Маша. – Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)
Аю. - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)
Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!
(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)
Жүргізуші. Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік... (деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады)
Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.
Ойын «Жаңажылдық сайыс»
Қалпаққа бір-бір сөзден жазылған кішкентай қағаздар салынады. Мысалы, шырша, мұз, қар, Аяз Ата, тб. Әрбір ойыншы кезекпен қағазды алып, сонда жазылған сөз кездесетін өлең не ән айтуы керек.
Жүргізуші: (шыршаға қарап)
Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі - түсті ойыншық
Шыршада көз тартады.
- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.
Бәрі. Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді)
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші: Көп рахмет Ақшақар, 4 «ғ» сыныбы ұлдары дайындаған биді тамашалаңыздар. Ортаға шақырамыз!
Би Флэшмоб «ұлдар»
Ортаға қоян шығады.
Қоян - Мұрагер
Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.
Достарыңызбен бөлісу: |