Сіз гинекология бөлімшесінің қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге әйел ішінің төменгі сол жақ бөлігінің төмен тартып ауырсынуына, жалпы әлсіздікке, дене қызуының 38С дейін жоғарылауына, қалтырауға ш
Сіз гинекология бөлімшесінің қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге әйел ішінің төменгі сол жақ бөлігінің төмен тартып ауырсынуына, жалпы әлсіздікке, дене қызуының 38С дейін жоғарылауына, қалтырауға шағымданып келді.
Тапсырма: Науқасқа сұрақтарыңызды қойыңыз.
Диагноз қойыңыз.
Дифференциалды диагностика жүргізіңіз.
Жүргізу тактикасын анықтаңыз.
Емтихан тапсырушыға арналған кезеңдер
№
Қадамдарды бағалау критериі
Уақыт (сек)
Баллмен бағалау
Дұрыс орындады
Ескертулермен орындады
орындамады
1.
Пациентті үстелге шақырыңыз, өзара сәлемдескен соң анамнез жинауды бастаңыз.
15
5
2,5
0
2.
Шағымдарының болуын анықтаңыз, қосымша сұрақтар қою арқылы шағымдардың пайда болуын анықтайтын себептерге жататын, олардың пайда болуына алып келген жағдайларды көрсететін аурудың негізгі симптомдарын анықтаңыз.
180
10
5
0
3.
Анамнезді жинаған соң сізге парақта көрсетілген объективті тексеру мәліметтерін қараңыз, алдын ала диагноз қойыңыз және оны пациентке түсіндіріп негіздеңіз
60
20
10
0
4.
Анализдердің қандай және не үшін алу керектігін пациентке түсіндіріңіз
15
10
5
0
5.
Әңгімелесу кезінде пациенттің физикалық және эмоционалды комфорттық жағдайына қол жеткізіңіз.
40
10
5
0
6.
Сізге парақта көрсетілген лабораторлық анализдердің нәтижелерін интерпретациялаңыз, пациентке түсіндіріңіз
40
10
5
0
7.
Пациентке қорытынды диагнозды құрастырыңыз және негіздеңіз
30
10
5
0
8.
Ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын қысқаша жүргізіңіз, науқасқа түсіндіре отырып ол ауруларды алып тастаңыз
120
10
5
0
9.
Науқасты ауру туралы, емдеу нұсқаулары туралы компетентті ақпараттандырыңыз. Бұл патологияны, немесе жүктілік пен босануды ары қарайғы жүргізу әдісін дұрыс анықтаңыз және негіздеңіз.
100
20
10
0
БАРЛЫҒЫ:
600
100
50
0
Емтихан тапсырушыға қосымша ақпарат:
Объективті: Жағдайы қанағаттандырарлық. Тері жабындылары қалыпты түсте, көзге көрінетін шырышты қабаттары таза. АҚ 100/60 мм с.б.б. Пульсі 68 рет минутына. Тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Cor: тондары ашық, ырғақты. Тілі таза. Іші жұмсақ, пальпация кезінде ауру сезімі төменгі бөлімдерде, сол жақта көбірек. ЩеткинБлюмберг симптомы теріс. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Соғу белгісі екі жақтан да теріс. Физиологиялық шығарымдары қалыпты.
Гинекологиялық статусы: Қарау: сыртқы жыныс ағзалары дұрыс дамыған, түктенуі әйел типтес. Уретра, парауретральные жолдар, бартолин бездері ерекшеліксіз.
OS: Қынап пен жатыр мойнының шырышты қабаты таза, бөлінділербели.
PV: жатыр мойны цилиндр тәрізді. Жатыр дұрыс қалыпта, мөлшерлері қалыпты, тығыз, қозғалмалы. Жатыр қосалқылары сол жақта ұлғайған, ауру сезімді, сол жақтан пальпацияланбайды. Күмбездері бос, терең.