Сборник задач по подготовке учащихся к международным исследованиям timss и pisa



Pdf көрінісі
бет12/115
Дата17.10.2023
өлшемі3,45 Mb.
#186180
түріСборник задач
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   115
Байланысты:
ПИЗА ДАЙЫНДЫ0 ТАПСЫРМАЛАРЫ қазақша (1)

 
29-
тапсырма. Суланбайтын (ылғалданбайтын) қағаз
Түрлі сиқырлы тәжірибелер жасауда ауаны қолдануға болады.
Азамат таза, құрғақ стақанның түбіне қағаз сүлгіні умаждап салды. 
Стақанды төмен аударғанда қағаз сүлгінің түспейтініне көзін жеткізді. 
Стақанды су құйылған шұңғыл ыдысқа баяу қимылмен салды. Су стақанды 
түгелдей жапқанға дейін түзу ұстауға тырысты (11-сурет)
11-
сурет – Суланбайтын (ылғалданбайтын) қағаз
Бірнеше секунд ұстап тұрып, стақанды судан алып шығып, сілкіп жіберді. 
Стақанды үстелдің үстіне қойып, ішіндегі қағаз сүлгіні алып шықты. Қағаз 
сүлгінің құрғақ қалпында қалғанын байқады.
Қағаз сүлгі неліктен суланбады?
Қағаз сүлгі сулануы үшін не істеу қажет?
 
30-
тапсырма.
12 
(а, ә)-суретінде көрсетілгендей А және В заттарының массасын таразыға 
қойып өлшеді. В затын А заты тұрған сауытқа салғанда, нәтижесінде С заты 
пайда болды. В заты ішінде болған бос сауытты қайтып таразыға қойды.
12а-суреті 
12ә-суреті 


16 
12-
сурет – Заттардың массасын өлшеу
12,
а-суретінде таразы 110 г массаны көрсетті. 12,ә-суретіндегі таразы 
қандай массаны көрсетеді?
А. 110 г-нан артық.
В. 110 г.
С. 110 г-нан кем.
Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз.
31-
тапсырма. Микроорганизмдер
Цианобактериялардың қалдықтары жер бетінде табылған (жасы 3,5 млрд 
жылдан астам) ежелгі микроорганизмдерге жақын. Оларды кейде көкжасыл 
балдырлар деп те атайды. Осы ядросыз ағзалардың жалғыз жасушасы екі 
немесе бірнеше бөліктерге бөлінеді (13-сурет). Әр бөлігі толық қызметті ағза 
болып табылады.
13-
сурет – Ядросыз ағза жасушаларының бөлінуі
1-
сұрақ
Егер екіге бөліну жолымен көбейген болса, 15 көбеюден кейін көкжасыл 
балдырлар қанша болады?
A. 32768.
B. 16587.
C. 12.554.
D. 14548.
2-
сұрақ
Қандай көбею өзге ағзалармен тұқымқуалаушылық ақпарат алмаспай өз 
бетімен жүзеге асырылады?
A
. Жыныссыз түрде. 
B. 
Вегетативті түрде. 
C. 
Фрагментациялану арқылы.
D. 
Прогенез түрінде. 
3-
сұрақ 
Адамның терісі үнемі жаңарып отырады. Қайсыбір ағзалар бүтіндей 
органдарды да қалпына келтіре алады. Зақым келген жабындар мен органдарды 


17 
тірі ағзалардың қалпына келтіре алу қабілеттері регенерация деп аталады. 
Төменде келтірілген жыныссыз көбею тәсілдерінің қайсысы регенерацияға 
негізделген? 
A. 
Споралармен көбею.
B
. Тамырланып көбею. 
C
. Фрагментацияланып көбею. 
D
. Вегетативті көбею.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет