тілде оқып жатқан білім
алушылар туралы мәліметтер жинақталды. Осы мәліметтер бойынша Қазақстан
Республикасында барлығы 2852 шағын жинақты мектеп жұмыс істейді,
олардың ішінде 512 (17,95%) ШЖМ-да үш тілде оқыту басталып, 6411 білім
алушы қамтылған.
Төмендегі кестеде үш тілде оқытудың көрсеткіштері туралы деректер
берілген.
1-кесте. Өңірлер бойынша үш тілде оқытатын ШЖМ білім алушыларының
көрсеткіштері
№
№
Өңірлер
Барлық
ШЖМ
Үш тілде
оқытатын
барлық
ШЖМ
Үш тілде
оқытудың
енгізілген
жылы
Үш тілде оқытатын
ШЖМ-дағы білім
алушылар саны
барлық білім
алушылар
үш тілде
оқытумен
қамтылғаны
1.
Ақмола
379
62
1. 09. 2018
6834
1211
2.
Ақтөбе
202
66
-
6280
460
3.
Алматы
229
11
1. 09. 2018
1471
127
4.
Атырау
26
3
-
343
27
5.
Батыс Қазақстан
225
23
1. 09.2018
2539
238
6.
Жамбыл
128
26
1. 09.2018
3382
321
7.
Қарағанды
232
37
1. 09.2018
3572
486
8.
Қостанай
342
27
1. 09.2017
902
283
9.
Қызылорда
22
1
-
44
6
10.
Маңғыстау
12
-
-
-
-
11.
Павлодар
225
108
1. 09.2016
2300
1357
12.
Солтүстік
Қазақстан
340
123
1. 09.2017
8946
1586
13.
Түркістан
140
15
1. 09.2018
2105
211
14.
Шығыс Қазақстан
350
10
1. 09. 2018
1109
98
Барлығы
2 852
512
39827
6411
169
Кестедегі мәліметтерге сәйкес шағын жинақты мектептердің және оларда
білім алушылардың ең көп саны Солтүстік Қазақстан және Павлодар
облыстарының үлесінде.
Егер шағын жинақты мектептер жағдайында үш тілде оқытуды оқыту
тілдері бойынша қарастыратын болсақ, онда республика бойынша оқыту қазақ
тіліндегі үш тілде оқытатын шағын жинақты мектептердің саны орыс тілінде
оқытатын шағын жинақты мектептерге қарағанда 110-ға артық екені
байқалады.
Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңартуға көшу аясында
жаратылыстану бағытының «Химия», «Физика», «Информатика», «Биология» -
4 оқу пәнінің екі пәні (білім алушының таңдауы бойынша) ағылшын тілінде
оқытыла бастады. Республика бойынша 483 шағын жинақты мектепте
жаратылыстану бағыты пәндерін ағылшын тілінде оқыту ішінара енгізу
режимінде жүзеге асырылуда, сондай-ақ, 29 шағын жинақты мектепте
жаратылыстану бағытының сабақтары толық енгізу режимінде (білім
алушының таңдауы бойынша) ағылшын тілінде оқытылады. Ішінара енгізу
деген сабақтың жекелеген кезеңдері ағылшын тілінде (Т3) жүргізілетінін
білдіреді. Толық енгізу – сабақ толығымен ағылшын тілінде (Т3) жүргізіледі. 2-
кестеде жаратылыстану бағыты пәндерін ағылшын тілінде оқыту туралы ШЖМ
бойынша мәліметтер келтірілген.
2-кесте. ШЖМ бойынша жаратылыстану бағыты пәндерін ағылшын
тілінде (Т3) оқыту туралы мәліметтер
№
Облыс
Пәндер (Химия, информатика, физика, биология)
Ішінара
енгізу
Толық енгізу
1
Ақмола
62
-
2
Ақтөбе
66
-
3
Алматы
11
-
4
Атырау
3
-
5
Батыс Қазақстан
23
-
6
Жамбыл
26
-
7
Қарағанды
37
-
8
Қостанай
24
3
9
Қызылорда
-
1
10 Маңғыстау
-
-
11 Павлодар
106
2
12 Солтүстік Қазақстан
105
18
13 Түркістан
13
2
14 Шығыс Қазақстан
7
3
Барлығы
483
29
ШЖМ-да үш тілде оқыту барысында мұғалім мен білім алушылар
ғаламторды, электрондық оқулықтарды, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің
оқу құралдарын, Bilim Land білім беру ресурсының материалдарын,
170
билингвалдық оқу терминологиялық материалын, терминдерді меңгеруге
арналған Quirlet қосымшасын және т.б. жүйелі түрде пайдаланады.
Сөйтіп, мұғалімдердің гуманитарлық және жаратылыстану ғылыми бағыты
пәндерін ағылшын тілінде оқытуда біршама тәжірибелері бар.
ШЖМ мұғалімдерінің негізгі бөлігі қайта даярлау және біліктілікті
арттыру курстарынан өткен. Алайда, пән мұғалімдерінің тілдерді меңгеру
деңгейі сапалы оқытумен қамтамасыз ететін қажетті деңгейге жетпей отыр.
Үштілді оқытуды енгізу процесі бірқатар сұрақтардың шешілуін талап
ететінін айта кету керек. Жоғарыда көрсетілгендей, бұл кадрларды даярлау мен
әдістемелік және материалдық қамтамасыз ету проблемалары.
Алайда, үштілді білім беруді енгізу бойынша жоғарыда көрсетілген
проблемалардың табысты шешіліп жатқан тұстары да бар, оны болашақ
түлектердің диагностикасы растайды. Тілдік даму, тілдік қарым-қатынас
процесінің күшеюімен қатар мәдени қарым-қатынас процесінің де сапалы
күшеюі жағдайында жүзеге асады. Мысалы, тілдерді білу оқылатын тілдер
халықтарының мәдени мұрасымен таныстырады, адами құндылықтардың
ортақтығына негізделген өзіне тән даралығына қайта пайымдау жасалады.
Қазақстан мектептерінде оқыту және тәрбиелеудің осындай моделін енгізу
қазақ, ағылшын және орыс тілдерін жақсы деңгейде меңгерген, халықаралық
кеңістікте еркін бағдарлануға қабілетті, үйлесімді, жан-жақты дамыған тұлғаны
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Шағын жинақты мектептің өзгешелігі параллель сыныптардың
болмауында ғана емес, жекелеген сыныптардың жоқтығында. Сондай-ақ шағын
жинақты мектеп жағдайында үш тілде оқытудың айырмалық ерекшелігі
мұғалімнің жұмысындағы көппәнділік болып табылады. Шығыста: «Оқытқан
мұғалім емес, кімнен үйренсең - сол мұғалім», - дейді. Тап сол аз толымдылық
себебінен кейбір мұғалімдерге бірнеше пәнненсабақ беруге тура келеді.
Шағын жинақты мектеп жағдайында үш тілде оқу-тәрбие процесін
ұйымдастырудың ерекшеліктері:
а) үлкен қалалардан қашықта орналасуы;
ә) адамдар арасында қалыптасқан қарым-қатынастар;
б) елді мекенде басқа мәдениет ошақтарының болмауы;
в) коммуникациялардың тұрақсыздығы (теледидар, пошта) .
Шағын жинақты мектеп жағдайындағы үш тілдегі жалпы оқу-тәрбие
процесінде үш бағытты байқауға болады:
1) сабақтағы тәрбие жұмысы;
2) сабақтан тыс және сыныптан тыс тәрбие жұмысы;
3) елді мекеннің қоғамдық ортасының беретін тәрбиесі.
Шағын жинақты мектеп жағдайында мұғалімге үш тілде оқытуды
ұйымдастыруды жүзеге асырудағы жеңіл тұстар:
- білім алушылардың темпераменті мен жүйке жүйесінің типін, даму
ерекшеліктерін, қабілеттері мен қызығушылықтарын, білімдері мен біліктілік
деңгейін ескере отырып, олармен жеке жұмыс жасау мүмкіндігі;
171
- жеке қарым-қатынас оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты мен құралы, білім
алушының ішкі ұстанымын түсіну болып табылатын оқытудың тұлғаға
бағдарланған тәсілін қолдану. Білім алушы мен мұғалім бір-бірін «естиді»;
- білім алушылардың оқу іс-әрекетінің практикалық бағыттылығын жүзеге
асыру (ауыл шаруашылық объектілеріне экскурсиялар, тәжірибелік жұмыстарға
қатысу және т.б.).
Шағын жинақты мектепте үштілді оқыту мұғалімнен шығармашылық
көзқараста жұмыс жасауын, төзімділікті, мейірімділік пен ақпейілділікті,
кәсібилік пен кешенділікті талап етеді.
Шағын жинақты мектеп жағдайында үш тілде оқыту барысында бірнеше
сыныппен жұмыс істеудің кейбір келеңсіз ерекшеліктері бар:
1. мұғалім сабақтың тек жартысында ғана сыныппен тікелей жұмыс
істеуге, ал қалған уақытта балалардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға
мәжбүр;
2. мұғалімнің көңілі бірнеше сыныпқа бөлінеді;
3. өзідік жұмысты орындау кезінде білім алушылар мұғалім тарапынан
шұғыл көмек алу мүмкіндігінен айырылады, өйткені мұғалім бұл уақытта басқа
сыныппен айналысуда;
4. білім алушылар басқа сынып тарапынан кедергі болған кезде, яғни
басқа сыныпта әңгімелесу, сабақ түсіндіру және т.б. жүріп жатқанда өздігінен
жұмыс істеуге тиісті;
5. шағын жинақты мектепте мұғалімнің күнде 8 немесе тіпті 12 сабаққа
арналған оқу материалдарын дайындауы және жоспарларын жасауы керек.
Алайда шағын жинақты мектеп жағдайында үш тілде оқытуды
ұйымдастыру кезінде, мұғалімнің жұмысында екі сыныппен бір мезгілде сабақ
өткізудің, бір сыныппен өткізуге қарағанда өз артықшылықтары да бар. Білім
алушылардың саны аз, сондықтан мұғалім сабақ барысында әрбір білім
алушыны сұрап шығуына, балалардың жеке ерекшеліктерін жақсылап
зерделеуге, балалардың үйдегі жағдайларын жақсырақ білуге мүмкіндігі бар.
Білім алушылардың саны аз болса, дәптерлерін тексеруге уақыт аз жұмсалады.
Сондай-ақ жоғары сынып білім алушыларының кішілерге көмек
көрсетулері үшін мүмкіндіктері көп, себебі олар күн сайын бір уақытта бір
сынып бөлмесінде болады.
Қиындықтарды жеңіп және бірнеше сыныппен бір мезгілде жұмыс істеудің
тиімді жақтарын пайдалана отырып, шағын жинақты мектептің мұғалімдері
үштілді оқыту барысында мектеп алдында тұрған оқу-тәрбиелік міндеттерді
табысты шешеді.
Шағын жинақты мектепте сабақтың нәтижелілігі оны дайындауға
байланысты. Сабаққа дайындалғанда мұғалім оқу процесінің логикасын
жақсылап ойластыруы керек. Сабақ барысында туындауы мүмкін
қиындықтарды болжап, өзі араласу қажет тұстарды ескеруі тиіс, яғни ерекше
педагогикалық назардағы зона деп аталатын тұстарды алдын-ала белгілеуі
қажет.
172
Шағын жинақты мектептердегі біріктірілген сыныптарда сабақты
ұйымдастыру білім алушылардың мұғалімнің басшылығымен және өздігінен
жұмыс істеу жұмыс түрлерін кезектестіріп отыруды талап етеді.
Біріктірілген сыныптарда сабақ өткізу барысында сабақ типтерінің әр түрлі
үйлестірулерін кездестіруге болады. Мысалы, бір сыныпта жаңа білімдерді
қорыту, ал басқа сыныпта – білімді тексеру болуы мүмкін. Немесе екі сыныпта
да бір үлгідегі сабақ, мысалы, жаңа білімді қорыту сабағы болуы мүмкін.
Сабақтардың әр түрлі үйлесімде болып келуі мұғалімннің сабақты
неғұрлым мұқият жоспарлауды талап етеді.
Үштілде оқыту кезінде біріктірілген сыныптарда сабақтарды құрудың
өзіндік өзгешеліктері бар. Сабақтың кезеңдерінің мазмұнын анықтай отырып,
мұғалім іс-әрекет түрлерін ғана емес, әңгімелесу үшін сұрақтарды, есептерді
шешу жолдарын, орындалған жұмысты тексеру тәсілін көрсетеді және тағы сол
сияқтыларды жазып қояды.
Бір пәндік сабақтарда (мысалы, орыс тілі мен әдебиеті – орыс тілі мен
әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті – қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі –
ағылшын тілі) мұғалімдер кейде барлық сынып комплектілер үшін сабақтың бір
кезеңін бірлестіріп бірге өткізеді.
Сабақтың бірлескен кезеңдерінде тіл сабақтарында сурет немесе
кинофильм көру, пікір айту/жазу, шығармашылық міндеттерді орындау, әртүрлі
грамматикалық талдау жұмыстары сияқты әртүрлі жұмыс түрлерін орындатуға
болады.
Осындай сабақтың конспектін мұғалім 3 сыныппен жұмыс істеген кезде де
құрайды. Әр сынып бірінші минуттан бастап жұмыс істей бастайды. Біреуі –
мұғаліммен, екеуі – өзіндік жұмыс жасайды. Қолдан келерлік міндеттер, бірақ
жеңілдетілген емес (қайталауға, жаңаны қабылдауға арналған немесе
ұқсастығы бойынша үй жұмысын тексеру).
Бір сыныппен мұғалім қарқынды жұмыс істейді: қайталау, жаңаны
түсіндіру, ішінара бекіту, басқа жағдайларда жаңа білімді қолдануға әрекет ету.
Соңында келесі өзіндік жұмысты түсіндіреді.
Сонан соң мұғалім, жаңа материалмен өз бетінше ішінара танысу жасаған
сыныпқа «ауысады». Мұнда басты міндеттерді міндетті түрде тексеру, тірек
тапсырмалардың (тақырып бойынша жалпы міндет) өзектілігін арттыру және
бекіту, дағдыларды қалыптастыру басталады. Соңында – өзіндік жұмыс және
сабақтың тақырыбы бойынша үйге тапсырма беріледі.
Мұғалім 3-ші сыныппен жұмыс істеуді бастайды, мұнда өткен материал
бекітіледі, есептердің шешімін, ауызша жаттығуларды тексеру, жаңа
жағдайларда алған білімдерін қолдану сияқты сабақ кезеңдерін өткізеді. Сабақ
міндетті түрде 3-5 минуттай уақытта қорытындыланады. Балалар оқылғанды
жүйелеп, қорытады, ал мұғалім ең бастысына назар аудартады.
Мұғалімнің басшылығымен және оның тікелей қатысуымен сабақ
барысында атқарылатын іс-әрекеттер мыналар:
- дайындық жаттығулары;
- жаңа материалды түсіндіру;
- нұсқама беру;
173
- өткен материалды бекіту;
- білімді меңгеру деңгейін диагностикалау;
- меңгерілген білім, біліктіліктерді бақылау және түзету;
- білімді қолданудың оңтайлы тәсілдерін көрсету;
- материалды тақырыптық қорыту.
Жоғарыда көрсетілгендей шағын жинақты мектептің жағдайында үш тілде
оқытудың ерекшелігі бір мезгілде екі сыныппен қатар айналысу болып
табылады. Тілдік пәндердің (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті,
ағылшын тілі) мұғалімдері мұндай жағдайда оқытқанда, білім алушылардың
жоғары білім сапасына қол жеткізулері үшін оқу пәнін ұйымдастырудың
арнайы механизмін меңгеруі тиіс. Бұл проблеманы шешу үшін келесілерді
орындау қажет:
1. Зерделенетін материалдың көлемін айтарлықтай ұлғайту үшін оқу
материалын ірі блоктарға біріктіру;
2. Білім алушылардың тілін дамыту үшін тірек, схемалар, моделдер,
әңгімелер құру бағдарларын пайдалану;
3. Білім алушыға басқа білім алушылар арқылы әсер ету әдісін жүйелі
пайдалану;
4. КБЖ-ні енгізудің арқасында өзіндік жұмысты ұйымдастыру сапасын
жақсарту;
5. Оқулықпен, оқу құралдарымен жұмыс істеудің әртүрлі тәсілдерін
үйрету;
6. Барлығына арналған тапсырма білім алушылардың әрбіреуіне арналған
жеке тапсырмалармен толықтырылатын деңгейлік саралауды жүйелі
пайдалану.
Бұл жерде барлығына арналған тапсырмалар МЖМБС-ға сәйкес, білім
алушылардың әрбіреуіне арналған жеке тапсырмалар – білім алушының жеке
қабілетін ескере отырып, әртүрлі дайындықтағы білім алушылар үшін –
топтық тапсырмалар жасалады.
Шағын жинақты мектептер жағдайында үштілді оқытудың негізгі түрі – ол
білім алушылармен жеке жұмыс жасау. Оны білім алушылардың қабілеттері
түрін анықтауға бағыттау, осы негізде оқу дағдылары мен біліктіліктерге
үйрету керек.
Жеке оқыту барысында әр түрлі білім алушылардың өзіндік жұмыс
түрлерін пайдалану тиімді, мысалы:
- білім алушының кітаппен жүйелі түрде жұмыс істеуі;
- материалды блокпен оқуы;
- өзін-өзі бақылау парағымен жұмыс істеу.
Балаларды жаңа ақпаратты схемалық тұрғыда беруге үйрету өте маңызды.
Бұл дағды білім алушылардың білім деңгейін арттыруға айтарлықтай тиімді
болып табылады.
Білім алушылардың өзіндік жұмысы – әрбір сабақтың міндетті элементі
ретінде сабақ барысында бірнеше рет өткізілуі мүмкін.
174
Мұғалімнің басшылығымен жұмысты өзіндік жұмыспен кезектестіру ірі
кезеңдердің құрылымдарының нақтылығы мен өзара тармақталыуын көздейді:
«өзіндік жұмыс» - «мұғаліммен бірге жұмыс».
Сынып-комплектілерінде жиі қолданылатын өзіндік жұмыс білім
алушылардың ерікті зейінін, олардың пікір айту қабілетін дамытады, білімді
игеруде формализмді болдырмайды және дербестікті мінез қасиеті ретінде
қалыптастырады.
Біріктірілген сыныптарда өзіндік жұмысты жоспарлағанда мұғалім
төмендегілерді ескеруі керек:
- әрбір сыныптың сабақ құрылымындағы өзіндік жұмысты орнын анықтау;
- жұмыс мақсатын айқын белгілеу;
- тапсырма мазмұнының көлемін анықтауы және оны дәл тұжырымдауы;
- материалды меңгерудің нақты осы деңгейінде білім алушыларға
қойылатын талаптарға жақсы бағдарлану;
- әртүрлі топтардағы білім алушылармен жұмыс істеу барысында кездесуі
мүмкін қиындықтарды алдын-ала ескеру;
- өзіндік жұмыстың ұзақтығын анықтау;
- қандай дидактикалық материал дайындау керек екенін анықтау;
- жұмысты тексерудің тиімді әдісін ойластыру.
Білім алушылардың өзіндік жұмысты орындау бойынша нұсқаулық
картаны пайдалануы, жалпы оқу және пәндік біліктіліктерді игеру деңгейін
айтарлықтай арттырып, білім алушылардың ойлау әрекеттерін белсендендіреді.
Қорыта келгенде, төмендегідей тұжырымдар жасауға болады: ШЖМ
жағдайында үш тілде оқытудың жағымды жақтары бар (сыныптардың аз
толымдылығы, жекелеп оқыту мүмкіндігі, әртүрлі жастағы ұжымда балалардың
бір-біріне тілектестік қарым-қатынасы және т.б.). Әртүрлі тілдерде қарым-
қатынас жасауға ынталандыруға және тілдік ортаны қалыптастырып, оны ары
қарай дамыту мүмкіндігін беретін осы факторлардың барлығын оқытуда тиімді
пайдалану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |