Сценарий 1-жүргізуші: Бүгін қандай шаттық толы кеш еді



Дата29.03.2017
өлшемі82,08 Kb.
#12620
25 мамыр. Соңғы қоңырау кешіне арналған сценарий
1-жүргізуші:

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,

Көңіл шіркін, тасып-толып өседі.

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты,

Бойжетіпті бантикті қыз кешегі, - демекші, құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар мен қонақтар, «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты кешімізге қош келдіңіздер!

- Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.


Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн.
Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар түлектерімізді құрметпенен қол соғып қарсы алайық.
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
Қарсы алыңыздар 11 «а» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Мусина Асия Нурлановна Сыныпта 4 оқушы.
Олар:
1. Өнерлі де озат - Зекенова Жансая
2. Спортшы - Амантаев Жанат
3. Еңбекқор- Абдрахманов Руслан
4. КВН мүшесі - Туякпаев Жанбота
9 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі: Жақсыбаев Д.М. Сыныпта 19 оқушы

  1. Амангельдинов Аслан

  2. Ахмедин Нурбек

  3. Аманжол Қуаныш

  4. Әбдіраш Қызғалдақ

  5. Булатов Алишер

  6. Баймурзина Карагөз

  7. Жомарт Ернур

  8. Идрисова Анеля

  9. Қаппаров Қалдыбек

  10. Қажығали Мизам

  11. Ибраһим Султан

  12. Махметова Диана

  13. Мапышев Данияр

  14. Мырзабек Досжан

  15. Мырзабеков Сырымжан

  16. Сартаева Салима

  17. Серікбай Мақпал

  18. Тілеулесова Кельбет

  19. Утеубаев Арман

Ортаға әскери киім киген 3 оқушы шығып, бірі:

- Мектеп, түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін! (Ортаға ту әкелінеді).

- Қазақстан Республикасының Гимні орындалсын! (Мектеп гимн орындайды).


1-жүргізуші: Мектеп деген ата-анаңдай әлпештеп, биік шыңдарға жетелейтін, 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатып, болашаққа нық қадам басуға көмектесетін алтын ұя.
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, "мектеп – кеме, білім – теңіз" деп қазақ атам бекер айтпаған ғой. Бүгінде енді қайтып мектеп табалдырығын аттамайтын оқушылар да бар. Олай болса, баршаңызға арналған мектеппен қоштасу кешін бастауға рұқсат етіңіздер
1-жүргізуші:

Тыңдаған көңілдегі ойымды,


Шыңдаған тәрбием мен талғамымды.
Өмірдің маған сыйы деп білемін,
Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды, - дей келе, салтанатты жиынымызды ашу үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры: Алжабаев Г.Н. беріледі.

Бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар


1.

2.

3.
10- сынып оқушысы Байсалбай Арайлымның ән-шашуын қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Биылғы жылы мектебіміздің алған асуы мол. Оның барлығы да озат оқушыларымыз бен талай жүйрікті артта қалдырған спортшыларымыздың арқасы. Олай болса, озаттарымызды марапаттау рәсімін бастаймыз.

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

Құттықтау сөз оқу ісінің меңгерушісі: Карабаева Д.К. беріледі. (Озат, дарынды оқушылар арнайы мақтау қағазымен марапатталады).



1-жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды
/ 4- сыныптың құттықтаулары /
1-оқушы:

Табылған балапан ем ұядағы,


Қырандай жетілдірдің қиядағы.
Ұстазға деген ыстық сағынышым,
Бір әнге қалай ғана сыя алады.

2-оқушы:

Өнердің мен білмейтін қапталдарын,


Жаныма сіңіргенше тоқталмадың.
Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап,
Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым.

3-оқушы:

Мектебің – алтын ұя жарқыраған,


Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.
Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,
Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.

4-оқушы:

Орындалсын аңсап жүрген арманың,


Арайланып атсын нұрлы таңдарың.
Туған елдің көк байрағын көтеріп,
Биіктерден көріне бер, саңлағым!

5-оқушы:

Ардағым деп қуанады ел саған,


Тарланым деп табынады жер саған.
Болашақтың бар тізгіні сендерде,
Сенім артар азаматым, болшы аман!

6-оқушы:

Ақ көңіл ұстаздарым, адал ниет,


Жандарың жадырасын, жасымасын.
Қайда да шәкірттерің жүрер сүйеп,
Қиындық басқа түссе қасымдасың.

Ән шашу. 4-сынып.

1-жүргізуші: Ұшырса да өмірдің сан түлегін
Ұстаз – ғалым, толастамас мәнгі сын
Тыншымайтын асыл жандар аяулы
Тыңдаңыздар шәкірттерін алғысын
/ 11 сыныптардың әдеби - әуендік монтажы / Зекенова Жансая

Жанат:

Мұғалім ардақты ұмытылмас,

Өзіме бала күннен үні сырлас.

Нәр алып алғашқы рет сол ұстаздан,

Арманның асқарына ұмтылған жас.

Ол бейне өзім үшін алып адам,

Бойына жаман қасиет дарымаған.

Есейіп еңбекке еніп кетсем-дағы

Үйретіп, жол сілтеп жүр әлі маған.

Бойыма алаулатып күш-жалынды,

Өмірге ұмтылдырған құштарымды.

Кеудеме білім сырын құйып берген

Ұмытпан мәңгі-бақи ұстазымды.

Жанбота:

Бақытым самғасам да, көгімде ұшар,


Мектебім жүрегімнің төріндесің,
Өзіннен бастау алған бала сезім.
Білемін еш уақытта жеңілмесін.
Өмірдің қол созғанмен жаңасынан,
Өткеннің кім жете алар бағасына.
Кешегі арман қуған күн алыста,
Кеттің-ау сағым жылдар арасында.

Руслан:

Ұстазым ұғындырып даналығын, 


Баршаның елестеткен бала күнін.
Күлкісі көніліннен айналайын,
Кешірген баланың бар шалалығын.

Жарқырайды бейтаныс жұлдыз


Қымбат бізге бек мектептен тыс.
Сарқыраған болашақ өзен
Жаңа өмірдің айқын ұраны боп!
Бізді үйретті біліп - жеңуге,
Достыққа сеніп, жігер - күшіңе!
Ешқашан да ұмыта алмаймыз
Мұғалімнің жылы, айқын жүзін
9 және 11-сынып оқушыларының хор әні.

1-жүргізуші: Әлі есімде әліппені ашқаным
Есімінді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып деп
Түлектердің алғашқы ұстазы Рыскулова Сандуғаш Қажығалиқызына беріледі.


2-жүргізуші: Бірге өткізген күндерін, қыс - жазында,
Жазып шықты қаншама іс - қазына.
Балапанын ұшырған ұясынан,
Сөз берейік жетекші ұстазына деп
Сөз кезегін түлектердің сынып жетекшісі Мусина Асия Нурлановнаға беріледі.

2-жүргізуші: Ата - ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын деп
Ата - аналар атынан тілек сөз 11- сынып оқушысы Амантаев Жанаттың анасы Айсұлу Айткеновнаға сөз беріледі

9-сынып оқушысы ____________________ анасы_____________________ беріледі.


Ата – аналардың құрметіне 9-сынып оқушысы Келбет өз ән шашуын тарту етеді.

1-жүргізуші:

Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер!


Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ
Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі - шын, қоштасарда қоңырау мұң
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігінде қоңыраудың
Соңғы қоңырау соғу рәсімі 1 сыныптың үздік оқушылары Хасен Әли мен Ибраһим Ақнұрға

және 11 «а» сынып оқушылары Зекенова Жансая мен Абдрахманов Русланға беріледі.



1-жүргізуші:
11 сынып оқушыларының орындауында соңғы вальс биін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Сап түзелсін, салтанатты жиыннан Қазақстан Республикасының Туы шығарылсын


9 және 11-сынып оқушылары көгершіндері мен шарларын аспанға ұшырады.
Құрметті түлектер!
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін
Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры: ТІМ:

Алжабаев Г.Н. Шакиров А.Т.




Жауаптылар: Мусина А.Н.



Жаксыбаев Д.М.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет