Диагностикалық лапароскопия:
Бауыр, өт қабы, сальник, ішек ілмегі — көрінетін өзгерістер жоқ. Жатыр көлемінен сәл ұлғайған, жатыр түтігі мен оң аналық без өзгермеген. Сол аналық без диаметрі 8 см түзіліспен қамтылған, ақ- сұр түсті, аналық без тіні анықталмайды. Кіші жамбаста 100 мл мөлдір ашық сұйықтық анықталады. Аналық без биопсиясы жасалды және зерттеуге сұйықтық алынды.
Биопсияның гистологиялық қорытындысы:
Қатерлі емес гранулезді клеткалық ісік.
Ситуациялық есеп №21
Сіз перзентхананың қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге жүкті әйел келіп түсті, босанудың (23 сағ.дейін)созылуы бойынша аудан перзентханасынан клиникаға ауыстырылды . Қағанақ суы -2 сағат бұрын кеткен, жатырдың толың ашылуымен, содан кейін әлсіз, қысқа, аз қайталанатын күшенулер пайда болды. Басының жылжыуы баяулады, күшенулер тағы әлсізденді.
Тапсырма:
Пациентке сұрау жүргізіңіз.
Диагноз қойыңыз.
Ажырату диагностикасын жүргізіңіз.
Жүргізу тәсілін анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |