Сценарий мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу


Қарттарым-асыл қазынам тәрбие сағаты



бет7/20
Дата07.02.2022
өлшемі232 Kb.
#96105
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
1 қазан Қарттар мерекесіне арналған сценарий

Қарттарым-асыл қазынам тәрбие сағаты


  • Тәрбие сағаты

  • admin

  • 25.09.2015

  • 0

  • 8

  • 88371

Тақырыбы: Қарттарым-асыл қазынам
Мақсаты:
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған плакаттар
Барысы:
І Ұйымдастыру

ІІ. Негізгі бөлім


Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар. 3-сынып оқушыларының қатысуымен 1 қазан - Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарттарым-асыл қазынам» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Біздің ауылымызда қырыққа жуық қарт ата-әжелеріміз бар. Солардың бірі Аязбаев Жапбасбай атамыз және Жұбаназарова Ұлжан және Шәкірова Гүлжаһан әжеміз бүгін бізде қонақта.
Қадірлі ата-әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.Сіздерге зор денсаулық,ұзақ ғұмыр тілейміз.
Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз үш бөлімнен тұрады.
І бөлім Ата-әжем мақтанышым 
ІІ бөлім Жырымды сізге арнаймын
ІІІ бөлім Мен атамның жалғасымын
а/ Жұмбақ шешу:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім? (Ата)
Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім? (әже)
І бөлім «Ата-әжем мақтанышым»
Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.
ә/ Ауыл қариялары туралы мәлімет беру.
Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.
б/ Ауыл әжелері туралы мәлімет беру.
ІІ бөлім «Жырымды сіздерге арнаймыз»
Халқымызда «Өзің өлгенше, немерең өлгенше» деген сөз бар.
Бала,немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана,
Демесең де жат бөтен,
Нағыз бала ойласаң.
«Немере» екен тәтті екен.
в/ Оқушылардың ата-әжелеріне деген жыр шумақтарына берелік.
1 оқушы
Менің әжем,ақ әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
2 оқушы:
Менің әжем,гүл әжем,
Алтын әжем,нұр әжем.
Анам үшін,мен үшін,
Нағыз әжем,тіл әжем.
3 оқушы:
Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып.
Маған сақтап жүреді,
Тәттіні де жасырып.
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін әндерін.
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің.
4-оқушы: 
Ата-әжем мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.
Ән: Анашым -------------------------------------------------
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл соқса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып қариялар.
Көрініс: Атасы мен немересі
Ата-әже ауылымның асылдары,
Жйнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би.
Сіздер үшін мереке шашулары.
Би: Өзбек биі-----------------------------
ІІІ бөлім Мен атамның жалғасымын
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Бұл бөлімде біздің кейінгі ұрпағымыз өздерінің өткен ата-бабаларын біле мекен соны білмекпіз.
а/Оқушыларға жеті атасын айтқызу
ә/ Оқушылардың ата-әже туралы эсселеріне кезек берелік
Қорытындылау
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!

Үлкенге құрмет,кішіге ізет (сценарий) Әсел: Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар!Ақ жаулықты аналар!Шынайы да ізгі сезімдерді,білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы!Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар,ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз. Тәрбие сағатымызға қонақ болып келіп отырған ардагер ұстаздарымызды таныстырып өтейін.Қонақтарымыз: Қалау әже ,Зәуре әже ,Нәсіп әже ,Бегалиева Рауза Уахитқызы. Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар, Ақыл кенін арқалаған аталар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар Армысыз ауылымның асылдары Жайнасын көңілдердің жасыл бағы Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би Сіздер үшін мереке шашулары. 1-қазан қарттар күні мерекесі.Неткен шіркін уақыт десеңші,осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі,халқы,келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.Бүгінде қазақтың қарияларынан қадір кетіп тұр.Бейнетінің зейнетін көріп,төоде отырып ақыл айтар шағында ата-анасын қарттар үйіне апарып тастайтындардың саны көбеюде.Немерелерінің маңдайынан иіскей алмай,қаншама жан өмірден өтіп жатыр. Бүгінгі қоғам жаһандану заманы болса, сол заманмен бірге данагөй қарияларымыз жұтылып бара жатқандай. Себебі, қазақ қоғамында қашанда данагөй, көнекөз қарт-қарияларымыз көп болатын. Қазір олардың қатары тіптен сиреп кетті. Оның орнын жүзінде иман, тілінде кәлимасы жоқ, қыз-қырқынға қырындаған қу шалдар ғана қалды. Балалары мен немерелеріне ақыл айтатын қайран қарияларымыз ай... Қазіргі уақытта неліктен қарттар үйінің саны артуда?Қазәргі кезде қарттар үйі қажет пе? (слаид,Фариза:М.Мақатаев "Реніш",Райгүл:"Ана зары",көрініс "қарттар үйі") Қазіргі таңда жастарымыз қарияларымызды қадірлеп жүр ме?Оқушылардың ой пікірімен бөліссек. Қазіргі таңда қазына қарттар қайда жүр? Беті бүлк етпестен аяулы анасының,асқар таудай әкесінен бас тартқан балаларға не деуге болады? Қариялар-ақылды дариялар.Біз оларды құрметтеуіміз керек.Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме?Өзің қарттарды қалай құрметтейсің? Осы заманда көп адамдар өздерінің туып,өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па?Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз? Жолдың арғы жағына бір қария өте алмай тұрады.Қолында ауыр сөмкелері бар.Қасынан өтіп бара жатқан бір баладан көмек сұрайды.Бірақ ол бала артына қайырылып қарамастан кете барды.Сіз не істер едіңіз? Көшеде қыдырып келе жатыр едің.Алдыңнан бір қария кездесті.Көзінде мұң,қайғы байқалады.Сенімен сөйлескісі келіп,әңгімеге тартты.Баласының қарамай,қарттар үйіне апаратынын сырттай естігендігін айтып,мұңын шақты.Сен қалай жұбатар едің?Баласының пікірі туралы не айтар едің? Өзіңе жақсы таныс,жиі араласатын құрбыңның әжесі мен атасы бар.Ол ата-әжесімен дөрекі сөйлеседі,сыйламайды.Айтқандарын тыңдамайды.Танысыңа қандай кеңес бере аласың?Келешекте осындай адамдар қарттарды қадірлемейді деген пікірмен қосыласың ба? Жалғыз тұратын қарт көршің бар.Үнемі сенен көмек сұрайды.Отын-су тасуға,дүкенге баруға,кейде үйін жинауға шақырады.Сенің әрекетің қандай?Ашуланбай көмек бере аласың ба? Шақырылған қонақтар сіздер оқушыларымыздың пікірлерін тыңдадыңыздар.Ал,сіздердің ой пікірлерін қалай? Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде сіздерді құрметтеп жүр ме? Ой пікірлеріңізді тыңдадық.Ойландық..Ой түйдік.Пікірлеріңізге рахмет! Бексұлтан: Аппақ шашын күн сайын қылаңдаған, Зеәнет емес бейнеттен арылмаған. Тәңірімдей табынып өтем мәңгі, Қариялар өзіңді ел сыйлаған. Ән:"Қариялар азайып бара жатыр" Батырова Карина Ел мүддесін бәрінен биік қоятын,өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын,ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып,бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше,олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бғрі қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын,тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі-үлкенді сыйлау,оның сөзіне құлақ асу.Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы,сөзі берекелі,ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Мерекеңіз құтты болсын ата-апа! Көкіректен жыр төгілмей жата ма? Зейнетіне жетіңіздер өмірдің, Кенеліп бір ілтипатты батаға. Әсем кештің ажары Әсем бисіз кіре ме? Көз тартатын арулар Мың бұрала билейді деп,қыздардың орындауында қазақ биін тамашалаңыздар. Әсел:Өн бойың тұнған ақыл,ұлағат Ешкімге жасамайтын қиянат Жайлап қана ақылменен түзейсің Болып қалса ұғына алмай бір сағат Жадыраймын жадырайын Көңілденіп күлейін Жанар ма деп талабым Аталардың ақылдарын тыңдаймыз. Көрініс:"Ата мен немере" Бексұлтан:Арманым едің аңсаған Әке сен бақыт мен саған Ұрпағым болып жалғадым. Қуаныш әке сен маған. Көркем сөз "әке-ана арманы" Қайратова Гүлдана Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар! Әр күлгенің бізге бақыт саналар Еңбегінді еш етпейтін өмірде Елің жұртың ұл мен қызың бағалар Ана мейір күн көзімен пара---пар Тұла бойға қуат болып таралар Өміріме шуақ шашып әрқашан Көп жасаңдар аталар мен аналар. Ән: "Мама" Сұлтанова Қ,Өтешова А Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып, Қуат кетіп бара жатыр қартайып. Отбасында,бала-шаға қасында Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып. Көңіл жетім болмаған соң сыңары Жас баладай жаутаңдаған жанары Қайта-қайта қарағың кеп тұрады Қағыс естіп қалбақтайды баладай Ата-әже үлкендерді құрметтеп, Оқушылар биден шашу шашайық Би:Мектеп вальсі Әсел:Абырой амандығың арта берсін Бақ дәулет қызығымен қатар берсін Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін Тыныштық елімізге бере берсін Молшылық жерімізге ене берсін Соғыстан ел жұртымыз аман болып Қызығын бейбіт өмір көре берсін Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін Тап-таза абыройлы болғаныңды Қазіргі ел билеген жастар көрсін деп тілек тілеп бүгінгі кещімізді аяқтаймыз.Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймын.Сіздердің баталарыңыздан біз қуат аламыз. Осымен кешіміз таман.Қорытынды сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдашева Маназилия Темірболатқызына береміз. Келесі кездескенше,күн нұрлы болғай.Қош сау болыңыздар.

Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/18550/


Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет